Ғасырлар данасы – Әл-Фараби

2019 жылы тамыздың 26-сында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың №133 жарлығы шығып, күллі түркі жұртының мақтанышы, «мұғалім сәни» (екінші ұстаз) атанған ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық (870-2020) мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулы жариялады.

tories/10122019-25.jpg» border=»0″ />

Әбу Насыр әл-Фараби (Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани) – Аристотельден кейін дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым. Әл-Фараби Сырдария бойындағы Отырар қаласында 870 жылы туылған. Әл-Фараби сауатын Отырар қаласында ашып, Бағдат, Мысыр, Шам, Халеб қалаларында білімін жетілдірген. Өз заманындағы білім, ғылым, өнер салаларының бәрінде де өшпес із қалдыра білген ғалым. Ол – астрономия, астрология, математика, логика, музыка, дәрігерлік, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия-риторика, философия сияқты ғылым салалары бойынша жүзден астам ғылыми трактат жазған. Артынан 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар қалдырған әл-Фараби 950 жылдары Дамаскте дүние салған.

«Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектері әлі күнге дейін өз мәнін жоймаған. Қазақ халқы әл-Фарабидей данышпан жерлесін лайықты мақтан тұтады.

Қазақстандағы ең іргелі оқу орны – Алматыдағы ұлттық университет әл-Фараби есімімен аталады. 2014 жылы ҚазҰУ-дегі Əлем халықтары əдебиеті институты жəне «Əл-Фараби» орталығы бірлесе отырып, Əбу Насыр əл-Фарабидің «Қайырымды қала» мен «Музыка туралы кітап» атты еңбектерінің екі томын, «Ақыл кітабын» («The Book of Mind» орыс жəне ағылшын тілдерінде) жəне «əл-Фараби туралы кітап» жинағын жарыққа шығарды.

Əл-Фараби тек Шығыстың ғана емес, Батыстың да ғылым мен мəдениетінің дамуына зор үлесін қосқан энциклопедиялық білімі бар ғалым. Оны толық растайтын мына деректер:

  • 941–942 жылдары ғалым «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты еңбегін Бағдадта бастап, 942–943 жж. Шамда аяқтайды.
  • Фараби трактаттарының əрқайсысы өзіндік бір дүние, қағида теория мен əдіс. Солардың бірі 948 жылы Египетте жазылған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» болып табылады.
  • ХV–ХVІ ғасырларда ғалымның еңбектері Еуропада басылып шыға бастайды. Əл-Фараби еңбектері алғаш рет еврей тіліне аударылды.
  • 1869 жылы Ресейде «Əл-Фараби, оның өмірі мен шығармалары» атты кітапты М. Штейншнейдер жарыққа шығарды.
  • 1895 жылы Ф. Дитерици «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбегін басып шығарды.
  • 1927 жылы Хайдарабадта «Азаматтық саясат» атты еңбегі жарыққа шыққан.

Сонау X ғасырда жазылған ғұламаның еңбектері ХХІ ғасырдағы ғалымдардың зерттеу объектісіне айналып отыр. Ендігі жылы елімізде әл-Фараби мерейтойымен бірге ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы да атап өтіледі.

Молдабаев Ержан Туребаевич

Шымкент қаласы, Индустриалды техникалық колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика