Өрт сөндірушіге жол бер!

«Жол беру» — жол жүру ережесінің талабы, жол жүруге қатысушы жол жүруді бастауға, жол жүруді жалғастыруға немесе жүзеге асыруға, егер бұл басқа жол қозғалысын жасаушыларға кедергі келтірмейтін болса, қандай да бір маневр жасауға, қозғалыс артықшылығын, жылдамдығын немесе бағытын өзгертуге тиісті емес.

Орта есеппен, 101-нөміріне қоңырау түскеннен кейін кезекші өрт сөндіру бөліміне өрт оқиғасы орнына қала ішінде 5-9 минут шамасында жетуге міндетті. Бұл кезде әрбір секунд қымбат. Алайда, кейде қала көшелеріндегі жүктемелер, әсіресе қарбалас кезеңде мүмкіндік бере бермейді де, өрт сөндіру бөлімдері бағалы уақытын жоғалтып жатады. Кез-келген көлік жүргізушісі маягы мен дыбыстық сиренасы қосылған өрт сөндіру автокөлігін көрісімен оған жол беруге міндетті.

Өкінішке қарай, жолда өрт сөндіру автокөлігіне жол бермеген көлік жүргізушілері сөндіру қызметі өмірін, меншігін, материалдық құндылығын құтқаруға асығып бара жатқан, қасіретті адамның орнында әр қайсысымыздың да болуымыз мүмкін екенін ескере бермейді.

Құрметті жүргізушілер, өрт сөндіру автокөлігіне кедергі келтірмей жол берейік!

С. Абдиханов

Азаматтық қорғау капитаны, Шымкент қаласы  №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары   

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика