ЗАҢДЫ БІЛСЕҢ – ҚҰҚЫҒЫҢДЫ ҚОРҒАЙ АЛАСЫҢ

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.25pt;»>Шардара ауданының Әділет басқармасының басшысы Байдүйсен Сұлтан Байдүйсенұлымен сұхбат.

tom: 0.0001pt; text-align: justify;»> tories/_3949.jpg» width=»200″ height=»134″ alt=»_3949″ />

         Сұлтан Байдүйсенұлы, 30 қыркүйек – әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленгеніне аз ғана мерзім өтті. Құтты болсын айтамыз! 

 

-Рахмет, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827  «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына 2011 жылы  20 қазанда №164 Жарлығымен өзгерістер енгізілген болатын. Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізбесінің 24 тармағына сәйкес, 30 қыркүйек- Әділет органдары қызметкерлерінің күні болып белгіленген. Былтыр алғаш рет  Әділет органдары қызметкерлері күнін атап өткен болатынбыз.


Биылғы Жолдауында Елбасы: «Біздің ең басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі халық та бар», — екенін атап өтті. Бағдар берілді, жоспар жасалған, енді тек қуатты еңбек ету ғана қалып отыр.

tom: 0.0001pt; text-align: justify;»>         — Әділет басқармасымен атқарылған жұмыстар жөнінде қысқаша айтып өтсеңіз…

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>— Елбасы өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету институтын нығайтуға аса назар аударады. Себебі, мемлекеттік қызметтерге сонша көңіл аудару үрдісі уақыт талабынан туындауда. Ал, бүгінгі күннің талабы – халыққа қызмет ету, Қазақстанның әрбір азаматының құқықтарын қамтамасыз ету.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Әділет органдарының қызметінің бірі  — ол азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу болып табылады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 27pt;»>2012 жылдың 18 қаңтарынан бастап, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның талаптарын түсіндіру бойынша әділет басқармасының азаматтық хал актілерін тіркеу саласының қызметкерлерімен семинар-кеңестер өткізіліп, халық арасында түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған Кодекс қазіргі уақыт талабына сай, халықтың құжаттарын рәсімдеу барысында тиімді, тіркеу рәсімі халыққа қолайлы болуы негізгі артықшылығы болып, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын іске асыру және көтеру үшін қолайлы шарттар жасауға бағытталған.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Жалпы  2013 жылдың  9 айында аудан бойынша 1129  азаматтық хал актілерін тіркеу жазбалар тіркелді.

-Электронды тіркеу жұмыстары жөнінде қысқаша айта кетсеңіз…

tom: 9pt; text-align: justify;»>Елбасы биылғы Жолдауында электронды үкімет азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдеткендігін атап өткен болатын. Аудан халқы электрондық қызмет түрін пайдаланып,  яғни некеге, тууды тіркеуге, некені бұзуға, тегін, атын өзгертуге байланысты өтінішті, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуде,  ал 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылжымайтын мүлікке құқықтық электрондық түрде тіркеу енгізілді. Жылжымайтын мүлікті электрондық тіркеу рәсімі бір күнде жүргізілді, осыған орай сатып алушы мүлікті шартқа қол қойғаннан кейін  мемлекеттік бажды  банк карточкасы арқылы Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінің шлюзі арқылы төлем жүргізді. Тек қана аталған рәсімдеуден кейін меншік иесі тіркелді деп саналады. Халық үшін бұл әрекеттің артықшылығы  уақыт пен қаржыны үнемдеу, Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінудің қажет болмауында. Жылжымайтын мүлікке құқықты электрондық тіркеу нысаны рәсімдеуді түбегейлі жеңілдетіп, кедергілерді жояды және халық үшін қолайлы жағдай жасайды. Бүгінгі таңға азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша-108, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша-90, заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша —  8 электронды тіркеу жұмыстары жүргізілді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Бұқара халықпен байланыстарыңыз қалай? Елдің құқықтық сауатын көтере алсақ, дау да түсінбестік  жағдайлар да аз болады емес пе?

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>— Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сай негізгі бағыттарын атап өткім келеді. Олар:  

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Зияткерлік меншік саласындағы қызметті параметрлері;

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>«Қазақстан-2050»стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанның дүниежүзінің 30 дамыған елдердің қатарына кіру жөнінде тапсырма берді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаhандық бәсекелестік индексі көрсеткіштерінің бірі «Зияткерлік меншікті қорғау» көрсеткіші болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан Жаhандық бәсекелестік индексінің көрсеткіші бойынша 92 орында. Елбасы 2015 жылға дейін осы көрсеткішті 89-орынға көтеруді талап етті. Мұндай көрсеткіштердің  төмендеуі ел экономикасына кері әсерін тигізіп, Қазақсанның бірқатар халықаралық ұйымдарға  кіруіне кедергі болады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Демек, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру және  Жаhандық бәсекелестік индексі рейтингінде Қазақстанның ұстанымын көтеру үшін Мемлекет басшысы қойған талаптардың аясында зияткерлік меншік құқығын тиісті түрде қорғау-еліміздің стратегиялық нысаны болып табылатыны сөзсіз.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Басқармада зияткерлік меншік саласында құқық бұзушылықтарға жол бермеу және олардын алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 129 бабының 1-2 бөлімдерімен 3 азаматқа әкімшілік іс қозғалып, сот қаулыларымен 3 әкімшілік іс бойынша 77895 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, 701000 теңгені құрайтын – 704  DVD диск тәркіленді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 27pt;»>Бұдан бөлек,  ҚР ӘҚБтК-нің 129 бабының  3 бөліміне сәйкес, авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін интернет желісінде орналастыру арқылы заңсыз пайдаланған азаматшаға іс қозғалып, құқық бұзушыға ескерту берілді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 27pt;»>-Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және білікті заң көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету;

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 27pt;»>Жалпы халықтың  құқықтық сауатын арттыру Әділет басқармасының  басты міндеті дейтін болсақ, осы уақытта  аудан тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырамыз. Сонымен қатар, түрлі мерекелік шаралар өткіземіз. Халықты құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің басым бағыттарың жүзеге асыру бойынша — 266 іс-шаралар жүргізілді. Оның ішінде БАҚ-на шығулар саны — 56, дөңгелек үстелдер — 3, Ашық  есік күндері -8, Әділет депаратаментінің Web-сайтына — 41 іс-шара жарияланып, дәрістер мен семинарлар-158 өткізілді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 27pt;»>Әділет органдары ұсынатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;
Осы негізгі басымдықтарды  басшылыққа ала отырып, Әділет басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №95 Қаулысының бекітілген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған  Стратегиялық жоспарын» орындау мақсатында әрі халыққа қалтқысыз қызмет көрсету аясында белгіленген жұмыс жоспарына сай еңбектеніп келеді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 27pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>  -Қазір құқықтық сауатының төмендігінен зардап шегетіндер аз емес. Оларға қандай көмек бере аласыздар?

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>—  Еліміздің кез келген  азаматы Қазақстан Республикасының негізгі заңдарын білуі тиіс, тіпті, міндетті. Ал, ол үшін өскелең ұрпаққа заңдарды білуді, құрметтеуді мектеп табалдырығынан бастап сіңіре білген жөн. Заңды білсең құқығыңды қорғай аласын. Заңды білсең өзгенің құқығын таптамайсың. 2011 жылдың соңынан бастап Әділет министрлігі  «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесін іске қосқан. Аталған жүйе Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген қазақ және орыс тілдеріндегі толық деректер базасы болып табылады. Ең бастысы, жүйе –қарапайым халық үшін қолжетімді әрі тегін. Бұдан бөлек, басқарманың медиа жоспарына сәйкес, басқарма қызметкерлері ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Заңдарға түсіндірме беріп отырады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Әділет органдарының алдына қойылған міндеттерді нәти­желі    үйлестіруді жүзеге асыру үшін Шардара ауданының Әді­лет басқармасы жанынан Үйлес­тіру кеңесі құрылған атап өткім келеді. Бұдан бөлек, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалымен ай сайын  қоғамдық қабылдау  өткізілуі, нотариустар мен адвокаттардың қа­тысуымен кездесулер ұйым­дастыруы, ауылдық округтерде, еңбек ұжымдарында, оқу орындарында кездесулер өткізіп ха­лыққа құқықтық көмектер көр­сетіп, заңнамалық кеңестер беруі қызметкерлердің ауданның қоғамдық  өмірінен тыс қалмай­тыны деп есептеймін.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Басқармасының ғимаратында халыққа түсінікті етіп жазылған түрлі ақпараттар, өтініш үлгілері, сенім телефондар көрсетілген ақпарат орын алған. Сонымен қатар, күнделікті мамандар тарапынан телефон арқылы кеңестер беріледі. Кез келген азамат өз сұрағына 119 немесе 2-24-99 нөмірлері арқылы жауап ала алады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»> 

         Сұхбатыңыз  үшін алғысымызды айта отырып, алдағы еңбектеріңізде де тек қана жетістіктер мен сәттілік тілейміз!

         Рахмет, қарапайым халықтың құқықтары мен заңды  мүдделерін қорғауды  қамтамасыз ететін атқарушы орган  саналатындықтан, мамандарымыз барлық күш-жігерін  білімі мен тәжірбиесін  кәсіби қызметіне жұмсап, еліне  адал әрі қалтықсыз  қызмет етеді және қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды деп сенім білдіремін.

tom: 0.0001pt; text-align: justify;»>Сұхбаттасқан: Әділ Әбдіраманов, Шардара қаласы.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика