2024-07-27

Туристерді ең көп толғандыратын сұрақтар

tom: #e1e0e0 1pt solid; border-left: medium none; background: #f1f2f2; border-top: #d6d6d6 1.5pt solid; border-right: medium none; padding: 0cm;»>

tories/01/imagescabo9vy4.jpg» width=»270″ height=»123″ />Авиабилетті қандай мерзім ішінде қайтаруды жүзеге асыруға болады?

Авиакомпанияның емес, жолаушының кінәсінен билетті қайтарған кезде, билеттің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін қайтаруға болады. Жарамдылық мерзімін билетті сатып алып жатқанда білуге болады. Көп жағдайда белгілі бір мөлшерде айыппұл қарастырылған. Толығырақ Сіз өзіңіз қызметін пайдаланған компаниядан тікелей біле аласыз.

Болжанбаған жағдай туындап қалды, авиабилетті қайтаруды қалай жүзеге асыруға болады және ол үшін не қажет?

Билетті алдын ала сатып алғанда Сіз оның қайтарылуы рұқсат етілген бе және қандай жағдайларда рұқсат берілген, соларды білуге тырысқаныңыз жөн. Егер Сіз билетті қайтарғыңыз келсе, Сіз компанияның билетті қайтарып беретін кез келген кассасына төлқұжатпен баруыңыз қажет.

Сақтандыру соммасы деп нені атайды және ол қандай болады?
САҚТАНДЫРУ СОММАСЫ – көлеміне қарай қажетті көмек көрсетілетін ақша соммасы, ұсынылатын қызметтер тізімі ақшаның мөлшеріне тікелей байланысты; кейбір елдерде 30 000 USD доллардан кем емес қатаң бекітілген лимит бар.

tom: 15pt; background: #f1f2f2; padding: 0cm;» class=»MsoNormal»>«Фортуна» жүйесі туралы айтып беріңізші?
«ФОРТУНА» ЖҮЙЕСІ- турқызмет пакетін орналастыру үшін жеңілдікпен нақты қонақ үйді көрсетпей сату, оның атауы демалатын жерге келгенде ғана белгілі болады, бұл жүйе алдын ала анықталған санаттан төмен болмайтын қонақ үйге орналасуыңызға кепілдік береді; жалпы сұранысқа ие елдерге кең таралған (Түркия, Египет және басқалары)

tom: 15pt; background: #f1f2f2; padding: 0cm;» class=»MsoNormal»>«Арех»авиабилеттерін алдын ала сақтау туралы сұрақ?
Ұшуға 7 немесе одан да көп уақыт қалғанда билетті тапсырғанға айыппұл 50%, билет өте кеш тапсырылғанда ақшасы қайтарылмайды.

tom: 15pt; background: #f1f2f2; padding: 0cm;» class=»MsoNormal»>Шетелге шыққанда өзіңмен бірге қандай құжаттар алып жүру қажет?
Әлбетте,Сіздің шетелге шығуға арналған, жеке басыңызды куәландыратын (бар болған жағдайда визаңызды куәландыратын)жалпы азаматтық төлқұжатыңыз болуы керек. Міндетті түрде төлқұжаттың фотокөшірмесін жасап, оны негізгі түбірінен бөлек сақтаңыз. Сондай-ақ, кәдімгі азаматтық төлқұжатыңыздың фотокөшірмесін, оған қоса құжат мөлшеріндегі екі фото алып жүріңіз. Сіз құжаттарыңызды жоғалтып алған жағдайда төлқұжаттардың фотокөшірмесі мен фотосуреттер сізге өте қажет болады.

tom: 15pt; background: #f1f2f2; padding: 0cm;» class=»MsoNormal»>Топтама турлардан жеке турдың принциптік өзгешеліктері қандай?
Топтама турлар тур әуе қатынасының топтама тарифтері (көбінесе бұл чартер), қызмет көрсету, трансферлер және тұрғылықты орын құны негізінде операторлар жасаған туристік қызметтің дайын пакетін ұсынады. Түркия, Египет, Тунис, Испания, Болгария, Таиланд,Бали аралдары, Хорватия, БАӘ, сондай-ақ, автобустық, темір жол, Еуропа бойынша авиатурлар сияқты көпшілік туризмнің бағыты топтама бағамен сатылады. Ал жеке турда әуе қатынасы, трансферлер, тұрғылықты орын, қызмет көрсету нақты адамға (отбасы, екі-үш адамдық топ), оның қалауы мен қызығушылықтарына қарай таңдалып алынады.

tom: 15pt; background: #f1f2f2; padding: 0cm;» class=»MsoNormal»>Егер төлқұжатымның мерзімі бір айдан кейін аяқталатын жағдайда шетелге баруға бола ма?

tom: 15pt; background: #f1f2f2; padding: 0cm;» class=»MsoNormal»>Жалпы тәртіп бойынша шетелге шығу төлқұжаты жол сапар аяқталғаннан кейін біраз уақыт жарамды болуы тиіс. Сондықтан, шетелге шығу төлқұжатының жарамдылық мерзімі барған еліңізден оралғаннан кейін 90 күннен кем болмауы тиіс.

tom: 15pt; background: #f1f2f2; padding: 0cm;» class=»MsoNormal»>Айтыңызшы, турды қалай күні бұрын сақтауға және сатып алуға болады?
Ең бірінші өз бетіңізбен отель таңдап алуыңызға және сайт іздеуіші арқылы өзіңіз қалаған уақыттағы құнын қарауыңызға болады. Не болмаса, бірден турфирмаға қоңырау шалыңыз. Олар Сізге тұтынушылық шамаңыз, мүмкіндігіңіз бен қалауыңызға қарай тиімді турды таңдап бере алады.

Айтыңызшы, «tax-free» түбір тегі деген не? «tax-free» түбіртегі — бұл сізге тауар сатып алу кезінде берілетін құжат, сол бойынша сіз төленген ҚҚС кері қайтарып ала аласыз. Қосымша құн салығы tax-free түбіртегі жүйесі жұмыс істеп тұрған әрбір елде 6,5 тен 30 пайызға дейін болады. Бұл қаржыны үйіңізде, қазақстанда коммерциялық банк қызметі арқылы қайтарады.

«Қызмет» ақпарат

 

Яндекс.Метрика