
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы белсенділерінің ұйымдастырумен « Тарихи күндер тізбегімен» атты тағылымдық іс-шара жалғасуда.
25 – қазан Республика күніне орай қаламыздың жоғары оқу орындары жастары арасында ұйымдастырылған сайыстың бүгін екінші өтті.

Сайысқа қатысқан қыздар « Қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы болып келеді. Ұлтымыздың қай тамағын алмаңыз өте нәрлі, дәмді, адам ағзасына пайдалы дәрумендер мен минералдарға, микроэлементтерге бай, ауруға шипа берер тағамдардан тұрады»- десті.
Айта кету керек, тағылымы мол іс-шараның жастар арасында салт-дәстүрді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыруда маңызы зор.
Ал бүгінгі іс-шараның қортынды нәтижесінде жеңімпаз болып танылған жастарға Шымкент қаласы әкімдігі атынан арнайы диплом және әрбір сайыс бойынша бағалы сыйлықтар табысталады.
More Stories
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
КОНТЕЙНЕРДІҢ ЖАНЫНДА НҰСҚАУШЫ ТҰР
Педагогикалық шеберлік орталығының табысты дамуының келесі кезеңінде институционалды аккредиттеуден өту жоспарда тұр.