2024-07-27

АУЫРҒАНҒА ЕМ ҚҰДІРЕТТІ СӨЗДЕН ДЕ ҚОНАДЫ

tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>Жаныңда жүр жақсы адам

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>АУЫРҒАНҒА ЕМ ҚҰДІРЕТТІ СӨЗДЕН ДЕ ҚОНАДЫ

tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; text-align: justify;»>Кешке жұмыстан үйге асығып келе жатқан бетім болатын. Бағдаршамның жасыл көзі жанып тұра қалдым. Қасымда тұрған әйел:

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>-Кешіріңіз, мен Тараз қаласынан келіп едім. Бұл қаланы жақсы білмеуші едім, жақын арада редакция бар ма, білмейсіз бе?-деп әңгімеге тартты. Өзімнің редакциямен байланысым барын айтып, не көмек керек екендігін сұрадым. Есімі Сәуле екен. Тараз қаласының тұрғыны. «Ауруханаға өте ауыр халде түстім. Өзімді емдеген дәрігерлерге алғысымды редакция арқылы жеткізбекші едім» деді. Шын ниетімен айтып тұр. Әркімнің ішінде бір сыр бар. Менің көз алдыма өмірден озған анам орала кетті. Анам ауырып жатқанда дәрігерлердің көрсеткен салғырттығы жүрегімде шемен боп қатып қалған екен. Әлгі сөзді естігенде ренішім үдеп, ойымды ақтарып салдым.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>-Олардың бір қателігі үшін жазғыра салу біздің қоғамның әдеті ғой. Қателікке де кейде кешіріммен қарағанымыз жөн шығар. Қателік жібермейтін адам жоқ. Сол дәрігер жіберген қателігінен сабақ алып, екінші біреудің өмірін сақтап қалған шығар…

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>-Өзіңізде қызметтесіз, ойланып көріңізші, қателік мүлдем жібермедіңіз бе?

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>Ойланып келе жатырмын. Жанымдағы келіншекте үнсіз. Шынымда айтайын, ол туралы ойламаппын дегенім сол, үнсіз келе жатқан Сәуле «Адамды жазғыра беру адамшылыққа жатпайды, тағдырдың ісіне өкпе артқанымыз жарамас,-деп сабақтап жіберді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>Сөйтті де өзінің жағдайын баяндады. Әңгімесі орнықты, тіпті жаныма жағып барады. Тыңдай түстім айтқандарын.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>-Мен қатты ауырдым. Бармаған жерім қалмады. Ауруымның не атын, не емін де таппай, көп сандалдым… Күннен күнге солып бара жатқанымды сеземін. Жаны қиналып қатты ауырған адам ғана түсіне алатын құбылыс бұл… Өзіңізге де белгілі ғой, аурухана аралап ақшамда таусылды… «Шаршап біттім ғой, бәрінде қойдым» деп өксіп жылайтын сәттерім көбейді. Бірақ мына жарық дүниені қимаймын. Басқалар не болады… Балапандарымды қалай тастап кетемін деп қамығамын. Кім не айтса соны жасап, өзіме деген сенімділікті жоғалтып алудан қорқатынмын. Сүйтіп жүргенімде таныстарымның сілтеуімен Шымқалаға жол тарттым. Мұнда мен екі жанға қарыздармын. Оның бірі Вячеслав Ревович Ли, екіншісі «САҚ» ауруханасының дәрігері Мыңбаев Серік мырза.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>Менің Шымқалаға келуім Вячеслав Ревович Ли мырзаны іздеумен басталды. Ли мырза мені басқа қаладан келген екен деп бөтенсінбеді. Бірінші айтқанымды тыңдап, құшақ жая қарсы алғаны көңілімді көтеріп тастады. Аурудан жазылуға деген ниетім күшейгендей болды сол сәтте. Білесіз бе, ол менің тілімде сөйледі. Менің ана тілімде таза сөйлегені, тілді құрметтегені, азаматтығы дерттен діңкәлаған жаныма қуат бергендей болды. Менің алдымда өз ісінің білгірі, адамдарды жақсы көретін өз елінің патриоты тұрды. Кейін көрдім алдына келген әр науқасты тыңдап, жылы сөзін аямай, ауруының емін табуға барын салады. Жылы сөздің өзі жанға дауа емес пе?! Мен осыны сезіндім.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>Менің диагнозымды тапқан кісі де сол Ли мырза болды. Қолынан келген емін жасап, ауруымды жеңуіме үлкен көмегін тигізді. Реңім кіріп, ауруымды жеңе бастағанда мені «САҚ» ауруханасындағы дәрігер Мыңбаев Серік мырзаға жіберді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>Серік дәрігерде өте сауатты әрі кішіпейіл жан екен. Сол жерде ұзақ емделдім. Бұл дәрігердің ерекшелігі күнделікті дәрілерімді уақытылы ішуімді қадағалап, қандай ас ішкен пайдалы, қандай емнің шипасы бар екендігін түсіндіріп жүріп емдеді. Күн сайын науқастарды аралап, жылы сөзін айтып, көңілімізді көтеретін әңгімелер айтады. Жылы қабақ, жылы сөз. Сен солардың ең бір құрметті адамы сияқтысың. Мен өзімді солай сезіндім. Түсінгенім адам жанына ең құдіретті ем сөзден де қонады екен ғой. Жылы сөз, жылы шырай ішіп жүрген дәрінің күшінен басымырақ. Осыны ұқтым. Неге осындай жылылықты жан-жағымнан бұрын іздемегенмін деп ойландым.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>Қазір көріп тұрсың бойымдағы кеселден толық айықтым. Қуанышым қойныма сыймай тұр. Енді балапандарыма асығып барамын. Өмір мені осындай азаматтарға жолықтырғанына ризамын. Вячеслав Ли мырза мен Серік мырзаға айтар алғысым шексіз! Соны қалай жеткізсем деп жүр едім…

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>Бес саусақтың бірдей бола бермейтіні бар емес пе?! Ешкімді жамандағым келмейді, тек дәрігерлер адам жанын емдеуді осындай жандардан үйренсе екен. Менің жеткізгім келгені осы еді,-деп Сәуленің жүзі нұрланып сала берді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>Үнсіз қалдым…Тыңдап тұрып дәрігерлерге деген ренішімді ұмытқандай болдым, көз алдымнан аяулы анамның бейнесі бір сәтке жүріп өтті… Иә, өмірден анамның орнын ешкімде алмастыра алмайтынын білемін. Алайда адамның ағаттығы үшін бүкіл қоғамды кінәлау менің тарапымнан болған қателік екендігін ұқтым. Дәрігер атаулыға көңілім суып, қатып қалған менің ішкі дүниемді жолдың бойында жолыққан келіншектің ақтарып тастарын кім біліпті?!

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>Көп ойландым… Сәуле ханымның айтқандарын біраз күн есімнен шығармай, ойша қайталаумен болдым. Дәрігерлерге деген көзқарасым түбегейлі өзгергенін байқадым. Қуандым. Сүйттім де өзім әріптестік байланыста жүретін «Қызмет» газетіне барып Сәуленің дәрігерлерге деген алғысын жеткізгім келді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>«САҚ» ауруханасының дәрігері Серік аға сізге алғыс айтқым келеді. Дәл сіздей жұмысына берілген, өз саласының маманы, адал да адамгершілігі мол, сауатты дәрігерлеріміз көбейе берсінші! Біздің мемлекеттік тілімізді құрметтейтін Вячеслав Ревович Ли мырза сізге де шексіз алғыс айтамыз! Сіздер Сәулені емдеу арқылы менің көзқарасымды түбегейлі өзгерттіңіздер. Бұл мен үшін маңызды. Сол себепті де Сәуленің атынан да, өзімнің атымнан да АЛҒЫС айтамын.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: normal;»>Гүлшахар Өтебайқызы

Яндекс.Метрика