2024-07-27

КӘСІПКЕР ІЗДЕСЕҢІЗ САЙРАМ МЕН САРЫАҒАШҚА БАРЫҢЫЗ

tom: 10pt; text-align: center;»>Кәсіпкер іздесеңіз сайрам мен сарыағашқа барыңыз

tom: 10pt; text-align: center;»>tories/1455614345.jpg» width=»400″ height=»300″ alt=»1455614345″ style=»vertical-align: middle;» />

Олай болатыны «Даму» Қорының қызметін тұтынатындардың басым бөлігі осы аудандарда тұрады екен. Бұл туралы өткен жылдың қорытындысын жариялаған баспасөз мәслихатында қор өкілдері айтты.Жиына «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай Бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері де сөз болды.

Субсидия деген ұғым бүгінде құлаққа соншалық тосын естілмейді. Жеке шаруасын ашқан азаматтар оның дәмін татып, қалай алуға болатынын әжептеуір меңгеріп те қалды. Ал, «Даму» Қоры бүгінде қаржылай және қаржылай емес қолдауды жүзеге асырып келеді екен.

Аймақтық филиалдың бас менеджері Азамат Асқаров: Қаржылық қолдау кепілсіз және кепілдендірілген болып екі негізде берілетінін тілге тиек етті. Кәсібін енді бастаған және әрекет етуші кәсіпкерлерді қолдайтын бағыттардың бірі 16% аспайтын несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау болып табылады. Ал, екінші бағыт жобасын  шағын қала және ауылды елді мекендерде жүзеге асырып жүрген кәсіпкерлерге арналған. Олар алған несиенің пайыздық ставкасының 10% субсидияланады. Егер сіздің Шымкент және Түркістан қалаларында жобаңыз болса оның – 7% дейін субсидияланады, қалған пайызды өзіңіз төлейсіз. Бұл бағыттар тәжірибе жүзінде қолайлығын көрсетті.Оған мысал ретінде өткен жылдың өзінде кәсіпкерлердің жобаларын кепілдендіру шеңберінде «Даму» Қорымен 115 жобаның мақұлданғанын, соның ішінде «Даму» Қорының кепілдендіруі бойынша кәсіпкерлердің 95 жобаларына қол қойылғанын айтуға болады. 

 

Қордың жас кәсіпкерге қандай қолдауы бар?

Бұл да маңызды мәселе. Жас кәсіпкердің кепілге қойылатын мүлкінің болмауы түсінікті жағдай. Ал, ол ұсынған жоба ұтымдылығын көрсетіп тұр. Не істеу керек?

Қордың өкілдері кәсіпкерлікті бастауға ниетті тұлғаның кепілдік мүлкі жетіспеген жағдайда, несие бойынша «Даму» Қорының кепілдендіруін алу мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді. Бастаушы кәсіпкерлер мен жас бастаушы кәсіпкерлерге кепілдік 85%-ға дейін беріледі. Алайда, несие соммасы 20 млн. теңгеден аспауы қажет. Ал, әрекет етуші кәсіпкер үшін кепілдік  50% пайызды құраса, несие соммасы 180 млн. теңге болады екен. Негізінен несие алу бойынша өтініштер  экономиканың басым секторлары бойынша мақұлданады. Жобаларды субсидиялау бойынша облыста  белсенді банктер: «Қазақстанның Халық Банкі» мен «Сбербанк Казахстана» АҚ-ы. 

Журналистердің «Даму» қорының қолдауына ең көп жүгінетін қай аудандар? — деген сауалына, менеджер: Сайрам және Сарығаш аудандарының тұрғындары екенін айтты, ең аз жүгінетін аудан қатарында Бәйдібек пен Созақ аудандары бар. Аталған аудандардың тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен шұғылданғандықтан кәсіпкерлікке аса қызығушылық таныта бермейді дейді Азамат Асқаров.

 

Қордың қаржылай емес қолдауы

 «Даму» Қорымен көрсетілетін қаржылай емес қолдау құрамының бірі – бұл Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары болып табылады. Осы қаржылай емес қолдау түрлері туралы баспасөз мәслихатында Майя Бердалиева кеңінен тарқатып айтып берді:«Орталықтар бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті ашу және жүргізу бойынша «бір терезе» қағидасына сәйкес қызметтер ұсынады. Жас кәсіпкерлер мен әйел кәсіпкерлерге, жалпы барлық тұрғындарға мастер-кластар, тренингтер, семинарлар ұйымдастырылады. Әр сейсенбі және бейсенбі сайын тақырыптық ашық есік күні өткізіледі. Сейсенбі күндері жастарға, бейсенбі күндері ауылшаруашылығы бойынша тақырыптық мастер-кластар, тренингтер, табысты бизнесмендермен кездесулер өткізіліп тұрады, — дейді Берадиева ханым. 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қор қандай көмек көрсете алады? – деген сауалға: біз www.damu-komek.kz  деп аталатын арнайы сайт ашқанбыз. Онда мүмкіндігі шектеулі болғанымен жігері жасымаған, өз кәсібін бизнесте де көрсеткісі келетін, рухы мықты мүгедек-кәсіпкерлер өз өтінішін жазуына болады. Біз мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен әлеуетті демеушілер арасын жалғайтын негізгі буын болуға дайынбыз. Көмекті әркім де көрсете алады және оның қаржылай көмек болуы да шарт емес. Әлдекім артық-ауыс жиһазымен бөліссе, енді біреу кеңсе техникасы түріндегі көмегін ұсынуына болады, тіпті, білгенімен бөлісіп, «іс тетігін үйретемін» — деушілер де табылуы ғажап емес деп жауап берді.

Қорыта айтқанда бүгінде «Даму» Қоры Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейді. Егер Сіз өз бизнесіңізді ашуды жоспарлап жүрген болсаңыз, өз қалаңыздағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының барыңыз. Онда бизнесті игерудің жолдары туралы біліміңізді  ақысыз-пұлсыз көтеруіңізге болады.

Ә. Әбішқызы

Яндекс.Метрика