Әсем әуен алпыс екі тамырды идіретін құдіретті күш

       Әбу Наср әл – Фараби бабамыздың, яғни Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фарабидің қыпшақ даласынан шыққан ұлы ғалым, оның ішінде музыка теоретигі де болғаны тарихи ақиқат. Ол – саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарып композиторлық талантын да таныта білген өнер қайраткері. Оның әрі музыка, әрі физика, әрі математика хақында жазған тарихи үлкен туындысы – «Музыканың ұлы туындысы». Зерттеушілердің дәлелдеуінше, ғұлама ғалым өз кітабында музыка, акустика мәселелерін кең талдаған. Дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы туралы таңғажайып, ойлар толғаған. Және де музыканың тәжірибелік, теориялық негіздерін жасап, физикалық-математикалық заңдылықтардың белгілі бір музыкалық аспаптарда қалай жүзеге асатын жолдарын көрсетіп берген.
       Ол жас кезінде өзінің бір ұстазынан ән-күй туралы сұрайды. Ұстазы сырнай-керней әуенінің жын-шайтанның дауысы, ісі, ол адамдарды аздырып, күнәлі етіп, басқа жолға салады, шаруасынан қалдырады деп жауап қайтарады. Мұны естігеннен кейін музыканы (ән-күйді) қатты жақсы көретін Әбу Наср қолына күй аспабын алмайды, ән де айтпайды, ән-күйді де тыңдамайды. Сол сәттен бастап ол сыңарын, сырласын жоғалтқандай құлазыған күй кешеді. «Әсем ән мен күй адамның жанын жадыратып, жан дүниесіне мейірім шуағын құятын өнер емес пе?», — деп ойлаған әл-Фараби екінші ұстазына барып «Мұндай өнер қалайша сайтанның меншігі мен мазағы болады?», — деп сұрайды. Оған ол ұстазы былай деп жауап береді: «Әсем әуеннің қасиетті күші бар. Ғарыш пен ғаламның сыры осында тоғысқан. Одан жиренбе». Оған қанша ма шаттанса да әл-Фараби үлкен ұстазы Әбу Мәлік хазіреттің өзіне барып, ойын мазалаған сұраққа жауап таппақшы болады. 
       Әбу Мәлік хазірет әл-Фарабиге екі ұстазының да айтқан пікірінің дұрыс екенін айтып, жамандық пен жақсылықтың қашанда қатар жүретінін, егер де ән-күй шаруасынан айырып, басқа білім, ғылым, өнерден қол үздіртсе, оның өкініш, теріс жол екендігін айтып түсіндіреді. «Әсем әуен алпыс екі тамырды идіретін құдіретті күш. Оның адам баласын ессіз – түссіз билеп алуы мүмкін. Алғашқы ұстазың соны біліп, сені сақтандырып отыр. Екінші ұстазың құдіретті өнерді өлшеумен ұстауға үндейді. Солай жасасаң оның пайдасы аз емес екенін есіңе салады», — дейді. Әл-Фараби мұны естіп, үлкен ойға батады. 
  • Related Posts

    Ұлттық құндылықтарды қалай дәріптейміз: қоғам немесе ата-ана?

    ТӘРБИЕ «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең ұлыңды тәрбиеле» деген екен ежелгі философ Платон. Сол айтқандай, қазіргі қоғам алдында тұрған ең басты міндет – ұлттық болмысымызды сақтап қалатын…

    Қазақстанда ақылы түрде киік аулауға рұқсат берілуі мүмкін

    Қазақстанда киік санын реттеу мәселесі қазан айында шешіледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.    «Бұл мәселе бойынша әлі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика