«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Шымкенттегі Қаратау ауданында 26 балалар ойын алаңшасы халық игілігіне берілді. Оның көбі «Тұран» шағын ауданында орналасқан, есеп бойынша 20 үй ауласына 9 алаңша орнатылып отыр.
Бұдан бөлек «Нұрсәт» тұрғын алабындағы 6 үй ауласына 3, «Ақжайық» шағын ауданындағы 11 үй ауласына 5, «Асар» шағын ауданындағы 7 үй ауласына 3, «Шымсити» шағын ауданындағы 10 үй ауласына 4, «NewCity» тұрғы үй кешеніне 1, «Асар-2» шағын ауданындағы Жезкиік көшесі аумағына 1 алаңшалар салынды.
Бағдарлама шеңберінде бірқатар ілкімді істер атқырылып, халық тарапынан сенім нығайды. Осы ретте Қаратау аудандық әкімдігі 2023 жылы аудан аумағында тұрғындар ұсынысын ескере отырып, тағы 62 жобаны жүзеге асырмақ.
Еске сала кетейік, бағдарламаның талаптарына сәйкес екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі жанындағы «сараптамалық кеңеске» ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі арқылы аталған бағдарламамен жүзеге асырылатын болады.
Жалпы «Халық қатысатын бюджет» — қоғамның қатысуымен әзірленіп, енгізілетін бюджет. Мұның тиімділігі зор. Осы арқылы шаһар тұрғындары қалада болып жатқан әрбір өзгерістерді бақылауда ұстап, өз ұсыныстары мен пікірін білдіре алады. Ал әкімдік тұрғындардың ұсынысы негізінде проблемаларды шешуге және тиімді жобаларды жүзеге асыруға атсалысады.
Жалпы, абаттандыру, ойын алаңшаларын салу жұмыстары 2021 жылдан бері тұрғындардың ұсынысымен «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылып келеді. Еңбекші ауданының өзінде биыл жоба аясында аулаларды абаттандыру көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артып отыр. Жоспар бойынша 73 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру және жеке секторда 6 – кешенді балалар ойын алаңшасын салу керек еді. Бүгінде І-кезең бойынша 52 үй ауласы абаттандырылып, жеке секторда 6-балалар ойын алаңшасы құрылды.
Нәтижесінде 2020 жылы 10 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылса, 2021 жылы тұрғындардың ұсыныстары бойынша 5 үй ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары құрылды, ал биыл 16 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылуда, одан бөлек 3 ашық спорт алаңшасы қайта құрылды.
Қалған 25 көпқабатты үйдің ауласын 2025 жылға дейін қайта жаңғыртып, заманауи балалар ойын алаңшаларын құру жоспарда бар.
Қалған 25 көпқабатты үйдің ауласын 2025 жылға дейін қайта жаңғыртып, заманауи балалар ойын алаңшаларын құру жоспарда бар.
Leave a Reply