Ауыздықталмаған арамшөп қауіпті

tories/images.jpg» width=»230″ height=»160″ alt=»images» style=»float: right;» />

       Жатаған у кекіре (Acroptilon repens L) көпжылдық, атпа та­мырлы шөп, күрделі гүлдер тұқымдасына жатады. Қуатты тамыр жүйесі топырақта 10 м. терең­дікке жетеді. Жатаған у кекіре­нің ерекшеліктері, ол қор­дағы қоректік зат – инулинді та­мыр­дың топырақтағы тө­менгі қа­батына жинақтауы және қорек­тік заттарын топы­рақ баптау­шы техникамен егіндікті өңде­ген­де, жатаған тамы­рының кесілген жеріне жылдам жеткізуі арқылы өсіп жер бетіне шығуы, фотосинтез құбы­лысы арқылы тамырлануы. Сондықтан көп­те­ген агротех­никалық әдістерге төзімді бо­лады, қайтадан өсіп жетіледі.
Ауыл шаруашылығы минис­трлігінің өсімдік қорғау және өсімдік карантині департамен­ті­нің мәліметі бойынша жата­ған у кекіре республикада 3 млн. гектар жерге тараған. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2013 жылы 14190 гектар жерге у кекіре арам шөбіне қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, 2014 жылы мемлекет қарамағындағы 1639 гектар бос жатқан жерлерге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
       Тұқымның іс жүзінде таби­ғи жағдайда таралуын тоқтату мүмкін емес. Сондықтан жата­ған у кекіре бар ошақты уа­қытында тұқымы басқа жерлерге тарамай тұрғанда құрту керек. Бір өсімдікте жатаған у кекіренің тұқым беру түсім­ділігі 3 мың дәнге дейін жетеді, оның ішінде 50 пайызы өнгіш­тік қасиетін сақтайды. Толық піскен тұқым топырақта өңгіш­тік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды және 25 градус жылы­лықта, ылғалдылық 20 пайыз болғанда топырақтың құрамына байланысты 2-5 см. тереңдіктен өсіп шығады.
       Жатаған у кекірені тиянақты түрде құрту үшін зерттеу жұмыс­тарын, шөптердің таралу карта­сын жасау керек. Шөптерді жою жоспарына профилактика, агро­тех­никалық-биологиялық және хи­­миялық әдістер кіреді. Шөп­тер­мен тиімді күресу үшін, олар­дың негізгі биологиялық ерекшеліктерін білу керек. Күрес жата­ған у кекіренің тамыр жүйесінің өмір сүргіш қабілетін біртіндеп жоюдан басталады. Тамырдан шығатын улы заттар көптеген екпе дақылдарға зиянды әсерін тигізеді, олардың өсу энергиясын төмендетеді.
       Со­нымен қатар, өнімінің төмендеуі­нен басқа, оның сапасы да төмен­дейді, ұнның дәмі ащы болады. Кекіренің қаптау себептері – карантин ережесінің сақтал­мауы, ең негізгісі – кекіремен күресу жүйесі агротехникамен герби­цид­терді арамшөптің био­ло­гия­лық ерекшеліктерімен бай­ла­ныс­ты Қа­зақстанның әртүрлі климат аймақ­тарында дұрыс біріктіре қолдану қажет. Агро­техникалық әдістердің мақсаты тамырды ұсақ бөлшек­терге бөліп, тамырдағы қоректік орга­никалық зат – ину­лин­нің кө­беюін азайту арқылы тамырдан қайтадан өсуіне жол бермеу. Кекіремен күресудің негізі топырақ өңдеу жүйесі болып табылады. Егіс­тікті орып алған­нан кейін қыршуыш арқылы қоп­сыту (2 немесе 3 рет 10-12 см. терең­дікте) кекіре тамырын кесу арқы­лы ұсақ тамырлардың өсіп жер бетіне шығуына дейін қорек­тік зат­тарды пайдаланып үлгере­ді де, та­мыр жер бетіне шықпай жойылады.
       Кекіре жарықты қалайды, кө­лең­кеде өскенде тұқым бермейді, өсу нашарлайды, бірақ тамыр­да­ғы қоректік заттар, таралу бүр­шік­тері арқылы, жарық болған жағдайда тіпті бірнеше жылдан кейін де жаңадан өскіндер өсіп шығып, таралып көбейе береді. Сонымен қатар кекіренің зиян­дылығы олардың дақылға алле­па­тиялық әсері, тамыр жүйесі мен кекіренің тұқымы бөліп шы­ғарған зиянды заттары бидай, арпа, бұршақ тұқымдарының өсу энергиясын төмендетіп, дақыл­дың өсіп жетілуін бәсеңдетеді.
       Кекіре көптеген жануарларға зиянды, әсіресе жылқы малына, ал қой мен ешкіге зиянсыз, көп­шілік жағдайда шөппен аралас­қан кекіре малдардың улануына әсер етеді, кекіренің бидаймен араласқан тұқымдарынан алын­ған ұнда ащы дәм болады, нан пісіруге қолдануға болмайды.
       Қазіргі кезде кекірені жою жә­не оны карантиннен шығару үшін мына шараларды іске асыру керек. Олар: карантин ережесін сақтау; кекіремен күресу үшін ай­мақтық интеграция-лық жүйе жа­сау және ұсыныстар беру.
О. ТОЛЕМАНОВ,
ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қалалық
аумақтық инспекциясының бас-маман
өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы. 
  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика