Келес ауданында «Ashyq» қосымшасын пайдаланбаған сауда үйлері мен сауда орталықтарының жұмысына шектеу қойылады. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты аудан әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен өткен штаб отырысында ауданның бас санитарлық дәрігері Спандияр Оразымбетов бизнес нысандардың жұмысына қатысты осындай талап қойылатынын айтты.
Штаб отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, мобильді топтардың жетекшілері мен аудан аумағындағы сауда үйлері және базар басшылары қатысты. Басқосуда сауда және ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, дәмханалар мен мейрамханалардың жұмысына байланысты қабылданған ережелер айтылып, мобильді топтардың жұмысы талқыланды.
Аудан әкімі Ақментай Есбаев: «Төрткүл дүниені дүрбелеңге салған коронавирус індеті күн санап өршіп барады. Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін сақтық шараларын қатаң ұстану қажет. Өйткені індет адам таңдамайды, ұлт талғамайды. Той-отбасының қуанышы дегенімізбен бүгінгі таңда қатерлі дерттің қармағына ілігіп жатқандардың 70 проценті адам көп шоғырланаған осындай мерекелерге қатысқандар. Сондықтан отбасылық жиындар, думанды басқосуларды болдырмауға мейілінше күш салуымыз керек және бұл талаптың орындалауын қамтамасыз ету үшін барлық азаматтар бірлесе жұмыс атқаруы тиіс» деп жиынды қорытындылады.
Leave a Reply