«Шымкент қаласында 2 туристік маршрут және 1 туристік соқпақ қалыптасқан»

Т.Ахметов, Шымкент қалалық Туризм басқармасының басшысы:

– Шымкент қаласының туристік маршруттары мен соқпақтары мемлекеттік реестрге 2019 жылдың ақпан айында енгізілген болатын. Жалпы, қала бойынша қазіргі таңда 2 туристік маршрут және 1 туристік соқпақ бар. Туристік маршруттарды құрудың мақсаттары мен негізгі ойы – қала аумағында орналасқан барлық туристік нысандарды қамти отырып, көрнекті жерлерін туристерге көрсету және айқындау.

tories/20122019-8.jpg» border=»0″ />

Бірінші туристік маршрутымыздың атауы «Қасиетті орындар бойынша тур» деп аталады.  Бұл маршрут  Қошқар ата өзені бойы мен Қошқар ата кесенесі, Ескі қаладағы көне Жәми мешіті, Сайрамдағы Қарашаш ана кесенесі, Ибраһим ата кесенесі, Мірәлі баб кесенесі, Қызыр мұнарасы, Мәртөбе төбесін көру мен тамашалаудан тұрады. Жалпы аралау ұзақтығы 10-11 сағат немесе 35-40 шақырымды құрайды. Екінші туристік маршрут – «Шырайлы Шымкент» экскурсиялық маршруты. Мәдени-ағартушылық бағыттағы бұл бағытқа  Бәйдібек Би монументі, Облыстық өлкетану мұражайы, «Алтын Ай» дөңгелегі, «Жайлаукөл» саябағы, Хайуанаттар бағы, Дедросаябақ, Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы, Қорғасын ауылы, Ескі қаланың тарихи объектілеріне экскурсия, жаңа Қошқар ата өзені бойы және Бейбітшілік көшесі (Арбат) жаяу жүргіншілер аймағын тамашалау кіреді. Бұл бағыттың жалпы аралау ұзақтығы 10-11 сағат немесе 3540 шақырым.

Туристік соқпағымыз экскурсиялық және экологиялық жаяу серуендеуге ыңғайланған. Бұл соқпаққа Қошқарата өзенінің жағалауы (бұлақ басынан бастап «Shymkent Plaza» сауда орталығына дейін) Бейбітшілік көшесіндегі (Арбат) жаяу жүргіншілер аймағы (Әл-Фараби алаңынан Республика даңғылына дейін) жол кіреді. Оның жалпы ұзақтығы 1-2 сағат, немесе 3 км.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика