Жасөспірімдер арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Шымкент қаласындағы кәсіподақтар үйінің спорт залында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Шымкент қаласы №6 теннис спорт мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік күні мерекесіне» орай «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа қарсы» үстел теннисінен спорттық іс-шараның ашылу салтанаты өтті.

tories/13122019-17.jpg» border=»0″ />

Жарыстың салатанаты мемлекеттік гимн қоюдан басталып, барлық қатысушылар көк туға құрметпен қарап бой түзеді және гимнді орындады.

Аталған спорттық жарысқа «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі қолдау көрсетіп, салтанатты жиында бірлестік төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов құттықтау сөз сөйлеп, жасөспірім спортшылар мен жаттықтырушыларды мерекемен құттықтады.

Егемен Қазақстанның жас буын ұрпақтарына — бүгінгі тәуелсіздіктің маңызы мен қадірі туралы баяндап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа 70-ке жуық 8-12 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика