2024-07-27

«СӨЗДІҢ ҚАДІРІ МЕН ҚАСИЕТТІ КӘСІПТІҢ ҚҰТЫН ҚАШЫРМАУЫМЫЗ КЕРЕК»

tom: 10pt; line-height: 115%; text-align: left;»>

tories/5.jpg» width=»336″ height=»336″ alt=»5″ style=»float: left;» />Төребек БАЙТАСОВ, журналист:

tom: 10pt; text-align: center; line-height: 115%;»>«СӨЗДІҢ ҚАДІРІ МЕН ҚАСИЕТТІ КӘСІПТІҢ ҚҰТЫН ҚАШЫРМАУЫМЫЗ КЕРЕК»

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Төребек, еңбегіңіз бағаланып авторлық «Сөз түзелді» бағдарламаңыз республикалық «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауында үздік телебағдарлама аталымын жеңіп алды. Құттықтаймыз! «Сөз түзелдіні» ел арасында танылып, пікір туғызып, тыңдарманы қалыптасқан хабар деп айта аламыз. Бағдарлама идеясы қалай туындаған еді? Жоба өз идеясын толықтай жүзеге асырып келе жатыр ма?

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>— Рахмет, әрине бұл жетістікті тек менің, телеарнаның ғана емес, өңірдің жеңісі, қуанышы дер едім. Бұған дейін Алматыда Қазақстан ұлттық арнасында «Таңшолпан» хабарында редактор, Хабар агенттігіндегі «Тіл тірегі» хабарында жүргізуші, кейін Астанада «24 KZ» арнасында жүргізуші-редактор болып қызмет атқардым. Кейін туған елге оралып, облыстық «Қазақстан Шымкент» телеарнасына келіп, «Таң нұры», «Заңгерлік анықтама», «Ғұмырдария» хабарларының редакторы әрі жүргізушісі болдым. Бұлардың барлығы телеарналардың төл өнімі. Жалпы телевизиялық журналистикада журналисті шын кәсіби шыңдайтын, атын, стилін қалыптастыратын авторлық хабарлар дер едім. Бұл хабардың пішіні мен мазмұны ойда пісіп, жетіліп жүрген болатын. Яғни, ұлттық, елдік мәселелерді тереңнен қозғайтын, салмақты пікірлер айтылатын, ақиқатты ақтарып салатын хабар ашу ойымда жүретін. Идея «Қазақстан Шымкент» телеарнасында басшылық тарапынан мақұлданып жүзеге асырылды, эфирге, қалың көрерменге жол тартты.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Ал екінші сұраққа келсек, «Сөз түзелді» хабарының негізгі мақсаты – жалаң сөзден, құрғақ баяндаудан, жылтыр пікірден гөрі, ұлттың көкейіндегісін бүкпесіз айту, бүгінгі дертімізді ашық көрсету, шындықтың шылбырынан, туралықтың тізгінен айнымай ашық пікір жеткізу және сол дерт, кемшіліктерді түзеу жолдарын көпшілікке айту, жеткізу. Бұған дейін хабар «Абайдың қазағы мен бүгінгі қазақ», «Поэзиядағы азаматтық позиция», «Қыздың ұяты – ұлттың ары», «Қартаю оңай, қария болу қиын», «Айтысымыз қайтыс болсын демесек», «Қазақтың бай-бағланы қандай болуы керек?», «Ағайынгершіліктен алыстамадық па?, «Тастанды бала, көкек ана неге көбейді?», «Бұл қоғамға керек-ақ бір Бауыржан» деген тақырыптарды көтерді. Көрерменге азық болар жақсы пікірлер айтылды. Әкем «Қазақ – қазақтығын сақтағанда ғана азаттығын сақтайды» деуші еді, қазіргі жаһанданған, қазақы таным мен түйсіктен алыстаған тұста ұлттық құндылықтарды, ұлттық дүниетанымызды көбірек айтып, молырақ насихаттап, көпшілікке сіңіре берсек, қиямет қайымға дейін мәңгілік ел боламыз деп ойлаймын. Аллаға шүкір, эфирге шыққанына әлі де жыл тола қоймаған телехабар көпшілік тарапынан жақсы сөзге ілініп, республика көлемінде айтылып жатыр, демек жоба өз идеясын асырып келе жатыр деуге болады.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Хабардың аталымы Абайдың сөзінен алыныпты. Өзіңіз Абайды терең зерттедіңіз бе, әлде тереңдемей бетіндегі қаймақты ғана қалқып алып, жария салуға әдеттеніп бара жатқан соның ішінде Абайдың айтқандарын іліп алатын құбылысқа ілестіңіз бе?

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>— Алаш ардақтысы Міржақып: «Келер қазақтың ішетін балы да, уы да Абай» депті. Өйткені Құнанбай қажының баласы қазақ халқының күллі дертін де, қасиетін де айтып, шипасын көрсетіп кеткен ғой. Ибрагим: «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деді. Міне хабардың аты – хакімнің осы өзі. Сөз әлдеқашан түзеліп қойған, сондықтан бүгінгі көзі қарақты оқығанның да, ақын-жазушының да, журналистің де мақсаты – тыңдаушыны, көпшілікті түзелген сөзге үндеу. Өңірде Абайды терең зерттеген деп мен Мекемтас Мырзахметұлын айтар едім, ол кісілердің өзі «біз әлі Абайды тану жолындамыз» дейді, демек біз зерттеуші де, танушы да емес, танысушымыз ғой.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Абай айтпақшы, Сөз түзелді. Өзіңіз айтып отырғандай сіздің, шығармашылық ұжымның ендігі мақсаты тыңдаушыны тәрбиелеу. Тыңдаушы яғни халықтың сөз тыңдай, сөз түсіне білу мәдениетін қалыптастыру. Хабардың бір санында: «Қазір ақын аз, өлеңші көп!» «Көп ақынның азаматтығы жоқ! –деген ой қозғалды. Тарқата кетсек…

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>— Сіздің айтып отырғаныңыз «Сөз түзелді» хабарының «Поэзиядағы азаматтық позиция» тақырыбына арналған саны ғой. «Ақын болмасаң да азамат болу міндетің» дейді, мейлі бұл қоғамда етікші болайық, шенеунік, не сот болайық, полиция болайық, ақын не жазушы болайық, түптің түбінде санада азаматтық, ұлтқа деген адалдық, жанашырлық тұру керек секілді. Абай «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» деді. Міне дәл осы сөз бүгінде ұранға айналу керек деп ойлаймын. Өйткені, қазір қоғамда жүріп жатқан түрлі экспансиялар, жаһандық процестер үлкен қауіп, ұлтымызға төнген қауіп. Осындай қауіптер көбейген тұста 11 млн қазақ жұмылған жұдырықтай болғанда ғана жұтылмайды, өседі, өркендейді дер едім. Ал бұған барлығымыз жауаптымыз.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>— «Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі» дейді ғой халқымыз. Төребек, журналист болуды армандауыңыз әкеге деген сағыныштан туындаған жоқ па? Әлде әке ісін жалғастырсам деген жауапкершіліктен туындады ма?

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>— Ата жолымен жүру, әке жолын қуу – бабалар аманаты. Сондықтан халқымыз: «Әке көрген оқ жанар» десе керек. Журналист болуым, жалпы әдебиетке жақын болуыма әкем тікелей әсер етті. Бала кезден далаға ойынға шығармай жатып, «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Бес ғасыр жырлайды» сынды кітаптарды беріп: «әуелі осыларды жаттайсыңдар, одан кейін ойнауға жіберемін» дейтін. Ойын баласымыз ғой, ол кезде өзімізді қинап жаттайтын едік. Міне солар қазірге дейін азық болып жатыр. Бұл әкеден көргенім. Осылардың әсері әдебиетке, көркем шығармаға, өлеңге әуес болып өстім. Әкем қаншама қыруар істер тындырғанмен жастай кетті, әлі де атқарар істері көп еді. Міне сол әке жолын жаңғыртып, ата жолын қуамын деп тәуекелге бел байладым. Былтыр 2015 жылы әкем Төрекелді Байтасовтың 60 жылдығына орай республикалық деңгейде Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Тау тұлғалы Төрекелді» атты еске алу кешін ұйымдастырдым. Ас берілді, жаңа 2-жинағы кітап болып шықты, ән туды. Жақсылығын көрген ел азаматтары да қолдау көрсетті. «Нұрлы әлем» баспасының директоры, журналист Жарылқасын Дәулет, «Ернияз» баспа үйінің директоры Ербол Дайраш сынды ел азаматтары атсалысты. Сол кешке келген курстас, замандастары: жазушы Қуандық Түменбай, ақын Мылтықбай Ерімбет, профессор Серікқали Байменшин, ақын Ұлықбек Есдаулет сынды ағаларым «досымыздың жолын қуып, іздеушісі болғаныңа ризамыз, жолың ақ болсын» деп баталарын берді. Міне мұның барлығы шабыт, жігер береді. Әкем өзінің нақыл сөздерінде «Өзінен ұлы асып туған әке бақытты» депті, бақытты болуына тер төгіп келеміз. Асқар тауым әкем небәрі 36 жасында Орта Азия бойынша тұңғыш тәуелсіз журнал ашқан азамат ретінде тарихта қалды ғой «Жібек жолы» журналымен, демек артылар жүк те ауыр.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Шығармашылығыңыз журналистикамен шектелген деуге аузымыз бармайды. Ақындардың жырларын оқығаныңызды тыңдағанда өзі де өлең жазады-ау деген пікірде болдық.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>— Иә, әкем өлең жазған екен. Ең алғашқы жинағы «Жаяулық пен жалғыздық» деген атаумен шыққан. Сол қасиет маған да дарыпты. Мектеп табалдырығынан өлең жазатынмын. Біршама қойын дәптерлерге жинақталған өлеңдерім бар, уақыты келгенде оларды да кітап етіп шығарармын.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Абайдың: «Бірің қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!», – дегенін әңгімеде еске түсірдіңіз, жақсы сөз. Айтылып жүр. Көшелерде көрнекі жерлерге ілінгенін де көзіміз шалды. Оқу барда оны жүзеге асыру бар. Бір-бірімізді дос көретін кезге жеттік, қалай дос боламыз, осы туралы ойланып көрдіңіз бе?

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Иә, әрине! Ел аузына іліккен хабардың мақсаты да осы. Санаға сәуле түсіру, сілкініс енгізу. Сөздің құдіреті күшті. Бұл дәлелденген. Көрермен пікір айтып жатыр. Пікір ойдан туады. Осы тұрғыдан келгенде мен шамам келгенше, тәжірибем жеткенше бір-бірімізге дос болуға өзіндік үлесімді қосып жатырмын деп ойлаймын. Әр қазақ осылай жасаса, ойлауда, санада өзгереді. Солай етуіміз керек. Жоғарыда да айтып өттім. Қазір ұлт болып сақталу жолында, тәуелсіздікті тұғырлы ету мақсатында күрес жүргізіліп жатқан заман ғой. Руға, жерге, жікке бөлінетін емес, бір көк тудың астында бір қазақ болып жұмылатын кез дер едім. Қызымыз Қырымға кетіп, ұлымыз шүршітпен шатылып, ұлан ғайыр байтақ жеріміздің тұтастығы бұзылып кетпесін десек, Абайдың аманатын орындап, мықты болуымыз керек қой.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Журналистиканы өз жағдайын жасау үшін пайдалану немесе кек алу үшін қолдану көріністері бар. Журналистердің кейбір жазғанынан жан-дүниесінің кекке суарып алғандай өшпенділігін көргенде сөз киесінен қорқатын кездеріміз кездеседі. Бұған қалай қарайсыз?

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Дәл осы тақырыпқа «Сөз түзелді» хабарының бір санын арнаған болатынмын. «Журналистика – еріккеннің ермегі емес» деген атаумен: көрінген көк аттының осы салаға келуі, көркем әдебиетпен таныспаған, мұрнына иісі бармайтындардың жиілеуі, журналистік этика мен арды сезінбейтіндердің молаюы, қолшоқпар журналистердің көбеюі т.б. мәселелер көтерілген болатын. Әдебиет сынды журналистика да ардың, жүректің ісі екендігін сезініп, сөздің қадірін, қасиетті кәсіптің құтын қашырмаған дұрыс шығар деймін.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Алдағы жоспарыңызбен бөліссеңіз?

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Журналистика – әмбебаптылықты қажет етеді ғой. Алдағы уақытта тағы бір өзгеше жанрда авторлық хабар ашып, кейін баспасөзде де қатар еңбек етіп, «Жібек жолы» журналын өз оқырманымен қайта қауыштырмақ ойым бар.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Мереке құтты болсын! Ұлт үшін аянбай қызмет ете беріңіз, өткір ойларыңыз елдің рухын көтеретіндей айбарлы да айбынды болғай

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>-Рахмет! Сіздерді де, барша әріптестер қауымын айтулы мерекемен құттықтаймын!

Зылиха Жантасова

Яндекс.Метрика