Коррупционер — ..қазақтың балама аты …

       *Оқырманның айтары бар

       «Қызмет» қоғамдық газетінің 24.05.2014 №20 (209) санында осындай тақырыппен мақала жарияланған болатын.Көтерілген мәселе көптің көкейінде жүр екен. Әсіресе, аға буынның газет шыққан соң апта аралатып газеттің осы санын редакцияға келіп  арнайы сұратып алып, пікірін жазып жібергендер де аз болмады. Бүгін біз сол көп пікірдің бірді-екісін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

       Мақала авторы айтарын «Демек, мәселе жүйеде болып тұр. Жүйені емдемей күніне он министр,жиырма әкімді қоғамды коррупциядан арылта алмаймыз» деп түйіндеп еді. Оқырман не дейді?

       Өте орынды. Жүйені қалай сауықтырамыз?  Дәл осы сұрақты Парламентке қою керек. Олар болмайтын заңды айналдырғанша қоғамның өзегіне түскен «жегі құрт» осымен айналысуы керек. Жүйе түзелмей Елбасымыздың әлемді мойындатқан заңы дәл Қазақстанда тамырын тереңге жайып көктей алмайды. Ащы да болса біз (мемлекет) осыны мойындауымыз керек. Қара халықта тұрған ештеңе жоқ. Мәселе жоғарыда. Қолында билігі барлар көптің обалына қалмасын. 

       Қазақтың мың өліп, мың тірілгені рас. Сол зұлмат шақ елдің басына қайта келмесін десе естерін ертерек жисын. 

       Атыңнан айналайын Абай деген. Сендей азаматтар сансырап, шаршап отырған халықтың сөзін сөйлеп қоғамды оятпаса соңы не болмақ. Алла тілеуіңді берсін!

      Мақаланың әр сөзінде дәрменсіздің тұншыққан үні бар. Қазақстанның бейбіт күнінің бір тілекшісі ретінде мен де Парламент интернеттегі «Коррупция — қазақтың балама аты» деген мақаланы оқысын деп өтінемін. Әулеттің тамырына балта шабылуда. 

      Солар оянса, ойланса Н.Назарбаевтың адамзаттың игілігі үшін жасап отырған әр бағдарламасы Тәуелсіз елімізді Мәңгілік ел етері сөзсіз. Халық оған сенеді.

                                                                                                     Мұсабек қария


  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика