2024-09-20

Шымкентте жаңа білім мекемелері ашылды

                                                

 

                                                 *Қала күніне орай

                                                 Шымкентте жаңа білім мекемелері ашылды

 

Бүгінде Шымкент қаласында  84 жалпы білім беру ошақтары жұмыс жасайды. Оқушылардың саны-108 286 баланы құрайды.Кеше Шымкент қаласындатағы бір жаңа мектеп өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Жаңа нысанның құрылысын жүргізген «NTR» ЖШС мердігер мекемесі болса, жобалаушы мекеме — «Рунету» ӨК ЖШС. Мектептің сметалық құны — 687,987,0  мың теңгені құрады. Білім ордасы 3 қабатты, 600 оқушыға арналған. Аталмыш мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, қала әкімі Дархан Сатыбалды, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов және ұстаздар қауымы қатысты. Жаңа оқу жылында Шымкент маңындағы «Ақтас» елдімекенінде 600 орындық орта мектеп пайдалануға берілсе, екінші кезекте «Жиделі» елдімекенінің оқушылары қуанышқа кенелді. Осы білім ошағы 2012 жылдың қазан айында басталған болатын. Жыл соңына дейін қалада тағы бір мектеп ашылады деп жоспарлануда, – деді қала әкімі Дархан Сатыбалды. Мектепте 180 орындық асхана, спорт залы мен мәжіліс залы бар. 24 оқу бөлмесі, 3 лингафонды, 2 информатика, 1химия, 1физика, 1 биология, 1 мультимедиялық кабинеттері бар. Биылғы жылы қаладағы 17 мектепке спорт алаңшалары, 8 мектепке күрделі жөндеу, апатты жағдайдағы 3 мектептің 1-не қайта құру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 4 жаңа мектептің құрылыстарына 1 860,0 млн.теңге бөлініп отыр.

                          tories/DSC_2010.jpg» width=»500″ height=»332″ alt=»DSC_2010″ />

                          №60 жалпы орта мектебі                            сурет shymkent.gov.kz сайтынан алынды


Дәл осы күні  «Қала күні» мерекесі қарсаңында Шымкентте № 48 «Береке» атты жаңа балабақша ашылды. 280 орынға лайықталған балабақшаның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ерлан Садыр, қала әкімі Дархан Сатыбалды және ата-аналармен қатар  ұстаздар қатысты. Күншығыс мөлтек ауданындағы бұл нысан бұған дейін №1 Олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер кешенді мамандырылған спорт мектебін бүгінде бала-бақша ретінде қайта жүргізу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сметалық — құны 270 млн. теңгені құрайтын балабақшаның құрылысы 2013 жылдың наурыз айында басталып, өз уақытында аяталып 220 бала орналастырылды. Құрылысты — «Стройсервис ERNUR-K» ЖШС мердігер мекемесі болса, жобалаушы мекеме «Әсем Жоба Құрылыс» ЖШС болды. Балабақшада 14 топқа негізделген. Сондай-ақ мұнда асхана, музыка залы, спорт залы және әр топқа арналған ойын алаңшалары бар. 

Жаңадан ашылып жатқан нысандар жайлы Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды былай дейді:

– Қаламызда балабақшалар саны молайып келеді. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты да орнықты саясатының нәтижесінде жүзеге асып жатыр. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша Президентіміз 2020 жылы балаларды 100 пайызға қамту туралы тапсырма берді. «Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту Шымкент қаласында 2012 жылы 61 пайызды құраса биылғы жылы бұл көрсеткіш 70,8 пайызды құрап отыр. Бұндай көрсеткіш жаңа балабақша құрылыстарын жүргізу мен бұрынғы балабақшаларды қайтару арқылы, сондай-ақ мектеп жанынан шағын орталықтар салып, жеке меншік бала-бақшаларға мемлекеттік тапсырыстар беру арқылы жүзеге асырылуда. 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; line-height: 14.25pt;»>                                                                                                               

tom: 0.0001pt; text-align: justify; line-height: 14.25pt;»>                                      tories/DSC_1964.jpg» width=»500″ height=»332″ alt=»DSC_1964″ />

tom: 0.0001pt; text-align: justify; line-height: 14.25pt;»>                                      №48 «Береке» жаңа балабақшасы            сурет shymkent.gov.kz сайтынан алынды                                                          

tom: 0.0001pt; text-align: justify; line-height: 14.25pt;»>                                                                                                                          Дана Айбасова «Қызмет» газеті

 

Яндекс.Метрика