АҒАШ ЕГУ – КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР САЛТЫМЫЗДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ЖОЛЫ

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп бабаларымыз бізге табиғатқа қамқорлық танытып, ағаш егудің астарында болашағыңа жасалған жақсылықтың бар екенін аманаттап кеткендей. Қазіргідей технология мен жаһанданудың жаңа дәуірі басталған заманда қоршаған ортамызды жасыл желекке айналдыру кезек күттірмес мәселе болып тұр.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 наурыздағы №413 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар» жоспарында 2021-2025 жылдар аралығында 2,0 млрд. әртүрлі ағаш түрлерін егу жұмыстарын қолға алу тапсырылған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 ақпандағы №86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарында берілген тапсырмалары мен Наурыз мейрамын тойлау қарсаңына орай әзірленген концепцияға сәйкес «Мекенім – жасыл орманым» атты жалпыұлттық ағаш отырғызу күні мен «Бірге таза Қазақстан» атты қаламызда  жалпы тұрғындардың қатысуымен сенбіліктер өткізілді.

Көктемді ерте қарсы алатын, ауа райы қолайлы біздің өңірімізде атқарылуы аса маңызды іске шымкенттік өрт сөндірушілер де белсенді ат салысты. Қаламыздың төрт ауданына қарасты өрт сөндіру бөлімінің қызметкері оқушылар, волонтерлер, қоғамдық бірлестіктер, жеке кәсіпорындар, барлық бюджеттік мекеме қызметкерлерімен бірге қаланы тазарту, сондай-ақ, ағаш отырғызу жұмыстарын белсенді жүргізді.  Бұл – өскелең ұрпақ алдындағы міндетіміз, әрі әрбіріміздің күнделікті өмір салтымызды жақсартудың таптырмас жолы деп білеміз.

Барлығымыз жұдырықтай жұмылып, табиғатқа қамқорлық таныту арқылы өңірімізді жасыл желекке айналдыру жұмыстарына бұдан кейін де бірге ат салысайық!

А. ТОЛТАЕВ

Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика