Ел бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!

«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК концерт залында «16 Желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Ел бақытын тербеткен — Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиын өтті.

tories/17122019-15.jpg» border=»0″ />

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн — біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық Заңының 1991 жылы 16-желтоқсанда қабылдауына байланысты жылда аталып өтеді.

Салтанатты кеш шымылдығы «Жұлдыздар» вокалды тобы және «Жас ұлан» мектебінің ұландарының орындауындағы «Біз – Отанның ұланымыз» әнімен ашылды. Шымкент қаласы әкімі Е.Айтаханов құттықтау сөз сөйлеп, Шымкент қаласында еңбегі елеулі бірқатар азаматтарды марапаттады. Мерекелік кеш қонақтары Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері М.Арапбаева және Президент оркестрінің солисті О.Алтынбеков әннен шашу шашты. Шымкент қаласының өнерпаздары мен «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы әншілері және «Шаттық», «Шамсинұр», «Айгөйлек» би ансамблі, сонымен қатар «Мейір» балет, «Көркем гимнастика» мектебінің тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Салтанатты кеш соңы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері М.Арапбаеваның «Қазақ елі осындай» әні шырқалып, қазақ рухы биікте шарықтады.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика