tories/zodiak_oven1-300×225.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»zodiak_oven1-300×225″ style=»float: right;» />
Сізге бұған дейін де «асықпа, бірақ тездет» деп ескертілген жоқ па, ал сіз болсаңыз орын алған мәселелерді шеш-пей жатып, алдыңызға жаңадан мақсат қойғыңыз келеді. Сіз осы осының бәріне дайынсыз ба, ойланып көріңізші! Алдымен кезек күттірмейтін, кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды реттеп алыңыз, содан кейін барып, өміріңіздің барлық саласында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін барыңызды салсаңыз болады.
tories/1701350.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»1701350″ style=»float: right;» />
Сізге таптаурындылық, болып жатқан ахуалға жұрттың көңіліне қарап баға беру сияқты ұнамайтын әрекеттерден құтылудың керемет мүмкіндігі туып тұр. Сонда ғана өзіңізден еркіндік алудың не екенін түсінесіз. Жақын адамдарыңызды қаржылай, адами тұрғыдан тәуелді етіп ұстаудан бастап, оның өзіңізге еркіндік сыйлайтынын түйсінесіз. Бірақ, қоғаммен түсіністікпен өмір сүру керек екенін және әріптестіктің ортақ мүдде негізінде орнайтынын естен шығармаңыз. Барыңызды салыңыз, қажетіңізді аласыз.
tories/bliznec.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»bliznec» style=»float: right;» />
Бұл аптада сізді білуге деген құштарлық билейді. Көбірек көріп-білгіңіз, жолыңызда кездескен бейтаныс нәрселердің сырын ашқыңыз келеді. Күрделілеу кезең, десе де жағымды мүмкіндіктердің қуаты сізге аз ғана күш-жігер жұмсап, бәрі біткенде өзіңіз күткеннен де зор нәтижеге қол жеткізіп қуанасыз.
tories/rak2_590_315_jpg.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»rak2_590_315_jpg» style=»float: right;» />
Алдағы аптада қаржы жұмсау барысында мұқият болғаныңыз абзал. Әйтпесе, бар жиған-тергеніңіз зая кетіп, сан соғып қалуыңыз мүмкін. Осы сізге керек пе? Десе де мұның алдын алуға болады. Ол үшін жаңа әріптестер таңдауда және келісім шарттарға қол қоярда ыждаһаттылық танытыңыз. Лажы болса келіс-сөздерді кейінге қалдырыңыз, келеңсіздіктерді айналып өтесіз.
tories/1272015314_xarakteristika_znaka_zodiaka_lev.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»1272015314_xarakteristika_znaka_zodiaka_lev» style=»float: right;» />
Жеңіске жету – алға қойған мақсатыңыздың айқындығына байланысты болып тұр. Діттегеніңізге жету үшін қандай іс-әрекет керек екенін нақтылап алыңыз. Шешім қабылдарда алғырлық пен табандылық көмекке келсе бәрі керемет болады. Белсенділік танытыңыз. Сіз өміріңізге басқа қырынан қарап, күтпеген жаңа-лықтар енгізуге қабілеттісіз. Бәрі тек қана сіздің қалауыңызға байланысты.
tories/1111ages.jpg» width=»150″ height=»112″ alt=»1111ages» style=»float: right;» />
Кімнің де болса өмірінде кедергілер көп кездеседі әрине, бірақ соның ішіндегі ең қауіптісі өз-өзіңізге тауып алған кедер-гілер. Сіз өзіңізді тіптен керек емес жұмыстарды атқаруға мәжбүрлейсіз де алтын уақытыңызды жоғалтасыз. Сөйте-сіз де өзіңізді кінәлі сезініп, жек көріп жүресіз. Оны болдырмаудың амалы өміріңізді қиындыққа жетелейтін, өмір сүруге, жұмыс істеуге кедергі келтіретін себептің бәрін анықтаңыз да, мүлдем сызып тастаңыз. Оңай емес, десе де құтылуға болады.
tories/veci2012-300×225.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»veci2012-300×225″ style=»float: right;» />
Бұл аптада өзіңізді жеке тұлға ретінде танытып, барыңызды көрсетуге барлық мүмкіндік бар. Діттеген мақсатыңызға жету үшін артықшылықтарыңызды пайдаланыңыз, ол сізден табылады. Мынау есіңізде болсын, сіз қалыптасқан тұлғасыз, енді бар болғаны таңдаған жолдан таймау керек. Қиындыққа мойымаңыз, жарқын болашағыңыз тек қана істеген әрекеттеріңізге байланысты.
tories/skorpi_2012.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»skorpi_2012″ style=»float: right;» />
Жетістікке жеттім деп, масаттанып кетудің жоқ. Күш-қуатыңызда жылдам бір арнаға тоғыстырып, іске кірісіңіз. Жан-жағыңызға қараңызшы, өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге әсері бар толып жатқан мүмкіндіктерді байқайсыз, ісіңізге қатысты тиімді ұсыныстар тіпті де толастамайтын түрі бар, жақсылап қараңыз. Күтпеген таңқаларлық оқиғалар мен кездесулер, танысулар… дайындығыңызды жасай беріңіз.
tories/strelec_590_315_jpg.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»strelec_590_315_jpg» style=»float: right;» />
Не істеуіңіз керек еді, нәтижесінің қандай болатынын бір есепке алып тындыруға тырысыңыз. Есіңізде болсын, алдағы істердің сәтті аяқталуы мен толағай табыстар сіздің бүгінгі таңдағы іс-әрекетіңіздің дұрыс-бұрыстығына тікелей байланысты. «Тілегенің алдыңнан – іздемей-ақ табылар», демекші бұл апта сіз үшін тамаша мүмкіндіктерге толы, тек қолайлы сәттерді уыстан шығарып алмаңыз.
tories/24240.gif» width=»150″ height=»113″ alt=»24240″ style=»float: right;» />
«Бөліп ал да, билей бер!» Сізге осы сөзге аздап өзгеріс енгізіп қолдануға тура келеді. «Бөліп ал да, таңда» дегендей. Толып жатқан жұмыстың ішінен ең негізгі және керектісін бөліп алып бар күшті салып жүзеге асыратын болсаңыз,жетістікке деген кілтті дөп басып тапқаныңыз. Сонда ғана кез-келген ахуалдан ешкімнің көмегінсіз-ақ оп-оңай шығасыз және өзіңізге деген сеніміңіз арта түседі.
tories/—2013—.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»—2013—» style=»float: right;» />
Жоспарларыңызды жүзеге асыруға асықпаңыз, толассыз тіршіліктің арасында жүріп, жүрісіңізден жаңыласыз. Болып жатқанның бәріне дұрыс бағасын беруге талпыныңыз, өзіңіздің күш-қуатыңыз бен қабілетіңізді, қаржылай және физикалық мүмкіндіктеріңізді есепке алып, содан кейін барып қана ойларыңызды кезең-кезеңімен, жоспарлап іске асыруға кірісіңіз. Егер жұмыста шыдамдылық, табандылық, танытсаңыз, қалағаныңызға қол жеткізесіз.
tories/38960332.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»38960332″ style=»float: right;» />
Жеңіл келген жетістіктен, ауыр еңбекпен жанды салып тапқан табыстың дәмі кермек болғанымен қашанда татымды. Ендеше жаныңызды салып жеткен жетістігіңіздің жемісін көріңіз, десе де кеуде соғып, масайрап кетуден сақтаныңыз. Жақсылап демалып алған соң, іс-әрекетіңіздің дұрыстығын негіздейтін материалдық мүмкіндігіңіздің іргетасы берік болу үшін көп және тынбай жұмыс істеуге тура келеді.
Leave a Reply