Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдау эпиедмиологиялық ахуалға байланысты қабылданған шектеу шараларына байланысты онлайн режимде өтті.
Қабылдауға алдын ала жазылған аудан тұрғындары мұқтаждықтары және өздерін толғандырып жүрген бірқатар мәселелерді аудан басшысына жеткізді. Қабылдауға жазылған тұрғындардың дені негізінен жайылым жердің аздығы, ағын су, инфрақұрылым жүйелерін жақсарту туралы мәселелерді сөз етті.
Аудан басшысы әрбір азаматтың мәселелерін жеке әрі мұқият тыңдап, олар тарапынан жолданған сұрақтарға заң аясында жауап берді. Бірқатар мәселелерді алдағы уақытта зерделеп, қосымша хабардар етілетіні азаматтарға түсіндірілді. Сала бойынша аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларына тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырмалар беріліп, оның орындалуын өзінің бақылауында болатынын атап өтті.
Есеріңізге сала кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауына тұрғындар әкімдік ғимаратына келмей-ақ +77003250563 телефонына қоңырау шалу арқылы алдын-ала жазыла алады.