2022-12-10

ТРЕНИНГ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ

Spread the love

tories/01trening.jpg» border=»0″ />

Шымкент қаласындағы Тілдерді оқыту орталығы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясының қазақ, орыс, латын тілдері кафедрасымен бірлесе отырып «Тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемелерінің ерекшеліктері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинардың мақсаты тілдерді оқытудағы қазіргі мәселелер, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытатын оқытушылар арасында ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу болды.

Семинар барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамның филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының маманы, Медетбекова Меруерт қазіргі білім саласында болып жатқан жаңа реформа мен үш тұғырлы тіл саясатын жан-жақты түсіндіріп, қажеттілігіне тоқталды. Семинар тренинг өзінің жаңашылдығымен есте қалды. Семинарды жүргізу барысының екі жақты диалогқа құрылуы, сергіту сәттерінің тиімді қолданылуы тақырыпты сіңімді етті.

Сондай-ақ семинарға қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Семинарға жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, аудандық тіл орталықтарының әдіскерлері мен қазақ тілі мұғалімдері қатысты.

Гүлшахар ӨТЕБАЙҚЫЗЫ,

Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы.

Яндекс.Метрика