«Көкбөріміз» төбемізді көкке жеткізді

tories/%20.jpg» width=»255″ height=»172″ />Айбек Қырықбай, лақап аты — “Көкбөрі”. Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің Петропавлдағы Әскери институтының қызметкері, лейтенант, 25 жаста. Қазақ күресімен, қоян-қолтық жекпе-жекпен айналысады. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Спорт саңылағының осы атақтарына күні кеше тағы бір аса ірі жетістік қосылды. Ол Алматыда қоян-қолтық ұрыстан өткен үшінші әлем чемпионатында ауыр салмақта қарсыластарының бәрінен күш-қуат пен амал-айла асырып, жеңіс тұғырының ең биік баспалдағына көтеріліп, Қазақстан Гимнін шырқатты.

   Жеңімпаз жерлесіміздің алғашқы тілеулесінің бірі болып, телефон арқылы тілдесіп, жеңісімен құттықтаған соң одан жарыс барысын сұрағанымда былай деді:

– Әлем чемпионатының алдында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан жеңімпазы атандым. Сол себепті 86 килограмм салмақта ел құрамасына қабылдандым. Алматыдағы жекпе-жектерде төрт кездесу өткізу керек болды. Бірінші ұрысымда болгариялық қарсыласым, неліктен екенін білмеймін, шықпай қалды. Екінші қарсыласым – Израильден келген спортшы. Одан басым болдым. Үшінші жекпе-жекте әзірбайжандық әріптесті ұттым да, ақтық бәсекеге шықтым. Соңғы ұрыста қарсыласым өзбек жігіті еді. Елі-жұрты жақын болғасын ба, оның да тілеулестері көп-ақ екен. Бірақ “Күш атасын танымайды!” дейді ғой, оны да ұтып, бас жүлдені қанжығаға байладым, – деді Айбек.

     Айбек Моңғолияда туған. Атасы қазақ күресінің майталманы екен. Күрес атадан мирас болған. “Көкбөрі” деген лақап аты жеңіске жеткен кезінен Айбекке қосарланып кетіпті. 2004 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Қарағандыға орныққаннан бері оны әйгілі бапкер Сергей Валуев күреске жаттықтырса, сонымен қатар ол 2004 жылғы Афина Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Серік Елеуовтен дәріс алып, жұдырықтасуға машықтанған. 2010 жылдан бері Петропавлда тұратын Айбек соңғы жылдары біздің өңірдің намысын қорғап келеді. Оның үздік нәтижесі – әлем чемпионы атануы.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысы,

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Related Posts

Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика