2024-07-27

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ КӨПТІЛДІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

tories/001eng.jpg» border=»0″ />

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» екендігін айтқан болатын. Тіл үйренуде болашақты тәрбиелеп жатқан замана тынысымен бұрқ-сарқ қайнап түрлі реформаларды бастан кешіп жатқан мектептердің, ұстаз қауымының орны ерекше.

Қазіргі мектеп дәстүрлі білім беру қызметін атқарумен ғана шектелмейді, оның қызметі жыл санап кеңейіп отыр. Соның бір саласы мектеп алдында жаңа тұлғаны рухани қалыптастыруға жоғарғы басымдылық беріліп, үш тілде еркін сөйлейтін тұлғаларды тәрбиелеп шығару міндеті тұр.

Көптілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің құпияларына үңіліп қана қоймай сол әлемдік деңгейде өзінің қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік болып отыр. Қазақстанда білім саласында, қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілдері ретінде де қолданысқа енді. Яғни, еліміздің қарыштап дамуындағы экономикалық, әлеуметтік саяси өзгерістер білім мекемелерінің алдына жаңа міндеттер жүктеуде.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы күн өткен сайын артып отырған кезеңде мемлекетіміз үшін үш тілді меңгерген, өз білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайына пайдалана алатын тұлға қажеттілігі туындап отыр. Ондай тұлғаларды мектеп тәрбиелеп шығарады. Сол себепті де білім мекемелерінің алдында үш тілді оқыту технологиясының әр түрлі әдіс — тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріледі және оларды есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып еркін сөйлеуге, өз ойын айту дәрежесіне жеткізу міндеті тұр. Қазіргі таңда тәжірибеден өтіп жатқан мектептер үш тілде, яғни, ағылшын, орыс, қазақ тілінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы терең білім беруді бастап кетті.

Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені мәлім. Біздің мұғалімдерде сол технологияларды елеп-екшеп, жұмыс барысында қолдана бастады. Әрбір оқыту технологиялары өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Сол әдіс-тәсілдер мұғалім ізденісімен толықтырылып, оқушының қабылдау қабілеті деңгейіне қарай ерекшеленіп қолданылады. Қызықты сабақтар, мұғалімнің ашқан жаңалығы, қолтаңбасы, әдістемелік ізденіс, қолданған әдіс-тәсілдер арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Жаңа технологияларды бастауыш сынып оқушыларының дамуына, қабілетінің артуына бағыттау білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор. Бізде қазақ-орыс тілдерін оқытудың өзіндік нәтижелі әдіс-тәсілдері орныққан. Ал, қай тілді болмасын, соның ішінде ағылшын тілінде оқытуда да оқушылардың қызығушылығын ояту басты мәселе. Осы орайда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру үшін не істеу керек деген заңды сұрақ туады. Оны мынандай жолдармен өткізуге болады:

Сабақта кең көлемде көрнекілер пайдалану;

Сабақты түрлендіріп өткізу;

Балалардың өздері жасаған суреттер, сызбаларды пайдалану:

Техникалық құралдарды пайдалану;

Сабаққа қатысты бейне таспа, фильмдер көрсету;

Әр түрлі өлең, ойын түрлерін ерекшеліктеріне қарай пайдалану;

Білім теңіз, оған оның тереңіне жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ал, ондай адамдарды дайындайтын мұғалім.

Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол үшін сабақ бір тектес емес, әр қырлы болуы керек. Мұғалімнің бір – біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары оқушының ынтасын оятып, білмекке ұмтылдырады. Сабақтарда қолданылатын технологияның тиімділігі оқушылардың терең білім алуынан көрінеді. Осы тұрғыда айта кету керек, қазіргі кезде жалпыға танылған оқыту технологияларының тиімді түрлері мынадай:

Сыни тұрғысынан ойлау

Ақпараттық оқыту

Модульдік оқыту

Деңгейлеп оқыту

Ойын технологиясы

Қорыта келе, айтарымыз еліміздің ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауы үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Орта мектепте үш тілді оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қаблеттілігі, бір – бірінен қалғысы келмей, емін еркін сөздерді қайта – қайта айтуда байқалады. Мұндай ұмтылыс пен баланың бір – біріне ықпал етіп, білмекке құштарлықты оятуы, еліміздің болашағын жақсы нәтижеге жетелейді. Осы тұста атап өте кетер мәселе, бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан – жақты болу мүмкін емес. Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды тәжірибеде қолдануда үлкен белсенділік таныту – әрбір мұғалімнің міндеті. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының мектептік білім беру саласында ағылшын тілін оқып үйренуге деген ықылас арта түседі. Осыған байланысты қазіргі қоғам ағылшын тілін меңгеру дәрежесіне күннен-күнге көтеріңкі талаптар қоюда. Үш тілді меңгеру мемлекетіміздің білім беру саласындағы бірегей бағыттарының бірі. Соның ішінде орта мектепте бастауыш сыныптан ағылшын тілін оқыту қолданысқа еніп, әр түрлі бағытта оқыту кең етек алып келеді. Сондай-ақ, қазіргідей өзара байланысы мен өзара тәуелділігі басым әлемде болашақта жас ұрпақтың дамытудың бірден-бір жолы көптілдік болмақ. Осы тұрғыдан келгенде оқушының жан-жақты білім алуына бағыт – бағдар беруші мұғалім мәдениеттілік, шығармашылық, инновациялық тұрғыдан ойлай алатын және бірнеше тілді білетін маман болуы шарт.

Қазіргі таңда үш тілді оқыту – мектептегі оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілде оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты қажеттілік. Көптілді білім беру көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі. Елімізде үздіксіз жүргізілетін маңызды істердің бірі – ол тіл саясатын жүзеге асыру тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жас ұрпақты даму жайы мен болашағын анықтау және қолдау деп ойлаймыз.

Баян ЖАНДОСОВА,

ҚР білім ісінің үздігі,

ОҚО әйелдер кеңесінің төрайымы

Яндекс.Метрика