2024-07-27

БӘСЕКЕЛЕСЕМ ДЕП БӘС ТІКСЕҢ…

tories/01baseke.jpg» border=»0″ />

Бәс тігудің де жөн-жобасы бар. Заманына қарай, егер оны ынталандыру құралына айналдырып алсаңыз ұтыла қоймайсыз. Бүгінгі заман бәсекеге қабілетті ерекше қажет етеді. Маман мен маманның арасында, оқу орындарының арасында, мемлекет пен мемлекеттің арасында, жалпы қоғамның барлық саласында бәсекеге болуға керек. Даму үшін. Білімдегі бәсекеде балаңыз оза шапсын, елді емес, әлемді танып ізін салсын, атаның емес, елдің даңқын шығарсын десеңіз, баланың үш тілді білуі маңызды. Сол себепті де бәсекеге ұмтылған оқу орындары шәкірттерін үш тілде оқытуға талап қыла бастады. Солардың бірі – Шымкенттің аграрлық колледжі.

Шымкент аграрлық колледжінің студенттері биылғы оқу жылынан бастап үш тілде оқытыла басталды. Компьютер ғаламдық ақпаратқа қол жеткізудің басты құралы болғандықтан білім ұясында информатика негіздері пәні ағылшын тілінде жүргізілуде. Келер оқу жылынан бастап шәкірттер бұған қоса биология және анатомия пәндерін де шет тілінде игеретін болады.

Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуды бастаған топтың шәкірттері қазірдің өзінде шет тілінде бір бірімен емін еркін сөйлеседі. Сабақты ағылшын тілінде оқудың артықшылығымен қатар жеңіл тұсы да бар екен. Өйткені бұл салдағы терминдердің жартысынан көбі ағылшын және латын тіліндегі сөздер дейді студенттер. Солардың бірі Әйгерім САДЫҚОВА, осы бір жылдың ішінде мен 1,5 мыңға жуық сөз үйрендім. Қазіргі кезде көбіне әлеуметтік желілерде ағылшын тіліндегі достар тауып, қарым-қатынастамын. Өйткені мен тіл байлығымды дамытуым керек деген пікірде.

Білім саласына енген жаңалықтың тәжірибе барысында түгенделетін тұсы әлі бар. Ол мұғалімдердің ағылшын тілін меңгеру мәселесі. Осы мәселені шешу үшін колледж мұғалімдері қазір арнайы курстан өтіп жатыр. Олар үш апта бойына қашықтықтан білімін жетілдіріп болған соң олар Алматы және Астана қалаларында сынақ тапсырады.

Информатика негіздері пәнінің мұғалімі Шолпан РАТАНОВА:

Оқу бағдарламасына жыл басында жаңа өзгерістер енгізілуде. Соның нәтижесінде жаңа оқу жоспары жасалады. Жаңа оқулықтарға тапсырыс берілді, — дейді.

Бәсекеге қабілетті болуға ұмтылған, 15 түрлі кәсіп иесін оқытып жатқан Шымкент аграрлық колледжі жанынан өткен жылы заманауи оқу өндірістік базасы жасақталған-ды.Оның құрамына ауыспалы егістік танабы, жүзім алқабы, жылыжай, машина-трактор стансасы мен ветеринарлық клиника еніп отыр. Бұл да білім мекемесінің бәсекеге қабілетінің бір қыры. Осындай жаңашылдықтардың арқасында жан-жақты білім алып, тәжірибеден өткен колледж түлектерінің былтыр 96 пайызы бірден жұмысқа орналасты. Ал, үш тілді меңгерген студенттерге ендігі кезекте шетелдік инвесторлар тартылған қазақстандық маңдайалды кәсіпорындарда еңбек етуге жол ашылады. Бәсекеге қабілетті болу әр маман үшін маңызды.

«Қызмет-ақпарат».

Яндекс.Метрика