tories/181260865.jpg» border=»0″ width=»362″ height=»207″ align=»left» />
Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.
Ландшафтық биотүрлілікті, тірі ағзалардың гендік қорын сақтауға, табиғи ресурстарды көбейтуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, рекреацияны, экологиялық туризммен экологиялық ағартуды дамытуға шақыратын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар биологиялық әртүрлілікті сақтауда маңызды орынды иеленеді. Осындай ЕҚТА бірі – КМҰТП.
КМҰТП Шығыс Қазақстан облысы Қатынқарағай әкімшілік ауданының шекарасының Орталық Алтай мен Оңтүстік Алтай физико-географиялық провинциясында орналасқан.
Қазақстан Республикасының Табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетімен 2001 жылдың 17 шілдесінде жарық көрген Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қатынқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру туралы» №970 қаулысының жобасы дайындалды. Бұл күн Қатынқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туған күні болып саналады.
Қатынқарағай ауданының аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақ (ұлттық парк) құру идеясы, сонау 80 жылдардың соңына қарай геологиялық түсіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде тантал мен литий кен орындарының Ақ-Алахиндік тобы ашылған кезде туындаған.
Қазақстан Республикасы зиялы қауымының алдыңғы қатарлы өкілдері 90 жылдардың соңында газет беттеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентіне қылқан жапырақтылардың бақылаусыз кесіліп жатқандығы және олардың облыс пен республикадан тыс жерлерге тасылуына байланысты, Қатынқарағай ауданында ерекше қорғалатын табиғи аймақ құру (ЕҚТА) қажет екендігі туралы өз пікірлерін әлденеше рет жеткізді.
Бұл аймақтың табиғат кешендерінің антропогендік әсерге көп шалынбай, жақсы сақталуы дәл осы жерде ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың алғы шарты болып табылды. Сонымен қатар бұл жерде биологиялық әртүрлілік пен генетикалық ресурстардың жоғарғы деңгейде сақталғандығы байқалады. Мұнда Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының (ХТҚО) және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың мекен ету ортасы бар.
Табиғи және тарихи-мәдени объектілердің көп болуы, сонымен бірге өзге де Ресей, Монғолия және Қытайдың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының шекаралас орналасуы аумақтың рекреациялық әлеуетін жоғарылатады. Осының барлығы Қатынқарағай ауданында ұлттық табиғи паркті құрудың алғышарты болды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 1998 жылғы 18 маусымдағы «Қатынқарағай табиғи паркін ұйымдастыру туралы» өкімі Қатынқарағай мемлекеттік ұлттық паркін құру идеясын жүзеге асырудың алғашқы қадамы болып табылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ЕҚТА құруға арналған құжаттамалық негізді дайындау паркті құрудың келесі қадамы болды. Ұлттық парктің бастапқы жоспарланған ауданы 436,7 мың га құрады. Оның құрамына ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Берел мемлекеттік мекемесі және Шыңғыстай орманшылығы ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қатынқарағай мемлекеттік мекемесінің барлық аумағы енгізілді.
Бірақ Қазақстан Республикасының ғылыми және шығармашылық зиялы қауымы бастапқы шекаралары мен ерекше қорғалатын табиғи аумаққа ұсынылған мәртебені қолдамады. Ғалымдардың пікірі бойынша көрсетілген шекараларда жергілікті маңызы бар паркті құру қазақстандық Алтайдың ұлттық және халықаралық мәнділігіне сәйкес келмеді.
Өлкенің теңдесі жоқ бірегей табиғатын сақтау, аймақтың экономикасы мен шаруашылығын қайта жаңғыртуды қажетсіну, дәстүрлі ұлттық қолөнерді және ұлттық мәдениетті дамыту бойынша мәселелерді шешу қажеттілігі, оның аумағының қашықтығына және жету қиындығына қарамастан, Қатынқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құрудың негізі болып табылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2003 жылдың 3 шілдесінде Қатынқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құрғаны үшін Жабайы Табиғаттың Бүкіләлемдік Қоры «Жерге сый» сертификатын табыстады. Бұл мемлекеттің және біздің ғаламшардың биологиялық әртүрлілігін сақтау қызметінде ЕҚТА желісін құру және кеңейтуге қатысты қазақстандық саясат бағытының дұрыстығын дәлелдейді.
Жоғарыда аталғандай, ұлттық парк жұмысының мақсаты — ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық құндылыққа ие Оңтүстік Алтайдың бірегей табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру. Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:
— ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи — қорықтық қорды, биологиялық әртүрлілікті, бірегей табиғи және тарихи — мәдени кешендер мен объектілерді сақтау;
— табиғи жағдайда табиғат үрдістерінің дамуына зерттеу және экологиялық мониторинг жүргізу;
— ғылымды, мәдениетті, ағартуды және білімді дамыту мақсатында ұлттық парк аумағын мақсатты және оңтайлы пайдалану;
— ғылыми ұйымдардың ұсыныстарының негізінде бұзылған табиғи және тарихи – мәдени кешендерді және объектілерді қалпына келтіру;
— халықтың экологиялық түсінігін жетілдіруді ұйымдастыру, мектеп оқушылары мен студенттерге арналған танымдық серуендер мен сабақтар, өндірістік іс-тәжірибелер өткізу;
— экологиялық туризмді, рекреацияны, шектеулі шаруашылық қызметтерді осы мақсаттарға арналған аймақтарда ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Климаты
Тау бедерінің күрделі болып келуі климаттық жағдайға әсерін тигізбей қоймайды, тау баурайынан шыңына қарай жоғарылаған сайын климаттың қатты өзгеруі байқалады. Алдымен температуралық режим өзгереді, таудың үстіне көтерілген сайын төмендей түседі. Таудағы климат беткейлердің экспозициясына, сонымен қатар мұздықтардың орналасу жақындығына байланысты өзгереді. Аймақтың климаты шұғыл континентті, жыл маусымдары кезіндегідей, тәулік ішінде де температураның ауытқуы жоғары. Қысы ұзақ, әрі суық. Жаздың ыстық күні суық түнмен ауысады. Жауын-шашын мөлшері жыл маусымдарында тең түспейді. Ылғалдың көп мөлшері жаз айларына (маусым-шілде) келеді, жауын-шашынның таралуының минимумы қаңтар-ақпан айларына тән. Жыл маусымының жылы айларында жауын-шашынның көптеп түсуі, ауа ылғалдығының жоғарылауын туғызып, биік таулы аймақтың өсімдік жамылғысына қолайлы әсер етеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 423 мм. Абсолютті максимум +34 0 С және абсолютті минимум -44 0С болған кездегі ауаның жылдық орташа температурасы +1,6 0 С құрайды. Қараша айының басында қар жамылғысы тұрақтанып, сәуір айының басында не ортасында ери бастайды. Шығыс, оңтүстік — шығыс бағыттағы желдер басым келеді. Және қатаң континентальды ауа-райының басым болуына әсерін тигізеді. Алтай тау жүйесі толығымен моңғолдық дала, шөлейт және континентальды Батыс Сібір ауа-райының түйіскенін көрсетеді. Жер бедерінің түрлі пішінде болуы, мұздықтардың әсері, температураның қатты өзгеруі, ылғалдық және басқа да ауа-райы жағдайлары ауаның күрделі айналымы мен инверсионды әсерлерінен жергілікті ауа-райының құбылмалы өзгерісте болуына әкеледі. Жазықтық жерлерде мұндай көрсеткіштер жүздеген, ал кейде тіпті мыңдаған шақырым қашықтыққа сәйкес болар еді. Жылдық жауын-шашын мөлшері әр ауданда 600-ден 1800 мм аралығында ауытқиды. Олар шілдеде көп, тамызда өте аз түседі.
Батыс аймақтық ауа алмасуы нәтижесінде түсетін жауын-шашынның көп мөлшері едәуір ылғал қоры, күрделі әрі тармақты өзен жүйесі болуына жағдай жасайды. Бақ жерінің көп бөлігін Бұқтырма өзенінің алабы алып жатыр, ол бақ шекарасында 200 шақырымға созылып ағады (жалпы ұзындығы 405 шақырым).
Бақтың оңтүстік бөлігін Қара-Қаба өзені алабы алып жатыр, ол Қара Ертістің оң жағалаулық арнасы. Листвяга жотасының солтүстік беткейлерінде Қатын өзенінің арнасы Тихая өзенінің жоғарғы ағысы орналасқан. Барлық өзендер кәдімгі тау өзендері және ағыстары өзіндік ерекше. Жаздың бірінші жартысында олардың суы өте көп, ал қыста кемшін. Мұздықтарға жақын жерде тәулік ішінде су деңгейі қатты өзгеріп отырады: таңертең өзеннен шәркеймен аяғынды су қылмай өтуге болады, ал кешке қарай осы жерден мұздықтан шыққан тасқынды ағыстан тіпті арғы бетке өту туралы ой да болмайды. Барлық өзендердің жоғарғы ағысы өте биіктен сарқырап ағады, сондықтан ағыс жылдамдығы да жоғары болып келеді. Үлкен Көккөл өзені сайында сұлулығы мен көлемі жағынан керемет Көккөл сарқырамасы бар. Мұнда кең су арнасы 80 м биіктіктен құлайды, сөйтіп, үлкен тастары көп сайға қатты шумен шығады және бірнеше тарамдарға бөлінеді. Басқа өзендер- Язевка, Арасан, Қара Берел мен Рахман көлдерінің сарқырама тармақтары өте әдемі.
Жануарлар мен өсімдіктер әлемі.
Ұлттық парктің фаунасы әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда сүтқоректілердің 68, құстардың 277, қосмекенділердің 3, бауырмен жорғалаушылардың 6, сүйекті балықтардың 9 түрі және қоңыздар, көбелектер, инеліктер, өрмекші тәрізділер кіретін омыртқасыздардың 10 мыңнан астам түрі кездеседі. Ұлттық парктің аумағында мекен ететін тұяқтылардың 5 түрі: марал, бұғы, елік, күдір, арқар бар. Орманнан қоңыр аюды, бұлғынды, қасқыр мен түлкіні кездестіруге болады. Сүтқоректілердің ең көп тобы — кеміргіштер. Бұлар суыр, тиін, борша тышқан және тоғай мекендеушілері — тышқандар мен тоқалтістер. Тайгада құстардан меңіреу құр мен шіл мекендейді. Шыршалы орман белдеуінде тайга зонасының тұрақты мекендеушісі самырсын құсы ұялайды. Кішігірім бұталардың, қалың өскен шөптердің арасында сары торғай, сандуғаш, сарықас торғайлар ұя салады. Су қоймаларының жағалауларынан қоңыр үйрек, сарыайдар үйрек, шүрегейді кездестіруге болады.
Ұлттық парктің омыртқалыларының арасында қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар кішігірім топты құрайды. Қосмекенділердің ішінде сүйір тұмсық бақа жиі, ал сұр және жасыл құрбақалар сирек кездеседі. Бауырмен жорғалаушылардың мынадай өкілдері бар: секіргіш және тірі туатын кесіртке, өрнекті әбжылан, кәдімгі сұр жылан.
Парк аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жан-жануарлардың көптеген түрі мекен етеді. Бұл сүтқоректілердің төрт түрі: қар барысы, Алтай арқары, тас сусары және Иконник жарқанаты; құстардың отыз түрі, олардың ішінде: дентұмсық тұрпан, лашын, ителгі, балықшы тұйғын, бүркіт, қарақұс, үкі, сұр тырна, ақбас тырна, алтай ұлары; балықтың бір түрі — таймен (қызыл балық) ; омыртқасыздардың ішінде жәндіктердің екі түрі — Михайлов барылдауық қоңызы және керемет барылдауық қоңыз, және де былқылдақденелілердің екі түрі – монахоидес акулеатасы және Теель гастрокоптасы.
Ұлттық парктің флоралық құрамы өте бай, онда жоғарғы сатылы өсімдіктердің 2000 түрінен астамы, мүктер, қыналар, саңырауқұлақтар бар. Шөптесін өсімдіктердің арасында реликтілер көптеп кездеседі: алтай желайдары, сібір ушырмауығы, тәтті жапырақты таспа, алтай қоңыроты.
Қорғауды қажет ететін өсімдіктердің сирек түрі ерекше құндылыққа ие, ал олардың кейбір түрлері (30 түрінен астамы) жоғалу шегінде тұрғандықтан, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Бұлар қар дәуаяғы, алтай рауғашы, алтай, сібір қандығы, ала күлтелі қызғалдақ, ірі гүлді және кәдімгі шолпанкебістер, алтай суықшөбі, таңдамалы плаун, алтай торсылдағы, дала шұғылығы, қызғылт семізот, марал түбірі, алтай қасқыржидегі.
Ұлттық парктің негізгі игілігі — бұл тауларды жасыл алқамен көмкеретін, климатты жұмсартып, реттейтін ормандар. Олар топырақты қорғаушы және суды реттеуші рөлді атқарады. Жалаңаш таулардың қия беткейлерін эрозиядан сақтайтын ормандар Бұқтырма өзеніне құятын талай бұлақтардың көзі болып табылады. Парктің аумағы орман ресурстарына бай аймақта орналасқан. Бұл жердің ормандары шаруашылық қызметтен болмашы өзгерген және орман өрттеріне көп шалынбаған.
Тау ормандары теңіз деңгейінен 2200 м — 3200 м дейінгі биіктікте таралған. Олар аңдар мен құстарға мекен болып, қоректендіреді. Бұл мәңгі жасыл балқарағай, шырша және самырсын, сонымен қатар өзінің қылқан жапырақтарынан қыста арылып, көктем келісімен ұлпа да балауса қылқан жапырақтармен көмкерілетін қарағай. Жалпақ жапырақтылардан тау өзендері мен бұлақтарының жайылмасындағы батпақты жерлерді алып жататын қайың, терек, көктерек және талдардың әр түрлері кездеседі. Бұталардың 50 астам түрі бар: таңқурай, қарақат, итмұрын, тобылғы, тал, бұта қайың және тағы басқалары.
Ұлттық парктің аумағында мынадай табиғи және мәдени ескерткіштер орналасқан: Мұзтау, Язевое көлі (Қаракөл), Көккөл сарқырамасы, Язевое сарқырамасы, Арасан сарқырамасы, Рахман көздері, Көккөл кеніші, Берел қорғандары, Австрия жолдары, Жібек Жолының солтүстік тармағы.
Көккөл кеніші.
Көккөл кеніші –1938 жылы Көккөл асуында салынған, теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан, теңдесі жоқ тау-кен ескерткіші. Бұл ескерткішке мыналар кіреді: Көккөл кеніші (Жоғарғы Лагерь), Төменгі Лагерь, ауылдар арасындағы жол, Ақ Берел өзені арқылы өтетін көпір. Мұнда 1938 жылы вольфрам мен молибден өндіру, тұрғын үйлер және жұмысшы ауылын салу бойынша жұмыстар басталған болатын. Кеніштің өзінде, (Жоғарғы Лагерь немесе Көккөл Кеніші) асуында барақтар, кеңсе, клуб, қойма, ұстахана, байыту фабрикасы салынды. Батысқа қарай 8 км қашықтықта Көккөл сарқырамасы маңындағы орманды аймақта үйлері, ат ұстайтын ауласы, мектебі, наубайханасы және моншасы бар ауыл тұрғызылды.
Кеніш 1954 жылға дейін жұмыс істеді.
Берел қорымы.
Берел қорымы – әр түрлі өлшемдегі тас үйінділерінен түзілген жетпіске жуық қорғандардан тұрады. Олардан скифтік-сақтық дәуірдің (б.э.д. IV ғасыр) көшпелілер элитасының теңдесі жоқ олжалары табылды. Мәңгі тоңның арқасында бұзылмай сақталған мумияланған адам мен жылқылардың қалдықтары, аң стилінің жоғарғы дәстүрінде көркемделген жасау-жабдықтар ежелгі өркениеттің қайталанбас үлгілері болып табылады. Бұл қорғандардан көптеген заттар мен әшекейлер, ағашқа ойылып салынған суретті тақтайшалар, теріден жасалған маталар, өңделген жүн-жұрқа, қамыт-сайманды ат қалдықтары, түрлі заттары көп жерлеу бөлмесі табылған. Табылған заттардың басымы алтынмен апталған. Аттардан алтынмен көмкерілген ұзын мүйіз тәрізді әшекейлер табылды. Олжалар, соның ішінде органикалық материалдар өте жақсы сақталған. Ғалымдардың қолына көшпенділердің мәдениетін, қолөнерін және тарихын жақсы тануға мүмкіндік беретін баға жетпес ақпарат түсті. Сондай-ақ, ұлпаларды генетикалық талдаудан өткізу ерте кезеңдегі аңдар мен адамдардың бейнесін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қорғандарды ашу кезінде табылған олжалар әлемдік маңызға ие.
Орналасқан орны: Берел ауылы маңындағы Сахатушка өзенінің Бұқтырма өзеніне құяр жеріндегі Бұқтырма өзенінің аңғары.
Австриялық жол.
Австриялық жол – Теректі ауылы мен (бұрынғы Алексеевка ауылы), Ұранқай ауылын (Марқакөл көлі), Бұрқат асуын, Бұқтырма өзенінің аңғарын байланыстырады. Ұзақтығы 50 километрге жуық австриялық жол өзінің әсемдігімен әйгілі. Аймақтың дала (шөлді-дала) зонасындағы Теректі ауылынан басталған жол солтүстікке қарай ақ және сұр мәрмәрлі әк тастармен қатпарланған, Мәрмәр асуы арқылы өтеді. Бұл арадан Қытай Халық Республикасы жағында орналасқан Аққұм құмдарының ғажайып шағылдарының көрінісі ашылады. Бұдан әрі жол теңдесі жоқ Марқакөл көлі, Қара-Қаба тау өзенінің аңғары арқылы, Қатын жотасы мен Бұқтырма өзені аңғарының көрінісі ашылатын Бұрқат асуымен (2098 м) өтеді.
Атауы ресми болып табылмайтын жолдың австриялық деп аталу себебі, 1914 жылдан 1916 жылдар кезеңінде Бірінші Дүниежүзілік соғыстың австриялық (чех) тұтқындарының салғандығына байланысты.
Австриялық жол өзіндік ерекшелігімен тарихи құндылыққа ие, оның құрамына алқаға кіретін тәрізді “бағалы тастар” — табиғаттың бірегей ескерткіштері Мәрмәр асуы, Марқакөл көлі, Алатай және Бұрқат асулары, Қара-Қаба және Бұқтырма өзендерінің аңғары кіреді.
Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы.
Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы – Монғолия мен Қытайдың Орта Азиялық аймақтарын Ертіс маңы, батыс және оңтүстік әлеммен байланыстыратын ежелгі керуен жолы. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шегіндегі Аршаты ауылынан Үкөк асуына дейін созылып жатқан жол көркем табиғатымен ерекшеленеді. Жол бұл жерде асқақ, тау өзені Бұқтырманың бойымен өтеді. Теңіз деңгейінен шамамен 3800 метр биіктікке орналасқан Оңтүстік Алтай жоталарының қарлы шыңдары төнген аңғардың сол жақ ернеуі құлдилы және қылқан жапырақты ну орманды болып келген. Аңғардың оң жақ ернеуі қылқан жапырақты сирек орманды және шалғынды аласа таулардан құралған. Бұқтырмаға Шындығатай өзенінің құяр жерінен жоғары орналасқан биік таулы қарағайлы орман, биік таулы далалы және тундралы Үкөк үстіртіне ауысады.
Табиғат ескерткіштері
Мұзтау.
Мұзтау — Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының түйісуіндегі трансшекаралық объект болып табылады. Алтай тауларының қос шыңы кербез сұлу әрі тәкәппар ханшайымдай. Ол әлемдік мұхит деңгейінен 4506 метр биіктікте орналасқан. Бұл Алтай мен Сібірдің ең биік тауы, оның беткейлері мәңгі қарлармен және мұздықтармен көмкерілген. Мұзтау мұздықтарынан Ақ Берел және Қатын өзендері бастау алады.
Язевое көлі (Қаракөл).
Язевое (Қаракөл) Альпілік көлі өзінің мөлдірлігімен және тұнықтығымен ерекшеленеді. Бұлтсыз ашық күндері көл бетінен Мұзтаудың бейнесін көруге болады. Қаракөл Мұзтауға, Қатын өзенінің бастауына, Көккөл сарқырамасына, Көккөл кенішіне апаратын басты жолда орналасқан. Көлдің ауданы салыстырмалы түрде үлкен емес: 1,0х0,4 км. Айдын көлді қоршаған таулардың баурайы қылқан жапырақты орманды болып келсе, биіктеген сайын альпі шалғындығына ауысады. Көл өзінің атауы айтып тұрғандай, балығымен әйгілі. Оның төңірегінде маралдар мен аюлар көптеп кездеседі. Бұл аймақтағы аққайран мекендейтін жалғыз көл. Ол Қараайрық ауылынан солтүстікке қарай 12 км жерде орналасқан.
Көккөл сарқырамасы.
Көккөл — Көккөл өзеніндегі Алтай өңірінің ең ірі сарқырамасы.
Оны өзі аттас көлден ағып шығып, Ақ Берел өзеніне құятын кішігірім тау өзені түзеді. Көккөл өзенінің арнасы Ақ Берелмен қосылған жерінен 80 метрлік биіктіктен 60-70° еңістікпен, төмен құлайтын ені 10 метрден асатын су ағынының құлақ тұндырарлық гүрілі алыстан естіледі.
Оң және сол ернеулерінің қырлары мен жартастары арқылы су төмен құламай, жіңішке “жыландардай” ирелеңдей ағады. Жоғары биіктіктен құлаған су ұсақ тамшылар түзеді. Ашық күндері сарқырамадан жоғары көтерілген ұсақ су тамшылары кемпірқосақтың барлық түрлеріне боялады. Керемет, алып сарқырама, самырсынды және шыршалы ғажайып орманды шатқал, бұл өлкені теңдесі жоқ сұлулыққа бөлейді.
Көккөл сарқырамасы Рахман қайнары курортты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 23 км жерде орналасқан.
(Язевое) Қаракөл сарқырамасы.
Қараөткел сарқырамасы —Қараөткел өзеніндегі кішігірім тізбекті сарқырама.
Оны Ақ Берел өзенінің оң саласы Қараөткел өзені түзеді. Қараөткел көлінен 2 километр жердегі өзен, су ағынының көп ғасырлық жұмысының нәтижесінде тілімденген граниттердің жартасты массивтерімен ағады. Өзен арнасының кескіні әлі де өңделмеген. Ондағы сарқырамалар, баспалдақтар және сарқырамалық құйылымдар түзетін кішігірім кертпештер бірінен соң бірі кезектесе орналасқан. Жалпы алғанда, бұл арада шамамен 200 м қашықтық сайын бірін-бірі алмастыра кездесетін он шақты тізбек бар. Сарқырама өзі аттас көлден ағып шығатын Қараөткел өзенінен төмен қарай 2 шақырым, Қараайрық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан.
Арасан сарқырамасы
Арасан сарқырамасы – Арасан өзеніндегі алып, әрі әсем тізбекті сарқырама.
Оны Рахман көлінен ағып шығатын Арасан өзені түзеді. Ауыр су ағыны сарқырама тізбектерімен терең Берел шатқалына гүрілдей құлап, тақтатасты жартастар мен ірі қойтастардың арасынан сарқырай ағады. Тізбектің жоғарғы сатысы неғұрлым созылмалығымен, әрі биіктігімен айрықша әсерге бөлейді. Сарқыраманың бұл бөлігіндегі қатты су ағыны қия жартастан асып, төмен қарай атқылай, құлақ тұндырарлық дауыспен өкіре жартастарға соғылып, ақ көпіршіктер мен ұсақ тамшыларға айналады. Төменде,екі жағынан да тіктеме гранитті қабырғалармен қоршалған кең ауқымды тас алабына түскен су ағыны, тынышталып үлгерместен, құлама тәріздес екінші тізбекпен төменге қойып кетеді. Сарқыраманың бұл сатысындағы ағынның құлау биіктігі мен ені 6 метрге жуық. Тізбек судың көп ғасырлық жұмысының нәтижесінде түзілген терең қазаншұңқырмен аяқталады. Арасан өзенінің аңғары Рахман Қайнары курорттық ауылынан 6 шақырым төменде орналасқан.
Рахман көздері.
Минералды су көздері әсемдігі жөнінен қайталанбас, ғажайып Рахман көлі қазаншұңқырының солтүстік-шығыс жағалауында, Арасан өзені аңғарының оң жақ ернеуінде орналасқан. Рахман көздерінің суы түссіз, мөлдір, құрамында жүзінділері, бөтен дәмі жоқ, ішуге жағымды. Құрамында радоны бар сілтілі жер асты азотты- кремнийлі су көздері кремнийлі термальді, гидро-карбонатты-натрийлі түрге жатады. Әрбір бұлақтың температурасы 390 -тан 420 С дейін ауытқиды. Радонның түзілуін граниттің өте сирек минералдарында кездесетін радиоактивті элементтерінің ыдырауымен байланыстырады. Термальді суларды қозғалу мүшелерін, омыртқа, жүйке жүйесі және тері ауруларын емдеу үшін пайдаланады.
Семей
Семей — Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.
Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 шақырым. Дегелең тауында Евразия супер-құрлығының географиялық орталығы анықталған.
Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.
Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -45 – қа, жазда +45 –қа дейін жетеді.
Қала халқы 300 мың адамнан астам. Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.
Сурет. oskemen.kz
«Қызмет» ақпарат.
{jcomments on}
Leave a Reply