2022-12-07

Сіз кімсіз?немесе бас тартуға тұратын 13 ереже

Spread the love

tories/znak-voprosa.jpg» width=»300″ height=»300″ alt=»znak-voprosa» style=»float: right;» />

      1. Барлық уақытта өз шындығыңызды дәлелдеуден бас тартыңыз. Бұл қалай дейсіз бе? Арамызда біздің кеңесімізбен келіспейтіндердің бар және көп екенін білеміз. Шындығын айтайық, сіздің шындығыңыз ешкімге керек емес, ол бар болғаны сіздің өміріңізді қиындатып жүр. Енді ойланыңыз, өткенді еске алыңыз.
      2. Бәрін бақылауға алуды доғарыңыз. Өзіңізбен не болып жатқанын бәрін, барлық уақытта бақылауда ұстаудан бас тартуға дайындала беріңіз. Туыстарыңыз, досыңыз, әріптестеріңіз немесе көшедегі бейтаныс адам- қалай жүргілері, сөйлегілері келеді, солай етсін, солай етуге рұқсат беріңіз, сіз. Неге, дұрыс емес қой, өзіне кедергі келтіреді ғой? — деген сұрақты сөз қорыңыздан мүлдем алып тастаңыз. 
      3. Кінәні басқаға аударуды тоқтатыңыз. Соның кесірінен, сенің кесіріңнен, әйтпесе… дегендей сөздер айтылу былай тұрсын, ой болмауға тиіс. Күш-қуатыңызды шаша бермей, өзіңіздің өміріңізге деген жауапкершілікті толықтай өз мойныңызға алыңыз. 
      4. Өзіңізбен жағымсыз әңгіме қозғарды тиыңыз. Әрине, ешкім естіп жатқан жоқ, бірақ өзіңіз естіп жатсыз ғой, өзіңізді, өміріңізді оймен, ойша әңгімемен «талқандай» беріп қайтесіз. Ішкі түйсікке үнемі сене беруге болмайды. Сіз өзіңіз ойлағаннан да зорды меңгере және іске асыра аласыз.
      5. Шағым айтуды тоқтатыңыз.Сіздің көңіліңізді бұзатын жәйттер, сізді бақытсыз еткен адамдар т.т сондайларды айтып шағымдана беру талабынан құтылыңыз. Сізді бақытсыз еткен ешкім жоқ, олай болмайды да. Өткен өтті. Сіздің қолыңызда өмір сүру бақыты тұрған жоқ па, оған неге қиянат жасайсыз? 
      6. Сынап-мінеуден бас тартыңыз. Бір қылығы үшін ғана жаныңыздағыларды,өзіңізден бақыттырақ, бақуаттырақ адамдарды сынай беруді доғарыңыз. Адамның бәрі бірдей емес. 
      7. Басқалар үшін өмір сүру дағдысынан арылыңыз. Жұртқа жағу үшін өмір сүру жалықтырып жіберген жоқ па, бетпердеңізді шешіп, өзіңізді көрсететін уақыт келді.
Өзіңізді танудан қашанғы қашасыз. Қандайсыз, өзіңізді солай қабылдаңыз.
      8. Өзгерістерге қарсыласуды доғарыңыз. Өзгеріс-қалыпты жағдай, ол әрі қарай жылжу үшін керек. Тұрып қалған судың не болатынын сіз білесіз. Өзгерістер сіздің өміріңізді жақсы жағына өзгертеді және жаныңыздағылардың да.
      9. Жаңашыл адамды немесе болып жатқан оқиғаны мазақ қылуды қойыңыз. Сіз оны бір жағынан сізге көрінетін немесе көргіңіз келетін жағынан ғана көріп отырсыз. Ақырындап санаңызды жаңалыққа үйрете беріңіз. 
      10. Өткенді жайына қалдырыңыз. Әрине, бұл қиын. Әсіресе, өткеніңіз өте жағымды әсер қалдырған болса, бүгінді қабылдау керек, ал болашақ… қорқыныштырақ. Десе де болашақ… сізде мұнан басқа не бар тағы… 
      11. Қорқыныштан арылыңыз. Қорқыныш бұл бар болғаны — қиял, ол — жоқ, көрсетіңізші, көрсете алмайсыз, бұл сіздің қиялыңыздың жемісі ғана, өзіңіз жасап алғансыз. Іштегі қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз, сыртыңыз өзінен-өзі ретке келеді. 
      12. Ақталуды доғарыңыз. Қай кезде көп ақталасыз, табыңыз да «зейнеткерлікке» жіберіңіз. Көп жағдайда біз ақталамыз деп өзімізді-өзіміз шектеп қоямыз. 
      13. Басқаларды күтіп өмір сүруді тоқтатыңыз. Бізде көптеген адам басқа адамның өмірімен өмір сүреді. Басқалар оған осы өмірін лайық көреді немесе достары, ата-анасы, ұстаздары, үкімет, қоғамға ол осы қалпында ұнайды. Өйткені, олар одан осыны күтеді, өзінше өмір сүруге құқы жоқ. Олар ішкі дауысын, қалауын тыңдағысы келмейді.
      Олардың басқалардың көңілінен шығуға кірісіп кеткені сонша, өзінің өміріне бақылау жасау қабілетінен айрылып қалады. Олар неден ләззат алып, бақытты сезінетіндіктерін, шын мәнінде нені қалайтындықтарын да ұмытып қалады… ақыр соңында өздерін ұмытады.

Ал, СІЗ КІМСІЗ?

Яндекс.Метрика