2024-07-27

АТАМ ҚАЗАҚ ЕШҚАШАН ҚЫЗЫН ТҮНГІ САҒАТ ОН ЕКІДЕ ҰЗАТПАҒАН

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 21.3pt;»>Атам қазақ ешқашан қызын түнгі сағат он екіде ұзатпаған

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 21.3pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>tories/DSC02053.jpg» width=»336″ height=»429″ alt=»DSC02053″ style=»float: left;» />Зейнеткерлік жасында жоғары оқу орнын бітірген қариялар тек шет елде ғана бар десек қателеседі екенбіз. Ондай қариялар бізде де, соның ішінде Оңтүстікте бар. Ол Ботагөз Есжанова. Әжеміздің қартайғанда білім іздеуіне негізгі себеп құранға түсу болыпты. Қажылық сапардан келген кейіпкерімізге Амангелді Еренғайып өзінің «Рухани сабақтар» деген кітабын сыйға тарта отырып, апа Сіздің әлі де діни жоғары оқу орнында оқуға, білім алуыңызға жігеріңіз жететіне сенемін» деп пікірін қалдырыпты. Бұл пікір Ботагөз әжеге ой салады, содан бала-шағасымен келісіп ұлдарының қолдауымен оқуға кетпекші болып ағайынын жияды. Абысын-ажыны:«Жетпістен асқанда оқып, қайнымның алдына білімді болып барайын дедің бе?» деп қалжыңға айналдырады. Алған бетінен қайтпаған ол 2012  жылы 72 жасында Алматыдағы Қазақ-Араб университетіне түсіп биыл аталған жоғары оқу орнын тәмамдағалы отыр.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 21.3pt;»>Бәрі «Ботагөз» романынан басталған-ды

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Мен анамның құрсағына біткен кезде Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романы «Жұмбақ жалау» деген атпен басылып шығады. Содан әкем әскерге шақырылып анама «қыз туылса атын Ботагөз, ұл туылса Асқар қой» деп аманаттап кетіпті. Әкем кеткенде үш айлық боп іште қалған мен араға алты ай салып 1940 жылы 8 мамырда дүниеге келіппін. Ол кезде бүгінгідей бірден құжаттар алынбаған. «Анам сен туылған кез ерте көктем еді, суық көктем еді» деп еске алатын.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Әскердегі әкемнен бір-ақ рет хат келіп, кейін Сталинград шайқасында окопта қалып қаза болды деген қаралы хат келеді. Ол хат алғаш Қара мамамыздың (Керімқыз әжем) қолына тиіп ұлының ажал құшқанына ана жүрегі сенбей келініне бұл туралы тіс жармапты.

Содан араға жылдар салып мен төрт жасар болғанда «Қарағандыда шахтада жұмыстамын» деген әкемнен хат келеді. Бұрын ағам, әжем мен анама бауыр басып қалған мен әкем келген соң оны бөтен еркек деп әжем мен анама жақындаса жылайтынмын. Кейіннен тағы сегіз бала туылып, он ағайынды болдық.

 

Егер мінезі келіспесе сырғаны қайтарып беру әбестік емес

tom: 0.0001pt; text-align: justify;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»> «Біздер жылжып барамыз, ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан салт- дәстүрімізді жастар бізден алып қалулары қажет» деген Ботагөз Сұлтанбеккелінін қоғамда ойландыратын мәселелер көп екен. «Бірақ, соны түсіне алатын адам болса» дейді.

       Қазақ ұяттан, ардан, намыстан, парасаттан жаралған халық. Қазақта ғана астарлы сөз, астарлы әрекет етек алған. Қыз баласының 17-22 жас аралығында тұрмыс құрғаны дұрыс. Өйткені бұл кезде қыз баланың уылжып тұрған нағыз сұлу, айтқанды, көргенді бойына дарытып ала қоятын сіңімді кезі. Уақытында тұрмыс құрмаған қыз қанша сұлу болғанымен жүзі солғын тартып қалады,сүйегі қатып өзіндік пікірі, көзқарасы қалыптасып анау-мынауға иіле қоймайды. Бұрынғылар қызды қалай сынаған. Үйге келген қонақ басындағы қалпағын жүріп бара жатқан қыздың аяғының астына лақтырып қалатын болған. Егер сүрінбесе, отау иесі деген сөз. Өкінішке орай, қазір осының «қалпақпен ұрғанда құламаса» деп өзгертіп айтып жүргендер бар. Құлау мен сүрінудің арасы жер мен көктей. Сүрінбеу үшін пайым, ой-сана керек.Ал, құламау үшін әл-қуат керек емес пе? Екеуі екі бөлек дүние. Саналы, пайымды ана ақылды сәби әкеледі дүниеге.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Ботакөз бойжеткен ата-баба жолымен, қаймағы бұзыла қоймаған салт-дәстүрді ұстана отырып бидің шөбересіне келін болып түседі. Сондықтан да болу керек кейінгі кездегі үйлену дәстүрлеріне көңілі тоя қоймайды. Қыз алып қашумен мүлдем келіспейді. Қазіргі ұстанып жүрген дәстүрде кемшілік көп дейді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Бәрі жылдам болып кетті, бір күнде қызға сырға салып құда түсіп екі жасты үйлендіріп тастайтын әдетті шығардық. Біздің ата-бабамыз олай жасамаған.  Қазақта «қалыңдық ойнау» деген дәстүр бар. Қызға сырға салғаннан кейін екі жастың бір-бірімен тіл табысуы үшін біраз уақыт береді. Егер мінезі келіспесе сырғаны қайтарып беру әбестік емес.   

 

Ағасының қарындасын көтеріп күйеубаланың қолына салып беретіні жаныма қатты батады

 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Атам қазақ ешқашан қызын түнгі сағат он екіде ұзатпаған. Түнде қыз бен жігіттер жағы айтысып, ұзатылар қыз туып өскен жерімен, ағайын-туыс, әке-шеше, бауырларымен сыңсып қоштасады. Сөйтіп таң рай бергенде «таң рай берді» деп қызды шығарып салуға асығады. Бұл кезде қыздың ағасы іші ащып көзге көрінбей жылап жүреді. Қазіргідей қыздың жолына ақ мата төсеп, гүл шашылатын дәстүр бізде жоқ. Қызды күйеу жолдас пен күйеу бала екі жақтап алып кетеді. Соңынан бірге қыздың үлкен әжесі, ағайын апасы, нақ сүйер жеңгесі еріп барады. 

tom: 0.0001pt; text-align: justify;»> 

Келіннің қызыл орамалы қайын сіңлісіне беріледі

 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Ал, гүл лақтыру дегеніңіз біздің «орамал сыйдың» алдында мағынасы жоқ бірдеңе. Қазақта ұзатылған қыздың басындағы қызыл орамалы келін боп босаға аттаған соң ішкі және сыртқы ақ ормалдарға алмастырылған. Жас келін өзінің қызыл ормалын «менің жолымда саған берсін» деген ниетпен қайын сіңлісіне берген.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Босағаны аттағалы тұрған келіннің қолына бір қасық май беріп оны шоққа тамызады. Бұл рәсім келіннің әруақтарға тағзымы. Тау жақтың салты бойынша келін тулақтай жұмсақ болсын деген ниетпен аяғының астына тулақ төсейтінде дәстүр бар. Мұнан кейін ұршық және жіп қойылады. Бұл келін шебер және өнегелі болсын деген ниеттің көрінісі. Келіннің екі жағынан ұстаған екі абысын оны жұмсақ көрпешеге отырғызады. Келіннің жанында кем дегенде екі-үш қыз отырады. Түске таман беташар дәстүрі болады. Келіншектің аяғының астына жұмсақ пөстек төсеп, сәлем үйретуші екі абысын екі жағында бірге сәлем беріп тұрады. Келіннің бетін алыстау ағайын ер адам ашу керек. Мұнан кейін орындалатын дәстүр қызды отауға салады. Қыздың пәктігі ақталса жеңгелеріне сый-құрмет көрсетіледі. Жағдай керісінше болғанда нақ сүйер жеңгесін атқа теріс отырғызып, қызды жасауымен бірге қайтарып жіберетін болған.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify;»>Алғашқы жылдары ененің айтқанынан шығу тәрбиеліліктің белгісі емес

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Негізі әйел адам төбесін жауып жүргені дұрыс. Алла Тағала ібілісті – оттан, адамды – қаңқадан жаратты. Күнәнің бәрі шашты жерде болады екен. Сондықтан, есі бар келін басындағы орамалын тастамауы керек.Жаңа түскен келінді енесі «үйіңде саған үйретпеген бе? деп кінәламай тәрбиелегені абзал. Енді келін өз адамы. Келін де енеге жағуға әрекет жасауы керек. Егер өзіңнің туып-өскен жеріңнің жақсы әдеттері болса, бір, бір жарым жылдан кейін ғана ақырын тұрмысқа енгізуіңе болады. Оған дейін ененің айтқанынан шығу тәрбиеліліктің белгісі емес.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Ботагөз ананың өз тәжірибесінен:

 

«Памперс» баланың бойындағы сезу рефлексін жояды

 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Жұмыс істей жүріп балаларын памперссіз өсірген әжей келіндерінің немерелеріне осы құрғақ жөргекті пайдаланбауын қатаң ескертеді екен. Оған да негіз бар.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Қазығұрт аудандық ауруханасында 33 жыл зертханада жұмыс істедім. Жұмыс барысында біз анализдерді зерттеу үшін Германиядан әкелінген ең басты биохимиялық реактивті зат битурилді пайдаланатынбыз. Осы жөргектер алғаш шыққан жылдары зерттеп осы заттекті памперстің құрамынан таптым. Сөйтіп ол туралы БАҚ өкілдеріне хабарладым. 2010 жылдардың шамасы болу керек мені «Хабар» арнасындағы «Сонымен солай, дейік…» бағдарламасына шақырды. Ал кеп уайымдайын, сөзімді дәлелдей алмай қаламын ба? деп. Содан Астанадағы ғылыми зерттеу орталықтарының бірінде памперсті ғалымдармен бірге зерттедік. Сөзім расталып, жөргектің құрамынан шынымен-ақ, битурил табылды. Ол бала денсаулығы үшін өте зиянды.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>«Памперс» баланың бойындағы сезу рефлексін жояды. Сол жөргектер алғаш елге келгенде «құдай беріп қалды» деп күні-түні балаларына пайдаланған әйелдердің балаларының кейін денсаулығынан мен ойлағандай ақаулар табылды, оны өзім көрдім.  Сол себептен де әлі күнге дейін келіндерімнің бұл жөргектерді пайдалануына қарсылық білдіремін және балаларының болашағын ойлаған жас келіндер осыны ескерсе екен деймін.

tom: 0.0001pt; text-align: justify;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: right;»>Әңгімені жазып алған:

Ә.Әбішқызы  

Яндекс.Метрика