2022-08-17

БОЛАШАҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫҢДА ОҚУШЫ мамандығың-мәртебең, кәсібің-нәсібің!

tories/EDW9TS5NSBlX.jpg» width=»250″ height=»143″ alt=»EDW9TS5NSBlX» style=»float: right;» />

       Әрбір адамның тұлға болып қалыптасуындағы маңызды іс – мамандық таңдау. Мектеп бітіруші оқушылар қандай пәнді таңдап, кім болсам екен деген өзекті ой жетегінде жүргені анық. Бұл ретте оқушыға ата-ана мен ұстаздардың бағыт бағдары үлкен ықпал етеді. Десек те, баланың мақсаты мен мамандыққа деген махаббаты бәрінен де маңызды. 
       Жастарымыз кейде жалақысы жоғары мамандық иесі болуға талпынады. Әр адам өз ісін сүйіспеншілікпен атқарса, еңбегінің жемісін молынан көретіні хақ. Оқушы бойындағы қабілетін дер кезінде аңғарып, мамандықты дұрыс таңдаса өз өмірінің бір кірпішін дұрыс қалағаны болмақ. Кейбір оқушылар ҰБТ-да тапсыратын таңдаулы пәнді ата-анасының айтуымен қыркүйекте биология, бір-екі айдан кейін туыстарының айтуымен географияны таңдап онымен де тоқтамай әр пәннің басын бір ұстап жүреді. Егер сіз өзіңізге сенімсіз болсаңыз таңдаулы пәніңіз бойынша қандай факультеттерге оқуға түсіңізге болатынын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарынан сұрап білуіңізге болады. Сондай-ақ, мамандығыңыз мінезіңіз бен ортаға бейімделуіңізге де сай болғаны дұрыс. Бұл жөнінде мектеп педагог-психологы мен әлеуметтік-педагогының көмегіне жүгініңіз.
       Білім ұясынынан биыл қанат қаққалы тұрған жастарыздың пайдасына келесі кеңестеріміз пайдасына жарар деп ойлаймыз: 
       1. Жаста оқыған оқуың таста жазғанмен бірдей. Мектеп қабырғасынан алған біліміңіз сыналар шақ ҰБТ-дан жоғары көрсеткішке қол жеткізіп мемлекеттік грант иегері атансаңыз жарқын болашақ есігі ашылмақ. «Диплом алғандарды да көріп жүрміз» дейтіндер де арамызда бар. Оқығанға не жетсін. Өмір бойы білім алу – бүгінгі күн талабы. Ақылыңыз бен көркем мінезіңіз ұштасып жоғары білім иесі атансаңыз ойыңыздағы жұмысқа орнала-сып, әріптестеріңіздің ортасында да сый-құрметке бөленіп жүресіз. 
       2. Сынақтан сүрінбей өтіп, алайда жинаған балыңыз аз болса әке-шешеңіздің көмегімен ақылы негізде оқуға тура келеді. Жатақхана алдымен грант иегерлері мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттерге беріліп, ақылы түрде оқыған студенттерге шәкіртақы төленбейтінін білсеңіз, енді туыстарыңыздың үйінде немесе пәтер жалдауыңызға тура келеді. Емтихандардың біреуін тапсыра алмай қалсаңыз жазғы семестрде сол пәннің кредит санына ақша төлеп қайтып тапсыратыныңызды ескергеніңіз жөн. Егер жақсы оқысаңыз түрлі себептермен босаған мемлекеттік гранттың біреуі сізге бұйыруы мүмкін. Алған біліміңіздің нәтижесі дипломыңыз жұмысқа орналасуға өмірлік жолдамаңыз болады. Білімге салынған қаржының қайтарымы ретінде қызмет етіп әке-шеше алдындағы перзенттік парызыңызды өтеп, соңыңнан ерген бауырларыңа қолқабысыңызды бергеніңіз жөн. 
       3. «Баланы оқытуды жек көрмедім» деген ұлы Абай өлеңіндегі жолдардың маңыздылығы жыл өткен сайын артпаса кеміген жоқ. Жоғары оқу орынында білім алған жақсы. Ақылы негізде оқытуға әке-шешеңнің материалдық жағдайы болмаса, оған өк-пелемей өз бойыңыздан жақсылыққа жетелейтін қозғаушы күш табуға тырысыңыз. Өкінішке қарай қазір он бірінші сынып бітірген соң сырттай бөлімде оқуға рұқсат етілмейді. Сондықтан, тоғызыншы сыныптан кейін кәсіптік-техникалық колледждер-дің біріне оқуға түсіп бітірген соң, өндірісте жұмыс істей жүріп жоғары білімді сырттай оқып диплом алуыңызға болады. Өзіне сенген құстай ұшады, өзгеге сенген мұртай ұшады. Қай кезде де ақыл мен қайрат қос қанатың болғанда ғана биік самғайты-ныңды жадыңда ұстағаның дұрыс. 
       4. «Өнерді үйрен де, жирен» деген халық даналығы. Егер сіз ұлттық бірыңғай тест тапсырудан бас тартқан болсаңыз, жаныңызға жақын өнердің бірін игеруге тырысыңыз. Олар: қолөнер, ағаш өңдеу, шаштараздық, фотогроф, музыкалық аспаптарда ойнау, тігіншілік, аспаздық осы сияқты көптеген кәсіптің бірін игеріп кәсіпкерлікпен шұғылдануыңызға әбден болады. Бұл мәселені қазірден ойланбасаңыз өмірден өз жолыңызды таба алмай, көп нәрсеге көңіліңіз толмайтын адамға айналуыңыз мүмкін. Әр заманда да адам еңбегімен қадірлі.     Болашақта Сіздің де өзіңіз сияқты балаларыңызды бағып-қағуға еңбек етуіңіздің қажет екенін ұмытпағаныз жөн. 
       Нарық заманы күнкөріс көзін тауып еңбек еткен адамның ғана бағы жанатынын дәлелдеп отыр. «Жұмыс істеп шаршаған-нан, жұмыс іздеп шаршаған жаман» деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай жұмыссыздық мәселесі мазалап жүрген жандарға қоғамдағы өз орнын табуға көмектеседі деген мақсатпен газетіміздің алдағы санында әртүрлі кәсіптің қыр-сыры туралы жазатын боламыз. 
Әлия АХМЕТОВА, «Қызмет» газеті.

Яндекс.Метрика