Елеусізов Назарбаевқа облыстардың санын екі есеге қысқартуды ұсынды

«Табигат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовтың сөзіне қарағанда мемлекет басшысы бұл идеяны қолдаған деп хабарлайды Tengrinews.kz. корреспонденті тамыздың  26 –сында өткен ел Президенті мен  одақ төрағасының кездесуі жайлы ақпаратында.

Әңгіме барысында  экология жанашыры қазір Қазақстанда бар 14 облысты 8 облысқа біріктірудің тиімділігі туралы сөз еткен. Бұған негіз болып отырған ел аумағында бар су бассейндері. «Егер осылай етсек  әр бассеинге жауапты қожайын табылар еді, әрине бұл үшін жергілікті атқарушы органдарға штат кестесін  арттыруға тура келеді» -дейді ол өз сөзінде.  Атқарушы органдар облыс шекараларының кеңеюіне байланысты туындайтын міндеттерді  атқара алама деген мемлекет басшысының сұрағына  экоорталықтың  төрағасы әрине, деп сенімді жауап қатты. «Бір президент бүкіл бір мемлекетті басқарып отырғанда, неге жергілікті әкім өз жауапкершілігіндегі бір облысты басқара алмауы керек? Елеусізовтың жауабы өз кезегінде осындай сауал тудырды.

Кездесу барысында  экология мәселесіне қатысты басқа да өзекті мәселелер көтерілді. Тағы бір ұсыныс  қалдық заттарды сұрыптау мен оны сол орнында өңдеу туралы болды. «Назарбаевқа менің схемам ұнағандықтан болу керек, оны өзінде алып қалды, дейді М. Елеусізов.
-Мен  қалдық заттарды сұрыптау мен  орнында өңдеу өндірістерін барлық қалаларда енгізу керек деп есептеймін. Біз Батыстың алдына түсуіміз керек», дейді экоорталықтың басшысы.{jcomments on}

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика