«ШЫМКЕНТ МАЙ» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

Шымкент қаласындағы «Шымкент май» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру аясында жұмысшылармен кездесу өтті.
Кездесуде Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рүстем Әшетаев Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
–Бұл Жолдау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының кезең-кезеңімен ойдағыдай жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Себебі, біздің қоғамда «Қазақстанның табиғи байлықтарының игілігін не себепті тікелей халық көрмейді» деген мәселе көптен бері айтылып жүрген болатын. Биылғы Жолдауда Ұлттық қордың инвестициялық табыстарының тең жартысын балалардың есепшотына түсіру жөнінде бастама көтерілді. Бұл биліктің қоғамдық пікірмен, халықпен санасып отырғанын дәлелдейді. Мұндай бастамалар мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынасты жетілдіріп, өзара сенімді күшейтуге негіз болады, – деді Р.Әшетаев.
Оның айтуынша, халық өкілдерінен құралған Қоғамдық кеңестің рөлі мен маңызы артқан. Бұл кеңес қаланың тыныс-тіршілігі мен дамуына қатысты маңызды шешімдерді талқылауға және қабылдауға атсалысады. Бұл да қоғамның одан әрі демократиялануының айғағы. Кездесуде жұмысшылар Жолдау жайлы ойларын ортаға салып, өздерін мазалаған сауалдарын қойып, оларға жан-жақты жауап алды.
Жолдауда айтылғандай, «Өнім өндіру үшін, ең алдымен, жер керек. Жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды.  Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық». 

Related Posts

TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика