ЕНДІ ОЛ ЖОҚ ӨМІРДЕ…

tom: 10pt; text-align: center; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Енді ол жоқ өмірде…

tom: 10pt; text-align: center; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>tories/KOZ.jpg» width=»448″ height=»240″ alt=»KOZ» style=»vertical-align: middle;» />

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Пенде болғандықтан шығар болмашыға өкпелейміз, болмашыға ұрысып та қаламыз, болмайтыннан көңіліміз қалады. Не болмаса жақынымызға көңіл бөлуге уақыт таппай жатамыз қу тірліктің күйбеңімен. Осылай жақын жандардың өзі бір-бірінен алыстап бара жатқандай. Ал, бір күні сол жақыныңыздың өмір көшінен қалғаны туралы хабар келеді. Өкініш өзекті өртейді. Неге, неге деген сұрақтардан шыға алмай жанұшырамыз…

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Күнделікті бітпейтін қауырт тірліктен қолыңыз босамай жатыр. Бір танысыңыз жағдайыңызды білуге қоңырау шалды. Сіз шаруаңыздың тығыздығын айтып, сөзді қысқа қайырып тұтқаны қоя салдыңыз. Көңіл туралы ойладыңыз, сөйттіңіз де іштей мың себеп тауып өзіңізді ақтап алдыңыз да, жағдай сұрасуды кейінге қалдырдыңыз. Бір күні «Енді ол жоқ өмірде» деген суық хабар келсе қайтесіз… Ол үшін қымбат болған,ал,сіз үшін тірлікке жегілген бес минутыңыздың құны көк тиын да болмай қалады.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Санаңыздың тұңғиығына тереңдеу үңіліп қарасаңыз мына шым-шытырық өмірдің ең қымбат қазынасы адам болып шығады. Келісіңіз, келіспеңіз ол солай.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Сол себепті де жаныңызға жақын жандарды қуантуға асығыңыз. Себебі сіздің кішкентай ғана көңіл бөлуіңіз ол адамды қуанышқа бөлеуі мүмкін. Болмашы нәрсемен ғана жақыныңыздың көңілін жадырату аса күрделі, қиын шаруа емес.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Өміріңіздегі қымбат жандардың көңілін көтеруге тырысыңыз. «Мына өмір қамшының сабындай ғана қысқа» деуші еді ғой. Артына бір адымда шегініп көрмеген уақыттың біркүні қымбат адамыңызды ұрлайтынын ұмытпаңыз. Сондықтан, азғантай ғана уақытыңызды бөліп қымбат жандардың көңілін аулаңыз. Олар үшін одан асқан бақыт болмауы да мүмкін.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Уақытыңыз жеткілікті болса да, болмаса да жақындарыңыздың жағдайын күн сайын сұрап тұрыңыз. Тек не керегі бар дей көрмеңіз. Себебі солардың қайсыбірінің қай күні өмірмен қоштасып кете баратынын болжап болмайсыз. Ешкім ешкімде айтып кетпейді… Қолыңызда ұялы телефон бар жердің түкпір-түкпіріне қоңырау шала салатын. Соны тым болмаса жағдай сұрауға тиімді пайдаланыңыз. Одан сіздің абыройыңыз түспейді.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Жаныңызда жүргендерге қуаныш сыйлауға асығыңыз. Олар сіздің қуанышыңыздың арзан-қымбаттығына қарамайды, керісінше үлкен бақыт деп бағалауы мүмкін. Біреуге аз қуанышпен үлкен бақыт сыйлау қиын іс емес… Қызғаныш өртімен қуанышыңызды қимай жүргенде қимасыңызды жоғалтып алмасыңызға кім кепіл. Қуаныш сыйлау теп- тегін дүние,ішіңізге бүкпей шығарыңыз сыртқа, тағы бір адамды қуантасыз.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Жаныңызға жақын жандардың қуанышын бөлісіп, қайғысына ортақтасыңыз. Ол сізде бар көңілдің кішкене бір бөлігі болғанымен басқа үшін үлкен мәртебелі іс болуы мүмкін. «Бөгде адамның жетістігіне қуана білмеген адамға әлеуметтік өмірдің мақсаты да жат» деген А.Чеховтың сөзіне зер салсаңыз болады.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Қазір ғана жаныңызда жүрген адамыңыздың сәл ғана уақыттан соң мәңгілік сапарға аттанып кетуі әбден мүмкін. Қай уақытта, қай күні, тіпті, қанша минуттан кейін қасыңызда жүрген біреудің жоғаларын сіз білмейсіз. Ол болжам мен жобаға келмейтін дүние…

tom: 10pt; text-indent: 1cm; line-height: 115%; text-align: justify;»>Біздің айтарымыз күнде аз ғана, болмашы ғана уақытты жақындарыңызға бөліп тұрыңыз. «Енді ол жоқ мына өмірде» деген суық сөздің кез-келген уақытта естілуі мүмкін нәрсе. Өйткені, бұл — өмір! Өмір адамдардың еркі мен қалауына ешқашанда бағынбайды.

Ж.ШЫНАРБЕКҰЛЫ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика