ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ТҰРМЫСТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУДЫ ЕСКЕРТІП ЖҮР

Төтенше жағдайлар  қызметкерлері тұрғындарға тұрмыстағы  қауіпсіздік ережелерін еске салады.  Жылыту маусымының басталуымен қала тұрғындарына электр жылытқыштары мен басқа да жылыту жүйелерін пайдалану ережелері ескертіледі.
Көбінесе оларды пайдалану ережелерін бұзғандықтан өрттер пайда болады. Сондықтан Тайманов пен Сәрсенбаев көшелерімен өткен рейдтер барысында Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасының инспекторлары пештерді, электр жылыту аспаптары мен электр және газ жабдықтарын пайдалану ережелерін түсіндіруге ерекше назар аударады. Іс-шара «ҚазТрансГазАймақ»АҚ филиалының қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.
Кезекті профилактикалық рейд барысында инспекторлар тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін, пеш, газбен жылыту құрылғыларын пайдалану ережелерін еске салды. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары электр аспаптарын пайдалану тәртібін түсіндіріп, үй иелеріне анықталған өрт қауіпсіздігінің бұзушылықтарын атап өтіп, оларды қалай түзетуге кеңес берді. Сондай-ақ, шұғыл қызметтердің телефондарын еске салып, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар табыс етілді.
Айта кету керек, бұл профилактикалық рейдтер халықтың назарын өрт мәселелеріне аудару, оларды тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт туындаған жағдайда әрекет ету туралы хабардар ету, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін насихаттау мақсатында жүргізіледі.
Іс-шара барысында Тайманов көшесі бойынша №886 үйдің абонентінде газ бағанасында бұзушылық анықталды және бұзушылықтарды түзетуге дейін газ беруден ажыратылды.
Сондай-ақ, Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Finbridge international school» мектебінің оқушыларына жылыту маусымында «Улы газдан улану және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. № 2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт сөндірушінің құрал саймандарын, Drager аппаратының, арнайы киімін киіп, өрт сөндіру және құтқару кезінде атқарылатын жұмыстарды оқушылардың назарына ұсынды. Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс а,даттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай.

Related Posts

Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика