ЕЛ ҚОРҒАНЫ — ҚАЙСАР ӨРТ СӨНДІРУШІ

Дархан Жукебаев – қайсар өрт сөндіруші. Шымкент қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі болып қызмет атқарады. Ол талай тілсіз жауды ауыздықтауда алдына жан салмай, алдыңғы шепте жүретін батыл қызметкер. Оған дәлелдердің бірі 2022 жылғы 11 қаңтарда «Асар-1» шағын ауданы, Сейхун көшесінде тұрғын үйде орын алған өртті сөндіру барысында бәрінен бірінші барып,  жанып тұрған 50 литрлі газ баллонды  қауіптілігіне қарамастан, жүрексінбестен қауіпсіз аймаққа алып шығып, оның жарылуының алдын алуы. Осылайша үлкен қауіптің алдын алған ол өрттің де дер кезінде сөндіруіне үлес қосты.

Өрт сөндіруші мамандығы нағыз өжет жандардың мамандығы. Сондықтан да оған тепсе темір үзетін, білекті де жүректі, сыр беріп  сескенбейтін қайсар жандар таңдалып алынады.  Дархан Мейрханұлы да осындай өз кәсіби  біліктілігін үнемі арттырып қана қоймай, жастарға да үлгі болып жүрген жан.

Ол жалпы орта мектепті аяқтағаннан соң 2003-2006 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Автотехникумда білім алады. 2008 жылы әскерге шақырылып, Орал қаласындағы әскери бөлімде Отан алдындағы борышын абыроймен өтейді.

Тәуліктің кез келген уақытында, аптап ыстық пен қақаған аязда  отқа да, суға да түсетін, тілсіз жаумен бетпе бет күресетін, басты мақсат-құтқару деп білетін өрт сөндірушілердің қатарына Дархан Мейріханұлы 2013 жылы қосылды. Яғни бұл саладағы қызметін №1 мамандандырылған жасақта  өрт сөндіруші лауазымынан бастады. Қазір №1 мамандандырылған өрт сөндіру  бөлімнің командирі. Талай өрттерді сөндіруде,  авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде  белсенді қызмет атқаратындардың бірі. Мұның барлығы да қайсар өрт сөндірушінің өжеттілігі мен қызметіне деген адалдығының арқасы.

Отбасында сүйікті жар, 3 баланы тәрбиелеп отырған ардақты әке.

Өз мамандығын мақтан тұтатын, төтенше жағдайлардан тайсалмайтын Дархандай өрт сөндірушілеріміз бұдан әрі де ары мен намысының алдында Отанымызға  адал  қызмет ететіндігіне сенімдіміз!

 

 А. Толтаев

Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика