2023-02-09

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР КӨБЕЮДЕ

Spread the love
Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің іскерлік белсендігі тұрақты артып келеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаудың бірнеше түрі бар. Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарлама аясында 7,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, 3 592 жобаға қолдау көрсетілді.
Шымкент қаласында өткен жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несие сомасы 74,5 млрд. теңгені құрайтын 79 жобаға қолдау көрсетілді.  «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 81 жоба жүзеге асты.
Бұдан бөлек, қабылданған өңірлік «Іскер қала» бағдарламасы да оң нәтиже беруде. Биылғы 556,1 млн. теңгеге 62 жоба қаржыландырылды. Кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 1,3 млрд. теңгеге дейін 6 пайыздық несие берілуде. Жыл басынан бері 129 жобаға қолдау көрсетілді.
«Еңбек» бағдарламасымен 74 шағын несие, 784 грант берілген. «Бизнес-бастау» жобасы бойынша 2 095 адам оқытудан өтті. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 674,5 млн.теңгеге 65 шағын несие берілді. Бұл жылы шағын және орта бизнесті дамыту және қолдауға 15,6 млрд. теңге қарастырылып отыр, бұл қаражат «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде мынадай бағыттар бойынша іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, банк несиелерін субсидиялау және кепілдендіру – 2 000 жоба; мемлекеттік гранттарды ұсыну – 1 190 жоба.

Шымкент қаласының тоқыма кластерін қалпына келтіру жөніндегі Жол картасы аясында қосымша екі фабриканы іске қосу жоспарланған, бұл Қазақстанда өңделетін мақта көлемін 2 есеге арттыруды қамтамасыз етеді және 800 жаңа жұмыс орнын құрады.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, қалада белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандар саны 104 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 40,7 пайызға артты.  Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалалық мәслихат сессиясының ХХІІ кезекті отырысында баяндады.
Яндекс.Метрика