2024-07-27

СІЗ МИЛИОНДАҒАН АДАМДАРДЫҢ ҚАСЫНДА ӘЛДЕҚАЙДА БАҚЫТТЫСЫЗ!

Сіз милиондаған адамдардың қасында әлдеқайда бақыттысыз!

 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>tories/97563476_Poproshayki2.jpg» width=»300″ height=»236″ alt=»97563476_Poproshayki2″ style=»float: left;» />Көше бойлап  келе жатып кішкентай  баласымен  қайыр сұрап отырған келіншекке көзім түсіп кетті. Қалтамдағы тиын-тебінімді шығарғаным сол «мына әйелге тиын тастауға бола ма, жоқ па?» деген ой көлденеңдей түсті. Ана ғой деген аяушылық сезімі лып етті де, оны 12 мүшесі сау ғой деген ой басып кетті. Солай тұрғанымда келіншектің алдында отырған кішкентай қызы алдымнан жүгіріп шығып алақанын жайып,  жалынышты жанарымен қайыр сұрай бастады.  Баланың қолын қайыруға батылым бармай қалды…  Періште емес пе?!

Бала — бауыр етің, бақытың ғой. Бейкүнә періштені осындай жолға пайдаланғанымыз қалай болар екен?! Бұл сұрақты қайыр сұраған жанға қоя алмадым. 12 мүшесі сау бола тұра алақанын жайған, баласына бақыттың кілтін емес, басқаның қолына қаратып қайыршылықты үйреткен адамға сөзім өте ме? Жұмыс орныма келдім де ,ойымды қағазға түсірдім. Жазған хатымды қайыр сұраған баланың қолына ұстаттым. Әйел маған тесірея қарады.  Кім біледі, кейінірек оқитын шығар, менде осындай үміт болды.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>«Тағдыр… Осылай дейтін шығар…Жауабымды да дайындадым.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Осы ұғымды ұғынудан, түсініксіз жайттардан шаршап шалдықтыңыз ба? Қажыр-қайратым таусылды әбден қалжырадым деп жүрсіз бе? Ол сіздегі бар болғаны күмән мен қорқыныш қана. Алып тастаңыз ондай ойларды басыңыздан. Оның сізге керегі шамалы. Әлсіздік танытпаңыз. Сіздің жігеріңіз болмашы нәрсеге мұқалмақ емес. Өзіңізге қараңызшы, сізде бәрі де бар. Ақыл, сымбат пен жүйелі ойда бар. Бәлкім адамгершілікте бар шығар… Сіздің орныңыз бұл емес».   

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Қоғамда өзін төмен дәрежеде ұстайтындардың қатарында тек 12 мүшесі сау қайыршы ғана ма?.. Жоға, мүлде олай емес. Олардан бөлек дәрменсізбін дейтіндері қаншама? Сізде бары біреуде жоқ. Біреуде бары сізде болмауы мүмкін. Жасыратын несі бар, жоқ дүниесін кемшілігім деп қабылдайтындар да жетерлік ортамызда. Ондайларға нендей ақыл айтып, қалай әсер ете аламыз,  санасына қалай әсер етеміз?

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Мүмкін оларды өзгелермен салыстырып үйрету керек шығар, өздерінің қаншалықты бақытты екендігін сезіндіру үшін. Бойындағы барының қадірін білуі үшін де…

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>«Сіз милиондаған адамдардың қасында әлдеқайда бақыттысыз!» осылай дегім келді. Солай емес пе?! Әлде Сіздің айтар уәжіңіз бар ма осы тұрғыда? Әлбетте, терең ойланасыз, осы сұраққа жауап іздей бастайсыз.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Айналаңызға бір сәт назар салыңызшы. Қоғам сіз ойлағандай соншалықты әділетсіз емес. Несіне қамығасыз. Бекерге азғындаған арнаға түсіп әуре-сарсаңға салынбаңыз. Күнделікті тірщілігіңізді өзгелермен аз ғана уақыт бөліп салыстырып көріңізші. Сіз қандайсыз? Қоршаған ортаңыз қандай?..

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»> Салыстырдыңыз ба? Жақсылап зер салдыңыз ба жан-жағыңызға? Біреу қаражатының жеткіліксіздігінен өзге түгіл өз киімін бүтіндей алмай жүр. Бірі зымырап шетелдік қымбат көлікпен өте шықса, бірі екі аяққа зәру, арбаға таңылған күйінде… Бірі сіз ала алмаған «Айфон» маркалы америкалық  қымбат ұялы телефон шұқылап отырса, ал бірі… жанарынан айырылған, жарық дүниені көруге ынтық…  Ендігісі, туылғаннан саңырау, біреуінің көзі көр, енді біреуінің сөйлеуге тілі жоқ. Осы аталған пенделер қайғыға қамалып, мұңменен жүректері мұзға айналып па?! Өмірім осылай екен деп сызға отырып алып па әлде?! Жоқ… Өз мүмкіндіктерінің аздығына қарамай өмірге деген құлшыныстары арта түспесе, түңілуден аулақ қой. Қандай жағдайға тап болмасын тығырықтан шығар жол іздеп, өз кемшілігін жасыруға, білдірмеуге тырысады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Ал енді өзіңізге қараңызшы. Көзіңіз көреді, құлағыңыз анық естиді, қалаған сөзіңізді тіліңіздің барынан айтып саласыз. Жалпы 12 мүшеңіз түгел. Байқадыңыз ба, Сіз өзгелерге қарағанда әлдеқайда бақыттысыз. Келісесіз ғой.

Өмірдің өзі ешкімге тегіннен-тегін берілмейтінін түсініңіз. Өмірге келудің өзін сізге берілген үлкен баға жетпес бақыт деп қабылдасаңыз қандай жақсы. Себебі, жарық дүние жанарына да ілінбей кеткен сәбилердің қасында сіз шыныменде бақытты емессіз бе?! Олардың жанында қалай өмірге өкпе артасыз. Ендеше, неге берілген мүмкіндікті пайдаланып баянды ғұмыр кешпеске!

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Біз біреуді жазғырудан аулақпыз. Біреудің жеке өміріне де қол сұғуға құмартпаймыз. Біздің ой – қоғамда ең болмағанда бір жан болса да өз мүмкіндігін шектемесе екен дегіміз келеді. Сіз адам болып туылғансыз, олай болса адам болу міндетіңіз. Өміріңіз өз қолыңызда.

 

Ж.Шынарбекұлы

Яндекс.Метрика