2022-08-17

Жылына 5 мыңнан астам ағылшын мұсылман атанады

tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>tories/1586384151-300×169.jpg» width=»273″ height=»169″ />    Бүгінде Ислам дінін қабылдаған британдықтардың жалпы саны шамамен жүз мың адамды құрап отыр. Бұл мәлімет Ұлыбританиядағы «Faith Matters» дінаралық ғылыми, орталығының зерттеу жұмыстары нәтижесінде белгілі болды. Аталмыш орталықтың мәлімдеуінше, жылына бес мыңнан астам ағылшын мұсылман атанады екен. Олардың орта жасы 27 және үштен екісі әйелдер. Осыған байланысты Шотландияда 2011 жылғы санақта мұсылмандар саны он жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артқаны анықталған.
      Соңғы кездегі Ислам жайында айтылған жағымсыз пікірлерге қарамастан мұсылман атанған жергілікті халық хақ дінді Ұлыбританиядағы өмірмен толық сәйкес келетінін және ешқандай қайшылықтың жоқтығын айтқан.
      Мамандардың айтуынша, аталмыш елде мұсылмандардың артуына БАҚ-тың да айтарлықтай әсері бар. Себебі, жағымсыз болса да жарияланған мәліметтер халықтың қызығушылығын оятуда. Нәтижесінде көптеген ағылшындар Исламның бейбітсүйгіш дін екеніне көз жеткізіп, тілдерін кәлимаға келтіруде. Олардың арасында белгілі тұлғалар да аз емес.
Дайындаған
Еламан ҚОҢЫРОВ

{jcomments on}

Яндекс.Метрика