Ясcауи кесенесіне қауіп төніп тұр…

tories/1_w45dyfe57gifj457i578kig467.jpg» width=»350″ height=»232″ alt=»1_w45dyfe57gifj457i578kig467″ style=»float: right;» />

       Мәжіліс депутаты Уәлихан Бишімбаев Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясcауи кесенесінің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді. Үкіметке жолдаған үшбу хатта Уәлихан Қозыкеұлы еліміздің рухани астанасына айналған Түркістандағы кесенесінің қанағаттанарлықсыз жағдайын реттеу керек деп отыр. Оның айтуынша, «осынау бағалы ескерткіштің бүткіл тарихында болмаған сары дақтар қазір Қожа Ахмет Ясауи қабірінің тассүңгісінде және Қазандықта байқалып отыр». Мұны сарапшылар да айғақтап берген. Бұл тассүңгінің қирауына алып келуі мүмкін және кесененің өзіне үлкен қауіп төндіріп тұр.

       Халық қалаулысы келтірген бір мысал, бүгінде Ясcауи кесенесі әлемнің әр түрлі елдерінен туристер мен зиярат етушілерді тартып отырған еліміздегі басты құндылықтарының бірі болып табылады. Солай бола тұра, 1952 жылдан бастап, мұражайды сақтау бойынша объективті техногендік және табиғи себептерден туындаған әр түрлі проблемалар бірнеше рет орын алған. «Нысанды жаңғырту кезінде құрылыс материалдарының дұрыс таңдалмағандығынан бірқатар проблемалар туындағанын сарапшылар анықтады. Мәселен, Қазандық күмбезінің қаланған тастарында, күмбездің аралығында тұзды сылақ байқалды, ал 1993-2000 жылдарға дейін жүргізілген жаңғырту жұмыстарында ондай тұз болмаған. Қаланған тастардағы тұз күмбезді ангидридпен қаптау кезінде пайда болғанын сараптама көрсетіп отыр», – дейді Уәлихан Бишімбаев Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында.
       Қазір кесененің температуралық-ылғалды режимін тұрақты ұстап тұру да ескерткішті сақтау үшін маңызды мәселеге айналған. Жылумен жылытылмайтын ғимараттың ішінде температуралық-ылғалды режимді тұрақты ұстап тұру үшін және мүмкіндігінше ылғалды болдырмау мақсатында желдетудің дұрыс режимін қолдану қажеттігі туындаған. Ол үшін тек қана мұражайды желдету әдістемесін әзірлеумен шектелмей, кесенені материалдық және кадрлар ресурстарымен, барлық бөлмелердің қабырғаларының периметрі бойынша және төменінен жоғарыға дейін температуралық-ылғалды режимнің үнемі мониторингін жүргізіп тұру үшін арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету қажет.
       Осы орайда Уәлихан Бишімбаев Қазақстанда тарихи ескерткіштер жағдайының мониторингі үшін ғылыми-негіздемелік талдау жасайтын өкілеттігі бар әр түрлі салалар бойынша мамандардың жоқтығын да мысалға алады. Соның ішінде археологиялық құрылыстардың техникалық жағдайына тұрақты бақылау жасайтын, сәулет ескерткіштерінің температуралық-ылғалды режимін тұрақты ұстап тұруды зерттейтін кадрлардың қат екендігін қаперге салады.
       «Бұл мәселеге баса көңіл бөлуіңізді және көтерілген проблемаларды шешудің жолдарын табу үшін мәдениет, мамандар даярлау, экономика мен бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органдарға нақты тапсырма беруіңізді өтінеміз. Себебі бұл мемлекеттік маңызы зор мәселе. Қ.А.Яссауи кесенесінің арқасында Түркістан қаласы рухани орда болғандықтан, ескерткішті сақтап қалу мемлекетіміздің халықаралық беделіне де әсер ететіні анық», – деп түйіндеді сауалын депутат.
 Жанкелді ҚАРЖАН.
БАҚ.кз
  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика