2024-09-22

ЖАСТАРДЫ ӨЗ ЗАМАНЫНА САЙ ТӘРБИЕЛЕУ ҚАЖЕТ

Алаш қайраткерлерінің бірі, ақын Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару» деген сөздерінде терең мән бар. Нақтырақ айтсақ, отбасылық қатынастар заман талабына сай ұдайы зерттеуді, жіті сараптауды, бұқараның санасына отбасылық құндылықтарды сіңіру және соның нәтижесінде тиісті мемлекеттік саясатты жүргізуді қажет етеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2013 жылдан бері мерекеленіп келе жатқан Отбасы күні   осы мақсаттан туындаған игілікті қадамдардың бірі екендігі сөзсіз. Отбасы күні жерлестеріміз асыға күтетін, ізгілікті іс-шараларына шынайы ықыласпен, ыждаһаттылықпен қатысатын жалпыхалықтық жарқын мерекеге айналды. Еліміздің мерекелер күнтізбесіне бұл күннің енуі сан ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық құндылықтардың жандануына, дәстүрлердің жаңғыруына, түрлі буын өкілдерінің арасындағы сыйластықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беріп, өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал етті. Бұл мерекені отбасылық құндылықтарды құрметтеудің, іргесі берік жарасымды жанұя қалыптастыруды насихаттаудың, жол көрсетудің шуақты күні  ретінде қабылдауымыз керек. 

Шымкент қаласы ТЖ департаментінде осы күнге арнап көптеген іс-шаралар өткізіледі. «Үздік отбасы» атты челленджі департаменттің әлеуметтік желілерінде жарияланды. Онлайн дауыс беру үздігі анықталады. Ал, Қаратау ауданы ТЖ басқармасының мамандары Қайнар бұлақ саяжаында тұратын әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларына ізгілік көмектерін ұдайы көрсетіп келеді. Жылу беру маусымы қарсанында  профилактикалық рейд жүргізу кезінде әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, отбасылық жағдайы төмен, немересімен бірге жалғыз тұратын әжейді анықтаған. Бұл кісіге ТЖ мамандары қайырымдылық көмек ретінде түтіндік құбырын тегін тазартып, өз қамқорлығына алды. Осы сияқты игі істерге департамент қызметкерлері үнемі қатысып отырады. «Достық» шағынауданында жалғыз тұратын әжейге өрт сөндірушілер еш уақытта көмегін аямаған. Көрші балдарынан қағазға өтінішін жазып жіберсе болды, өрт сөндіру бөлімінің мамандары жұмыс уақытынан тыс кезде көмекке келуге дайын.

Яғни, осындай іс-шаралар арқылы департамент ұжымы, әсіресе жас буын,  белгілі бір географиялық аумақты мекен ететін тұрғындар ғана емес, өздерін осы елдің болашақ тағдырымен тікелей байланыстыратын Ұлы Даланың ұлағатты отбасылары екендігін терең түсініп, санасына сіңіруіне ықпал етеді.

Мадияр ЖАҚСЫБАЕВ

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы, полковник

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика