ЖАҢА ЖЫЛ ҚАУІПСІЗ БОЛСЫН!

Шымкент қаласында «Қауіпсіз Жаңа жыл!» акциясы басталды. Акция аясында Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар басқармасы пиротехникалық бұйымдарды сататын орындарға рейд жүргізуде.

ТЖ қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ ақаулы жылыту аспаптарын пайдалануға жол бермеу қажеттігі туралы еске салады.

Қатаң түрде тыйым салынады:

  • сатып алынған пиротехниканы қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысқанға дейін пайдалану;
  • 5 м/с астам жел кезінде пиротехниканы қолдану;
  • қауіпті аймақта (қаптамадағы қауіпті аймақ радиусын қараңыз) адамдар, жануарлар, жанғыш материалдар, ағаштар, ғимараттар, тұрғын үй құрылыстары, электр сымдары болған кезде пиротехниканы жаруға;
  • салюттерді қолдан іске қосу (шартылдақтарды, бенгал оттарын, фонтандардың кейбір түрлерін қоспағанда) және оларды пайдаланғаннан кейін 2 минут ішінде бұйымдарға жақындау;
  • өнімді пайдалану кезінде оған еңкейіп қарау;
  • жарамдылық мерзімі өткен, көзге көрінетін зақымдары бар бұйымдарды пайдалану;
  • қолдану жөніндегі нұсқаулықта және осы қауіпсіздік шараларында көзделмеген кез келген іс — әрекеттерді жүргізуге, сондай-ақ дайын бұйымдарды бөлшектеуге немесе қайта жасауға;
  • пиротехниканы жабық үй-жайларда, пәтерлерде, кеңселерде пайдалануға, сондай-ақ балкондар мен лоджиялардан отшашуды іске қосуға;
  • балаларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше іске қосуға рұқсат ету;
  • қолдан жасалған құралдарды қолдану;
  • электр жылытқыштарды перделерге, төсек-орынға және басқа да тез тұтанатын заттарға жақын орнатуға;
  • басқа құрылғыларды жылытқышы бар бір розеткаға қосуға;
  • жылытқыштарда киім-кешекті немесе басқа заттарды кептіруге;
  • балаларды электр жылытқыштар желісіне қосылған ересектердің қарауынсыз қалдыруға қатаң түрде тыйым салынады.

А. БАБАШ
Еңбекші ауданы ТЖ басқармасы

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика