2022-12-07

Бүгінгі бұқаралық спорт…

Spread the love

tories/medeo2.jpg» border=»0″ width=»270″ height=»151″ align=»left» />Бұқаралық спорт – әр­кімнің жеке басына тәуелді іс. Спортпен шұғылдануды әркім өзі шешеді.Уақытына, қалтасына қарай. Алайда, спортпен жүйелі шұғылданатын адамдарға жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, халықты спортқа тарту тетіктерін қарастыру — мемлекеттің ісі. Спорт деген сиқырдың адам бойына күш-қуат беріп, рухани болмысын жаңғыртатыны даусыз. Сондықтан, бүгінгі қазақстандық қо­ғамда бұ­қаралық спортты дамыту тө­тенше ма­ңызға ие болып отыр. Халықтың саулығы, салауатты өмір сүруі өзекті болып болып тұр.  Оған себеп елдегі бала туу көр­сеткіштерінің төмендігі, жүрек-қан тамыр­лары ауруларынан, нашақор­лық, темекі және алкоголизмнен зардап шегушілер мен өлім-жітімнің артуы, фи­зи­калық һәм ақыл-ой тұрғысынан даму­дың тежелуі, айналып келгенде, ұлт қауіп­сіздігіне, халықтың санасы мен параса­тының өсуіне, рухани дамуына қауіп төн­ді­ретін факторлар екендігі айтпаса да бел­гілі жағдай. Осының бәрі айналып келгенде, елдің еңсе тіктеуіне, эконо­микалық өрле­уі­не, саяси тұрақтылығына залалын тигізбей қой­майтынына дауласпайтын шығарсыз.Сондықтан бүгінде Сіз бен бізді спортқа тарту үшін, дені сау қоғам құру үшін, халықты салауатты өмір салтына бейімдеу үшін мемлекет барын салуда

Статистика не дейді?

Дамыған елдерде халықтың дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттарымен қамтамасыз ету көрсеткіші 80 – 100%-ды құрайды. Еуропа елдерінде бұқаралық спорт мемлекеттік спорт саясатының басымдығы болып табылатынын атап өту қажет. Атап айтқанда, Германияда халықты спортпен айналысуға тарту үшін жергілікті спорт ұйымдарының құзырындағы 80% жерлерге әртүрлі спорт ғимараттары құрылысына көңіл бөлінеді. Көптеген елдерде практикада мемлекеттік лотереядан спорттық ұйымдардың бюджетіне түсімнің біршама үлесі байқалады.
      Сонымен қатар, баршаға арналған спорттың қаржылық ресурс көздері ретінде кәсіпкерлікті дамыту тән. Осы бағытта спорттық қызмет көрсетудің капиталды көп қажет ететінін ескере отырып, осы салада коммерциялық ұйымдарды ұйымдастыру жоғары бастапқы капиталды талап етеді. Осы мақсатта тек табысы жоғары халықтың спортпен айналысу қажеттілігін қамтамасыз етуді болдырмау үшін мемлекет тікелей немесе жанама түрде спорттық коммерциялық ұйымдардың қызметіне қатысады.

Қазіргі таңда елімізде халықтың 20 пайыз­ға жуығы, яғни 3,3 миллион адам дене шынықтыру және спортпен айналы­сады деген мәлімет бар. Бүгінгі күні бүкіл ел бойын­ша өткізілетін спорттық-бұқаралық және денешынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны да артып келеді. Тек былтырғы жылдың өзінде 18 мыңнан астам бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізілді, оларға 4,1 миллионнан астам адам тартылды. Сондай-ақ, бұл саланың дамуына  үздік жетістік­терімен елге танымал болып жүрген спортшылардың жарқын жеңістері де ха­лықты, соның ішінде, әсіресе, жастар мен жасөспірімдерді алға жетелейтін, «сондай болсам ғой» дейтін үміт отын жағатын бір фактор екенін атап өтейік. Сайып келгенде, бұқаралық спорт жайдан-жай өз еркімен дамып кететін нәрсе емес. Оған қозғаушы бір күш, жүйелі саясат қажет екеніне көз жеткізіп отырмыз қазір. Бұқаралық спорт саласы болсын, басқа да спорт саласы болсын ең алдын жастар мен жасөспірімдер назарға алатыны белгілі. Мемлекет өз болашағын сол жастармен елестетеді. Сол себепті мемлекет тарапынан жастар денсаулығы, жастар спор­тына ерекше көңіл бөліп, бұдан екі жыл бұрын бірқатар жаңа спорттық ұйымдар ашылды. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақ­стан облысында балалар мен жасөспі­рім­дер спорт мектебі мен нысана көздеу бо­йын­ша олимпиадалық даярлау республи­калық орталығы, Алматы облысында балалар мен жасөспірімдердің ат спорты түрлері бойынша республикалық спорт мектебі ашылды. Бүгінгі таңда елімізде барлығы 423 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 8 республикалық және 17 өңірлік олимпиадалық ізбасарлар даярлау орталы­ғы жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамытуда мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы да ескеріліп отыр. Бүгінгі күні республикада 193 мүмкіндігі шектеулі жандар спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері атанды. 2011 жылы 57 адам спорт шеберлігінің және 9 адам халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындады. Жыл сайын мүгедек спортшылар арасында республикалық және халықаралық деңгейде 70-тен астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі, оған 5 мыңнан астам адам қатысады.

Бізде осындай нысандар бар

Елімізде  спортты дамытуға ден қойылып, дене тәрбиесін ілгерілету үшін сәулетті стадиондар мен спорт кешендерін жөнге келтіру қолға алына бастады. Бүгінгі таңда біздің елде қазіргі заманғы халықаралық стандартқа сай спорттық ғимараттар саны көбейіп келеді.

Жалпы, кейінгі жылдары республикада спортты дамы­тудың негізі көрсеткіштерінің өсіп, мате­риалдық-техни­калық базалардың көбейіп келе жатқанды­ғы байқалады. Мәселен, 2011 жылдың ба­­сында еліміздегі спорт­тық ғимараттар­дың саны 31 266 бір­лікке жетті. Әрі жыл сайын спорттық ғимарат­тардың саны күн санап өсіп келеді. Бұл тұрғыда 2005 жылы рес­публи­кадағы спорттық ғимараттар саны­ның 28 666 бірлік болғанын айта кетсек, артық етпес. Сонда бес жылдың ішінде спорттық ғимараттар саны 2600 бірлікке өскен. Биыл жыл соңына дейін жаңадан 936 құрылыс бой көтермек. Ауылдық жер­лерде 721 нысан, жекеменшікте 690 нысан пайдалануға берілді. Жыл басынан бері бірнеше спорт­тық кешендер мен ғимарат­тар пайдала­нуға берілді. Республикамыз­дың көптеген облыс және аудан орталық­тарында ашылу салтанаты ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып, құрылысы аяқ­талуға айналған спорттық кешендер де біршама.

Соңғы жылдары Ақмола және Атырау облыстарында екі Спорт сарайы салынып, Қостанай және Павлодар облыстарында екі Спорт сарайы қайта құрылымданды. Атырауда жүзу бассейні бой көтеріп, Астанада Ұлттық теннис орталығы мен бокс орталығы бой көтерді. Алматыдағы «Шаңырақ» ықшамауданында үш залды, 50 метрлік бассейні бар спорттық кешен пайдалануға берілді. Былтырдың өзінде спорттық кешендер саны – 16 бірлікке, ал спорттық залдар саны 34 бірлікке артты. Сондай-ақ 13 теннис корттары орталығы салынды. Ақтөбе облысындағы алты корты бар теннис орталығын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашып, тұсауын кесті. Ал биыл Талдықорғанда қала күнінде жаңа теннис орталығы ашылды. 14 мыңға жуық шаршы метр аумақты алып жатқан теңдес­сіз теннис орталығында да алты корт бар. Олардың төртеуінің төбесі ашық та, екеуі­нің төбесі – жабық. Бұл сәулетті ғиммарат Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тойына тарту ретінде салтанатты түрде ашылды.
Елбасының жыл сайынғы Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатын­да Барлық облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдік­теріне дене тәрбиесі мен сауықтыру орта­лық­тарын дамыту тапсырылды. Мұндай орталықтарды тек облыс орталықтарында емес, аудан орталықтары мен шағын қалаларда салу қолға алынып, бүгінде солардың үлгілік жобасы жасалып жатыр. Айта кету керек, VІІ Қысқы Азия ойындарына  арнайы са­лынған нысандар еліміздің спорт­тық инфрақұрылымын едәуір нығайтты. VІІ Қысқы Азия ойындарын өткізу шеңберінде барлығы 10 спорт нысаны жаңадан салынып немесе тұтастай қайта жаңғыртылды. Айта­лық, Алматыдағы «Медеу» мен «Шым­бұлақ» кешендері, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы түгелімен қайта жаңғыртылып, велотрек, «Алау» коньки стадионы, Алматы облысында шаңғы және биатлон кешені, Алматы қаласында трамплин кешені жаңадан салынды.

Бүгінде біздің елде мақтан тұта алатын халықаралық деңгейдегі спорттық кешендеріміз баршылық. Әр қаланың өзінің спорттық брендіне айнала бастаған стадиондарымыз да – бірсыпыра. Енді солардың кейбіреулеріне тоқталып өтсек.

«Медеу» мұзайдыны

Алатау бөктерінде, Медеу шатқалында салынған мұзайдын. Теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Құрылысы 1949 жылы басталып, 1951 жылы 4 ақпанда бі­рін­ші ресми жарыс өткізілген. Бірақ 1972 жылы ғана жасанды мұзайдын төселген. Мұзайдынды төсеген архитекторлар мен инженерлер КСРО Мемлекеттік жүлдесімен марапатталған. Әлемдегі ең биікте орналас­қан мұзайдын. Жасанды мұзайдынның ауданы – 10,5 мың шаршы метр. Таза тау суы­­нан құйылған мұзымен ерекшеленіп, мұн­да конькимен жүгіруші дүлдүлдер 200-ден астам әлем рекордын жаңартқан. Сон­дықтан «рекордтар фабрикасы» атанған да. Мұз қатырылатын ауданының қалың­дығы – 2,3 метр. Жасанды мұзды қатырып тұратын жүйесі әлемде теңдессіз болып саналады. Соның арқасында алматылықтар мен қала қонақтары «Медеуде» қысы-жазы коньки тебе алады (жылдың сегіз айы бойы).Конькишілер жарысымен қоса, допты хоккейден «Динамо» (Алматы) клубы үйдегі ойындарын өткізіп тұратын. 1990 жылы спидвейден (мұздағы мотожарыс) әлем чем­пионаты өткен. 1990-2004 жылдар ара­лы­ғында «Азия дауысы» эстрадалық байқауы өткізіліп тұрды. VІІ қысқы Азия ойындарына қарсы күрделі жөндеуден өтіп, инженерлік-техникалық жүйелері ауыс­ты­рыл­ды. Жаңа мультимедиялық табло орна­тылды (ауданы – 200 шаршы метр). Сы­йым­дылығы 8500 орынға дейін ұлғай­тылды. Ақ Азиада кезінде допты хоккей ойындары өтті.

«Астана-арена» стадионы

Елордамыз Астанадағы теңдессіз ста­дион 2009 жылы 3 шілде күні ашылған. Сы­йым­дылығы – 30 000 адам. Төбесі 20 ми­нуттың ішінде ашылып, жабылады. Осы «ша­­ты­ры­ның» ауданы – 10 000 шаршы ме­тр. Мұндай стадион әлемде алтау-ақ. Ау­даны – 232, 485 шаршы метрлік эллипстік жоба (330 х 704,5 м). Жаңа инновациялық техно­логиялардың барлығы дерлік қолда­нылған. Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масы мен «Астана» футбол клубы үйдегі ойындарын осы стадион­да өткізеді. Басқа да мәдени шаралар ұйым­дас­тырылып тұра­ды. VІІ қыс­қы Азия ойын­да­рының ашылу салтанаты осы сәулетті стадион­да өткен.

Шаңғымен тұғырдан секіру кешені

Шаңғымен тұғырдан секірушілерге ар­налған халықаралық кешен. Соңғы үлгіде салынған, қыста да, жазда да шаңғымен тұғырдан секіре беруге болады. Халықара­лық шаңғы спорты федерациясының талап­тарына сай екі тұғыр (К95 және К125) са­лын­ған. Тұғырдан секіру кешенінің құ­ры­лысын халықаралық сарапшылар тех­ни­калық жағдайы мен сәулеті жағынан әлем­дегі ең үздік жобалардың бірі деп бағалаған. Көгалдарды суғару жүйесі, аспалы тасымал­дау жолы және лифттері бар. Сыйымдылығы – 5 500 адам. VІІ қысқы Азия ойындары бағ­дарламасындағы шаңғымен тұғырдан секі­ру­­шілер сайысы өтті. Оның алдында әлем Құр­лық кубогы өткізілсе, биыл күзде «Гран-при-2011» халықаралық турнирі ұйымдас­тырыл­ды. Болашақта бұл спорттық кешенде әртүрлі мәдени шаралар өткізу жоспарланып отыр (концерттер, әртүрлі шоу бағдарлама­лар). Қос тұғыр халықаралық стандартқа сай са­лын­ғанмен, ондағы жұ­мыс­тардың бар­лығы әлi толық аяқталған жоқ. Алдағы уақыт­­та бұл кешен «Сұңқар» саябағы бо­лып кеңейтiлген түрде жұмыс істейтін бо­лмақ. Тұғырлардың жа­ны­нан 89 гектар аумақтағы жерге биат­лон, фристайл, бобслей стадион­дары мен ве­ло­жолдар салынады.

«Сарыарқа» велотрегі

Астанадағы көз тартар спорттық кешен­дерінің бірі. Халықаралық стандарттардың барлығына сәйкес келеді. Ашылғанына бір жыл өтер-өтпес уақыт болса да, халықара­лық дүбірлі додаларды өткізу мәртебесіне ие болып, өзі­нің ғажаптығын дәлелдеп келеді. VІІ қысқы Азия ойындарынан кейін, биыл қараша айының басында велотректен әлем кубогының бірінші кезеңдік бәйгелері ұйым­дастырылды. Бұл велотректен қазақ топыра­ғында тұңғыш рет өткен аламан дода еді. Ха­лық­аралық велосипедшілер одағының ( UCI ) техникалық нұсқаушысы Бернард Дар­мет велотректі әр қырынан бір өлшеп, мін таба алмай: «Бұл велотрек әлемдегі ең үздік велотректің бірі болады. Мұндай ғимаратты бұрын-соңды көрмеген­мін», – деп кетіпті. Вело­шабандоздың қал­па­ғына ұқсатып салын­ған велотректің параметрлері: жалпы ұзындығы – 250 метр, ені – 7 метр. Велотрек­тің айналма бұрылыстағы жантаю бұрышы 44 градус болса, ұзыннан жатқан жолы – 13,5 градус. Велотрек табаны Сібір балқара­ғайынан төселген.

«Алау» мұзайдыны

Елордадағы халықаралық деңгейдегі көрнекті кешендеріміздің бірі болып табы­лады. Қараша айының аяғында атал­мыш мұзайдында конькимен жүгіру спортынан әлем кубогының екінші кезеңдік жарыстары өтеді. Мұзайдыны жолағының ұзындығы – 400 метр. Шайбалы хоккейге арналған екі корты бар. Төрешілер алқасына және баспа­сөз жиынын өткізуге арналған залдары бар. Спотшылар киім ауыстыратын бөлмелерінің саны – сегіз. Басқа да әмбебап залдары мен фитнес орталықтары бар. Мұнда конькимен жүгіру спортынан, шорт-тректен, шайбалы хоккейден, керлингтен, мәнерлеп сырғанау­дан ірі жарыстар мен додалар өткізіп, жаттығу жұмыстарын жүргізе беруге болады. Соңғы үлгідегі техникалық жабдықтары мен архитектуралық жобасы үйлесім тапқан деп айта аламыз. «Алау» жабық мұзайдыны аз ғана уақыттың ішінде әлемге «мұзы жылдам» шаңырақ ретінде танылып үлгерді. Мысалы, VІІ қысқы Азия ойындары кезінде мұнда конькимен жүгіруші желаяқтар Азияның 9 рекордын жаңартты. Осылай, қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде «Алау» дүние- жүзіндегі конькишілер стадиондары рейтін­гінде бірден 17-орынға бір-ақ көтерілді (641 мұзайдын ішінен).

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы

Алматыдағы бұл спорт және мәдениет сарайы – еліміздегі ең «егде» ғимарат. 1967 жылы пайдалануға берілген. Қазақстандағы халықаралық додалар ең көп өткен киелі шаңырақ. Көпфункциональды әмбебап ке­шен. Волейболдан, күрес түрлерінен, дзюдо­дан, бокстан, кик-боксингтен, қол добынан, шайбалы хоккейден, ауыр атлетикадан, баскетболдан, футзалдан және тағы да басқа спорт түрлерінен халықаралық деңгейдегі ірі додалар өткен. Эстрадалық концерттер мен мәдени шаралардың да ошағы болған.  2011 жылы 6 ақпан күні VІІ қысқы Азия ойын­дары­ның ашылу салтанаты ұйымдас­тырылды. Ақ Азиада қарсаңында қайта құрылымдаудан өтіп, жаңа мәтінде өңделді. Инженерлік-техникалық коммуникация­ларының барлығы ауыстырылды. Қосымша бөлмелер мен кешен­дер (медициналық, теледидарлық) жапсарланып салынды. Сыйымдылығы – 5000 адам.

Ұлттық теннис орталығы

Астанадағы ең көрікті спорттық ғимарат­тардың бірі. 2008 жылы 4 шілде күні Аста­на­ның 10 жылдығына арналып ашылған. Мұнда төбесі жабық негізгі корттағы кездесулерді 2700 адам тамашалай алады. Жалпы, сегіз төбесі ашық және бес төбесі жабық корт бар. Жаттығу өткізетін корттары­ның саны – үшеу. Олардың бәріне де жоғары және орташа жылдамдықты «хард» және «rukort» төсеніштері төселді. Үлкен теннис, басқа да спорт түрлерінен ірі халықаралық додалар ұйымдастырылып тұрады. Соның бір дәлелі, ашылған бетте көркем гимнас­ти­кадан әлем кубогының кезеңдік сыны өткізіл­ген.

Талдықорғандағы теннис орталығы

Биыл Жетісу орталығында ауқымды тен­нис орталығы ашылды. Оның аумағы 13 861 шаршы метрді алып жатыр. Әрі жыл бойы үздіксіз жұ­мыс істеуге лайықталған. Онда төрт төбесі ашық және екі төбесі жабық корт бар. Төбесі жабық корттағы доданы 200 жанкүйер тамашалай алады. Олардың таба­нына Ита­лия­дан әкелінген көп­қабатты «хард» төсе­ніштері мен ашық алаң­ға лайық­тал­ған төсе­мелер төселген. Барлық жағдай қарасты­рылып, әкімшілік-тұрмыстық бөлім­дері, жуынатын және шешінетін бөлмелері, медициналық кабинеттері жұмыс істейді.

Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадион

Тек футболға арналған, жүгіру жолдары жоқ. Мұндай стадиондар Қазақстанда некен-саяқ. Қабырғасы 1975 жылы қаланған. Алаң көлемі – 104 х 68 метр. Сыйымдылығы – 13 500 адам. Халықаралық футбол матчта­рын өткізу құзырына ие болып, УЕФА серти­фикатын алған.

Жалпы, Қазақстандағы стадион­дар­­дың ішіндегі сыйым­ды­лығы жөнінен ең үлкені – Қа­жы­мұқан Мұңайтпасов атын­да­ғы орталық стадион. Шым­кент­тік «Ордабасының» үй­дегі алаңына жанкүйер лық то­ла­тындай жағдай туса, 37 мың адам матчты стадионда та­машалай алады екен. Екінші орын­да – «Астана-Арена». Ал­­ма­­тының орталық стадио­ны­на 26 242 адам еркін сыя­ды. Қарағандылық «Шахтер­дің» стадионы – 19 500, Ақ­тө­бе­дегі Қобыланды батыр атын­да­ғы орталық стадион – 13 500, Тараз орталық ста­дио­ны – 12 525, Астанадағы Қ.Мұ­ңайт­пасов атындағы ста­дион – 12 350, Павло­дар­дағы ор­та­лық стадион – 12 000, Қы­зыл­жардағы «Аван­гард» ста­дио­ны – 11 000, Тал­дықор­ған­дағы «Жетісу» ста­дионы – 10 000, Қостанай орта­лық ста­дионы 8 323 адам­ға ар­налған. Қаза­қ­стан­дағы ең кіші ста­дион деп Ақ­таудағы «Кас­пий» футбол клу­бының «Жас­тар» стадио­нын айтуға бола­ды. «Жастар­ға» ең көп дегенде үш жарым мың адам кіре ала­ды.

Ал оңтүстікте…

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкент қаласының өзінде биыл жыл сойыңа дейін 7 спорттық нысан бой көтеретін болады. Өткен жылы облыстың аудандары мен қалаларында күрделі жөндеу және ағымдағы құрылыс жұмыстары жүргізілді. Оған жергілікті бюджеттен 1 миллиард 30 миллион 524 мың теңге , облыс бюджетінен 1 миллиард 99 миллион 900 мың теңге және демеушілер есебімен 146 миллион 350 мың теңге бөлінген.Сондай-ақ, Республикалық бюджеттің есебінен Шымкент қаласындағы Абай саябағының аумағында Халықаралық теннис кортының құрылысы жүргізілуде. Оған 925 миллион теңге бөлінген. Жобаға сәйкес, 8 ашық және 4 жабық корттар жұмыс істейтін болады.2011 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағында 4649 спорт нысандары тіркеліп, өткен Өткен жылдармен салыстырғанда спорт нысандарының саны 686 бірлікке өскенін байқатады. Оңтүстік Қазақстан облыстық спорт және туризм басқармасының мәліметіне сенсек,  облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 2010 жылы — 296 218 адамды, яғни 12 пайызды құраса, өткен жылы олардың қатары 82 866 адамға көбейіп, 14,5 пайызын құрап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық мерейтойына орай халық игілігіне 80 нысан берілуде. Осының аясында спорт саласы бойынша облыстық бюджет есебінен Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы стадионнан жабық бассейннің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Түр­кістан қаласында жергілікті бюджет есебінен «Балуан Шолақ» стадионында жабық спорт залдың құрылысы аяқталып, жеткіншектердің спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік туды. Спорт саласы бойынша облыстық бюджет есебінен Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы стадионнан жабық бассейннің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Түр­кістан қаласында жергілікті бюджет есебінен «Балуан Шолақ» стадионында жабық спорт залдың құрылысы аяқталып, жеткіншектердің спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік туды.Ал жетістіктерге келер болсақ, бұл өңірдің жүлде қоржыны қашан да қомақты. Облыс саңлақтары өткен жылы Республикалық  чемпионаттарда 362 алтын медальға қол жеткізген. Ал Азия чемпионаттарында 33 алтын, 18 күміс және 25 қола медальды жеңіп алған, сонымен қатар Әлемдік додаларда 12 алтын, 8 күміс және 9 қола медальдарды қанжығаға байлаған.

Тек спорттың өзі бір елді айдай әлемге таныта алатынын көпшілік білді бүгінде. Несін айтамыз, еліміздің спортта жеткен жетістіктеріне қазір әлем куә. Спорт­шыларымыздың әлемдік деңгейдегі бедел­ді жарыстарда қол жеткізген жеңіс­тері спорт­шыларды даярлаудағы қазіргі жү­йе­міз­дің ықпалды, тиімді екенін аң­ғар­­тады. Жоғары жетістіктер, сайыпқырандарымыздың әлемдік рекордтарды жаңғыртуы , халықаралық, ұлттық және бас­қа да ресми спорттық бәсе­ке­лер­де­гі же­тістіктер бұқаралық спорттың дамуына оң ықпа­лын тигізіп отыр.

Мақпал РЫСБАЕВА,

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Яндекс.Метрика