Олар оны бір мезет кешіктіре де, ілгерілете де алмайды»,–дейді қасиетті Құранда («Ағраф» сүресі, 34-аят). Уақыт бізден бұрын жаратылған дүние. Құран Кәрімде: «Адамның адамдық деңгейіне жеткенше қаншама уақыт өтеді десеңші?» («Инсан» сүресі, 1-аят) – деген аят бар. Бұл аят адам баласы жаралмай тұрған бір кезеңнің болғандығын айтады. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жеткен бір хадисте: «Адамдардың көбі – денсаулық пен уақыт нығметінің қадірін білмейді»,-делінген.
Хакім Абай атамыздың 15-қара сөзінің соңы мына сөздермен аяқталады: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, бол-маса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзің-нен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?..»
Сіз өзіңізді қаншалықты жақсы білесіз? Басқаларға сын айтып, оларды сырттай бағалап, біреулерге ақыл-кеңес беріп «мұршасыз» жүрсек те біз өз «Менімізбен» кеңесуге көп көңіл бөле бермейміз. Осы бір шағын ескертуді оқу барысында Сізге төмендегі сұрақтарды өз-өзіңізге шын пейіліңізбен қоя біліңіз дегім келеді. Кейбір сұрақтар Сізді таң қалдыруы да мүмкін.
Мен кіммін?
-Мен қандай нақтылы жетістіктеріммен мақтана аламын?
-Мен өз өмірімдегі қандай нәрсеге өте ризамын?
-Мен өзіме және өміріме қандай баға қоямын?
-Мен өзімді жақсы көремін бе?
-Бүгін өзімді қайтсем бұрыңғыдан да жақсы көруге болады?
-Менің жетуге мақсат еткен басты арманым не?
— Өзіме де басқаларға да ең ұнамды да жақсы болу деп мен үшін қандай болуды айтамын?
-Маған өмір сүретін бір жыл ғана уақытың қалды десе не істеп үлгеруім керек?
— Осыдан үш жыл бұрыңғы өзіме қандай ақыл-кеңес берер едім?
-Менің көңілімде бүгінгі күнге дейін ұмытыл-май, кешіре алмай жүрген түйткілді нәрселер бар ма? Қазір оларды ұмытатын уақыт болды ма?
— Қазір қандай іспен айналысып менің қолым тимей жатыр? Бұл істеп жатқан ісімнің 1 жыл, 5 жыл, 10 жылдан кейінгі өміріме қандай пайдасы бар?
-Мен қандай мүмкіндіктерді күтіп жүрмін? Ол мүмкіндіктерді өз қолыммен қалай жасауға болады?
-Менің ең басты мақсатым не? Оған жетуіме не кедергі болуда?
-Уақыттың да, қаражаттың да ешбір шектеуі жоқ болса мен не істер едім?
-Менің армандаған шыңыма бүгінде қол жеткізген кім? Ол адамнан не үйренуге болады? Мен қайтсем, не істесем сол адамдай бола аламын?
-Менде қазір бір миллион долларым болса онымен не істер едім?
-Менің арманымдағы жұмысым мен үйім қандай? Менің арманымдағы өмір қандай? Солай өмір сүру үшін бүгіннен бастап не істеуге болады?
-Мен неден қатты қорқамын?
-Қандай кішкентай ғана нәрсе істеу арқылы мен күні бойы бақытты, қуанышты бола аламын?
-Менде кері тартып тұратын әдет, қалыптасқан пікір, наным-сенім бар ма? Егер ондайлар болса оларды «босатып қоя беретін» уақытым келген жоқ па?
-Мен дәл не мақсат үшін өмір сүріп жүрмін?
-Бүгін, дәл қазір қандай іс бастасам менің өмірім мағыналы бола бастайды?
-Маған не нәрсе ең көп жігер беріп, ынтамды арттырады?
-Менің ең көп уақытымды бірге өткізетін 5 адам кімдер?
-Олар маған жақсы жақтарымен әсер ете ме? Немесе?
-Мен кім туралы, не туралы ойлағанымда қатты қуанамын және жігерленемін?
-Менің армандаған аруым (ақбоз атты ханзадаң) қандай?
-Мен үшін бүгінгі ең қажетті адамдар кімдер? Мен оларға жеткілікті көңіл бөле алып жүрмін бе?
-Мен ешбір пайдасыз қандай нәрселерге көп назар аударамын?
-Бұл сауалдардан кейін Менің өзгеріс жасағым келген бір нәрсе не… Ол не?
Сіздің алдағы өміріңізбен қызметіңізге табыс тілеймін!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.
Leave a Reply