2024-07-27

…МЕНІ ҚАШАН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ ДЕП КҮТІП ЖҮР

tom: 0.0001pt; text-align: center;»>…Мені қашан қазақша сөйлейді деп күтіп жүр

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Әлі қазақша сөйлей алмай жүрген қандастарымызды  ақтайтынымыз бар. Көбіне қоғамды кінәлаймыз, кеңестік дәуірді кінәлаймыз, мемлекетті де кінәлап аламыз. Неге тілге көңіл бөлмейді деп. Тек қана тіл білмейтін адам кінәлі емес.Қызық.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Сондайларға қазақ тілін үйретеміз деп ұсыныс айта барғанда кейбірі шошына қарап, «мен қазақпын, қазақша сөйлей аламын» деп орысша жауап қатып , есікті тарс жабатындарды көзіміз көрді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Осындайларды  көріп, қарным ашып жүргенде,  біздің орталыққа  маған қазақ тілін үйретіңіз деп тұр деп үкідей сары қыз келді. Жалпы орыс қыздарының тіл үйренемін деп бізге келуі таңсық емес, алғашқыда сондай көптің бірі екен,-деп ойлағанмын, күнделікті жұмыс істей келе ол сары қыздың талабы да тәрбиесі де өзгеше екенін ұқтым.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>     Сары қыздың аты-жөні: Матвеева  Наталья  Сергейқызы. Қазақ отбасына келін болып түскен, тіл үйренуінің бір сыры осында жатыр. Жарайды,бұл жаңалық емес, қазаққа күйеуге шыққан өзге ұлт бойжеткендері аз ба дерсіз. Мұныңызбен де келісеміз. Наташаның  артықшылығы  тілмен бірге  біздің қазақ  ұлтының  мәдениетін, салт-дәстүрін бойына сіңіруді мақсат еткендігінде. Оның ата-енесіне деген(жарын айтпай-ақ қояйын) махаббатын ерекше болды. САбаққа келген сайын жаңалығын бөлісіп отырады. Бірде кеше маған атам хат жазыпты, хатында маған: атаң, деп қойыпты, бұрын тәуелдік жалғауын білмейтін кезде түсінбейтін едім, қазір, тәуелдік жалғауының  тәуелділікті білдіретінін білемін,атаң деген жолды көргенде, мен қатты қуандым, себебі атам мені қабылдағаны ғой, деп, мәз-мейрам болды.  Бізде қуандық. Бірде менің атам тәрбие жөнінде кітап іздеп жүр, маған кітап тауып беріңізші, атамның бір әжетіне жарайын, атамды қуантайын деп едім, деп келді.  Шынайылық бас идіреді ғой, мен еріксіз кітап  іздеуге  кірістім. Тағы бір сабақта, енем ауырып қалып еді, сол кісіні күтуім керек, маған тапсырманы үйге бере салыңызшы, енеме қарауым керек,-деп отыр. Жүрегім елжіреп « жарайды енеңіз жазылғанша келмей-ақ қойыңыз», -демеймін бе… естіген жауабым мынадай болды.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>-Ол кісілер мені қашан қазақша сөйлейді екен,- деп, күтіп жүр ғой,нәтижесін көрсетуім керек, болмайды, ертең үй тапсырмамды көрсетуге келемін деп тұр. Қалай ғана   риза болмайсың.  Сары қызды бақылап жүріп ойланамын, біздің қазақ қыздары осы сары қыздан үлгі алса ғой деп. Тілді де құрметтейді, жөнін біледі, ата-енесі мен күйеуіне деген ықыласы ерекше. Отбасына сіңуге барын салып жүр…

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>       Осылай Наташамен бірге тілді де, салт-дәстүрді де меңгердік. Меңгердік емес-ау, орыс қызының бойына, болмысына сіңірдік. Өйткені оның қазақ ұлтына деген құрметі, қызығушылығы ерекше болды. Осылай ол қазақ отбасына өз баласындай сіңіп кетті. Ол маған әлі күнге дейін хабарласып тұрады. Қазақтың санын көбейтемін дейді. Бұл оның адамдық парызы, ұлтқа деген адалдығы. Соңғы рет хабарласқанында өзіміздің салт-дәстүріміз бен мәдениетіміздің дамуына үлесімді қосамын деді. Бұл енді оның қоғам алдындағы азаматтық парызы. Мен қуандым. Тіліміз бен дәстүрімізге адал осындай шәкіртімнің болғанына. Тілді осылай сүйіп құрметтеу керек, біздің қазаққа.Әр қазаққа.

tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 22.7pt;»>Гүлшахар Өтебайқызы 

tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 22.7pt;»>Тіл оқыту орталығының маманы

Яндекс.Метрика