«ТМД-ның Мәдени астанасы атанатын жылы Шымкентке 250 мыңнан астам турист келеді»

Т.Ахметов, Шымкент қалалық Туризм басқармасының басшысы:

— 2020 жыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының астанасы болып Шымкент қаласының таңдалғаны бәрімізге белгілі. Әкімдік тарапынан аталған іс-шараға жан-жақты дайындық жұмыстары басталып кеткені қашан. Ағымдағы жылдың 3 наурызында 2020 жылы «Шымкент-Достастықтың мәдени астанасы» жылы аясында өтетін іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шара жоспарына сәйкес, «Шымкент-Достастықтың мәдени астанасы» мерекесінің ашылу рәсімін 2020 жылдың 21 наурызына белгіледі.

tories/20122019-7.jpg» border=»0″ />

Сонымен қатар, наурыз және қараша айлары аралығында ТМД елдері өнер шеберлерінің мерекелік концерті, қала алаңында шеру, ТМД елдерінің фольклорлық биі мен әуеніне арналған фестиваль, «Наурыз»  мерекесіне арналған концерттік бағдарлама, ТМД елдерінің жазушыларымен кездесу, «Жібек жолы» ұлттық салт-дәстүр мен заманауи  қолөнер көрмесі, «ҰОС Жеңістің 75 жылдығына» арналған ТМД елдерінің симфониялық оркестрлерінің концерті, ТМД елдерінің опера және балет театрларының   фестивалі, Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті, «Өнеріміз саған, Қазақстан!» республикалық фестивалі және тағы басқа іс-шаралардың өтуі жоспарлануда.

Қаланың бас қақпасы – аэропорт пен теміржол вокзалы. Қаламыздың әуежайында жаңа терминалдың құрылысы жүргізілсе, Шымкент теміржол вокзалы да «Қазақстан теміржолы» АҚ тарапынан күрделі қайта құрылымдаудан өтпек.

2020 жылы Шымкент қаласына Қазақстанның басқа өңірлерімен шет елдерден шамамен 250 мыңнан астам  турист келеді деп күтілуде.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика