2024-07-27

Мерекелік мәзір

       Қыс бізді әдетте бірінен соң бірі болатын мерекесімен қуантады. Жаңа жыл салтанаттары бітсе — ақпанда ғашықтар күні мен Отан қорғаушылар күні жалғасын табады… ал одан соң наурызға – Халықаралық әйелдер күніне дейін де алыс емес. Кез-келген мереке – бұл ең алдымен жаюлы тұрған дастархан. Әрине, мерекелік кешкі астың мол және дәмді болуын ғана емес, ас қорыту мен дене бітімімізге зиян келтірмегенін қалаймыз.

          Мөлшермен
       Сау мерекенің басты ережесі — тағамды да, ішімдікті де шамадан тыс тұтынбау. Қалайша артық жемеске, егер керемет дәм-ділер толып тұрса? Өте оңай: баяу тамақтаныңыз, аз ішіңіз. Жылдам тамақтану және дастархан басында тілектердің жиі айтылуы бізді мереке дастарханында шамамыздан тыс тамақтануға мәжбүрлейді. Әңгіме барысында уақыттың өткені байқалмайды, ауызға да тіскебасардың барғаны байқалмай қалады. Әсіресе тәрелкеңізде үнемі бірдеңе салулы болса. Мерекелік дастарханында артық кесектен бас тарту өте қиын.
       Егер біз мерекені өзіміз дайындайтын болсақ бұл мәселені басқа жолмен шешуге болады – тек пайдалы тағамдар дайындаңыз.
         Мәселесіз мереке
       Мерекеден нені қалайтыныңызды анықтап алыңыз: салдарсыз ішімдік ішу? Толысып кетпеу? Асқазан ауруына жол бермеу?         Барлығын бірге? 
       Бәрібір барлығы бір мезетте болмайды. Егер сіз салмақ пен асқазанға ауыртпашылық түсіргіңіз келмесе, онда ішімдік ұрттауды шектеуіңіз керек. Тағам тісбасарға айналған кезде ол жұғымдырақ болады (ішімдікпен бірге тағамның сіңуі өзгереді) және әдеттегіге қарағанда біршама көп тағам желінеді (ішімдік кәдімгі тойығу механизмдерін бұзады).
       Сондықтан, сау мерекелік мәзірдің бірінші ережесі: ішімдіктің аз болуы. Әсіресе өткір күші ішімдіктердің. Бірақ денсаулық үшін арасында 50 грамм жақсы коньяк ішу зиянды емес қой (қысымды жақсартады) немесе 250 грамм шарап ішуге де болады (ұлпалар трофикасын жақсартады). Газдалған сусындардан бас тартыңыз, ал егер ас қорыту жүйеңізде кемшілік болса сіз үшін неғұрлым қауіпі аз ішімдік құрамды сусын — арақ (асқазан шырынының тұтқыштығын азайтады). Бірақ 100 граммнан артық емес!
         Тату тағам

және т.б.), сонда сіздің дастархан біршама сауығып қалады.
       Етті, балықты немесе тауықты қуырудан гөрі бұқтыру керек, болмаса тіпті буда пісіріңіз. 
Барлық мерекелік ырысты қорыту үшін дастарханға көкөністерді молынан қоюға тырысыңыз. Өсімдік текті өнімдердің құрамында болатын жасұнық ас қорытуды жақсартады. Дәстүрлі ақтүйнек езбесінің орнына фасоль немесе көкөністермен күріш әзірлеңіз. Тіскебасар ретінде дастарханға қытырлақ, маринадталған «Бондюэль» қиярын қойыңыз.
         Тәттіге
       Мерекенің патшасы — десерт. Дәстүрлі майлы торттың орнына өз қонақтарыңызға 

жемістер қосылған балмұздақ және жеңіл сүзбе десерттерін ұсыныңыз. Байқап көріңіз, олардың ұлтабарлары сізге риза болады.
Мерекелік дастарханға арналған үздік жемістер — цитрустық (мандарин, апельсин, грейпфрут, помело). Олар С дәрумендеріне бай, ол тағам мен ішімдік әбден жәбірлеген ағза үшін өте қажет. 
       Сусындарды таңдай отырып тәтті газдамалардан бас тартыңыз. Минералды су тамақтану барысында шөлді керемет басады, компот немесе морс сергітеді, ал десертке лимон немесе итмұрынның тұндырмасы қосылған көк шай беріңіз.
       Есте сақтаңыз: барлығының өлшеулі болуы — денсаулық кепілі. Бақытты мереке тілейміз!

Яндекс.Метрика