КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНА ШАҚЫРАДЫ

Шымкент қаласының ТЖ департаменті жеке құрамы соңғы жылдары жас мамандармен толығып келуде. Азаматтық қорғау саласында білікті мамандарды дайындау жұмыстары республика көлемінде бірегей жоғарғы оқу орны болып табылатын Көкшетау техникалық институтында жүргізіледі.

Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

бірінші кезеңде, қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ немесе КТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізеді;

екінші кезеңде, медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі;

үшінші кезеңде, талапкерлер біліктілігін нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша мына сынақтарды тапсырады: бағанада тартылу, 100 және 3000 метр жүгіру;

төртінші кезеңде, қабылдау комиссиясы курсанттар қатарына қабылдайды.

Институтқа оқуға қабылдау медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ және КТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі. Курсанттар қатарына қабылдау конкурсты өткізу кезінде басым құқыққа мыналар ие:

  1. «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғалар;
  2. дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар тұлғалар;
  3. жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары;
  4. республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары;
  5. ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары.

ҰБТ немесе КТ сертификаттары балдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, оқуға қабылдануға басым құқыққа мына үміткерлер ие болады:

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  •  үздік білімі туралы құжаттары (атестаттары, куәліктері, дипломдары) бар тұлғалар.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары оқуға түсетін талаптар бойынша белгіленген шектеу балын алған жағдайда институтқа сайыстан тыс қабылданады.

Институтқа түсуге ниет білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекенжайы бойынша Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті кадр саясаты басқармасына өтініш (ерікті түрінде) береді.

Институтта мына мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі:

«5В100100 – Өрт қауіпсіздігі»

«5В103100 – Төтенше жағдайларды қорғау»

«5В103200 – Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері».

Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану және мына мөлшерде мемлекеттік шәкірт ақымен қамтамасыз етіледі: 1 — 2 курс – 7892 теңге, 3 курс – 13697 теңге, 4 курс – 27395 теңге.

Бірінші, екінші және үшінші курс курсанттары казармалық жағдайда, төртінші курс Көкшетау қаласында еркін тұрады. Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.

Институттың мекенжайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі №136, Факс: (87162)-25-14-96, қабылдау бөлімі: 25-52-49, кадр саясаты бөлімі: 25-04-01, кезекші бөлімшесі: 25-13-36, 25-48-52, ресми сайты: www.kti-tjm.kz

Институтқа оқуға түсу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кадр саясаты басқармасына мына телефон арқылы 8-7252-44-94-54 хабарласуға болады.

Шымкент қаласы ТЖД кадр саясаты басқармасы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика