2024-07-27

«КҮНІНЕ БІР СӘТ БАЛАҢЫЗДЫ БАУЫРЫҢЫЗҒА БАСЫҢЫЗШЫ…»

tom: 22.5pt; text-align: justify;»>Әңгіме-дүкен

tom: 22.5pt; text-align: justify;»> Қазан айының алғашқы жексенбісі-мұғалімдердің төл мерекесі. Бәріміздің де ұстазымыз бар, бәрімізде ұстаз алдынан өттік. 

tom: 22.5pt; text-align: justify;»>Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,  ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. 

tom: 22.5pt; text-align: justify;»>Біздің емес ұлы ойшыл әл Фарабидің айтқан сөзі бұл. Біз бүгінгінің ұстазы осы талаптарға сай болса екен дейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

 Гүлнар ОМАРОВА, 

Ш.Уәлиханов атындағы

 №18 жалпы орта мектептің директоры:

 «Күніне бір сәт балаңызды бауырыңызға басыңызшы…»

 

 tories/DSCN0047.jpg» width=»448″ height=»252″ alt=»DSCN0047″ style=»float: left;» />«Алты алаштың баласы бас қосса, ең қадірлі орын мұғалімдікі».Ақиық ақын, қазақ тіліндегі алғашқы педагогикалық еңбектің авторы Мағжан Жұмабаев ұзтаздардың қоғамдағы орнына осындай баға берген.Сіз бен біз өмір сүріп отырған бүгінгі қоғам Мағжан атамыз айтқандай мұғалімдерге лайықты құрмет көрсетіп жүр ме? Мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында біз осы сауалға жауап іздеп көрмек болдық. Аты шыққан мектептерді жағаламадық. Көптің бірі деп Шымкент қаласындағы №18 жалпы орта мектепке бас сұқтық. Жаңа оқу жылында мемлекеттік аттестациядан  сәтті өткен мектеп ұжымында күнделікті қарбалас тірлік қайнап-ақ жатыр екен. Мектеп директоры Гүлнар Сембайқызы бізді жылы шыраймен қарсы алды.

       Гүлнар Сембайқызы  бір кездері ең абыройлы істің бірі ұстаздық ету болатын. Жастардың басым бөлігі ұстаз болуға талпынатын кезеңдерді тарихтың еншісінде қалып бара жатқандай көрінеді. Жасыратыны жоқ, бәрі деп көпке топырақ шашпай-ақ қояйық  мұғалімдікті ҰБТ-дан жинаған балы грант иегері атануға жеткендер амалсыз таңдайтындай жағдайға жеттік. Өзіңіз ұстаздардың, балалардың арасында жүрсіз. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектердің арасында ұстаз боламын деп армандайтындар қатары қаншалықты көп немесе аз? Басшысыз, бүгінгінің ұстазына қандай талаптар қойылады.

       Жалпы ұстаз боламын деген адам еңбегімен санаспайтын, кең пейілді бар күш-қайратын, ақылын, мейірімін оқушыға бере алатын тұлға болу керек.Мұғалімдік уақытты да, жағдайды да талғап жатпайды. Және оның жұмысын 8 сағатқа сыйдыру мүмкін емес. Нарық киліккелі еңбекті тек қана ақшамен өлшейтін көзқарас пайда бола бастады. Көпшілігіміз ақысы төленбесе еңбекті жәйдан-жай жасай бергіміз келмейтін болдық. «Өскенде мұғалім боламын» —  деген сенімді сөздерді бүгінде тек бастауыш сынып оқушыларының аузынан ғана еститін болдық, бұл ащы да болса шындық. Жоғары сыныптың оқушылары жалақысы жоғары, қоғамда бір жоғары мәртебесі бар деп есептелетін мамандықтарды таңдайды. Оны елімізде экономист, юристердің көптігінен де аңғаруға болады. Мұнан өзге бітірушы балалар ата-анасының кеңесімен мемлекеттік грант көп бөлінетін мамандықтарды таңдап жатады. Ес біліп, біршама қоғамның оңды-солын таныған оқушылар еңбегіне жараса өз кәсібін ашып, ешкімге тәуелді болғысы келмейтін балалар да бар. Заманына қарай адамы.

tories/_DSC9419.jpg» width=»448″ height=»298″ alt=»_DSC9419″ style=»display: block; margin-left: auto; margin-right: auto;» />

       Дәрігер мен мұғалімдік қыз балаға лайық деген пікір болды бір кезде қоғамда. Осылай білім саласының сексен пайызын нәзік жандыларға тапсырып қойдық. Енді мектепке ер азамат керек деген мәселе шыға бастады. Баланың мұғалім болсам деп армандамауына не себеп?

       Бүгінгі оқушылар бұрынғыдай «сен мұғалім бол, немесе дәрігер болсаң жақсы» деген ұстаздың немесе ата-ананың ақылымен ғана шектеліп қоймайды. Ақпарат кеңестігі кең заман. Олар мамандықты өздері таңдайды. Әке мен шешесі, туыс-бауырларының атқарып жүрген қызметіне талдау жасап, өздері шешім шығаратындары көп.Мұғалімнің баласы күнделікті не көреді? Анасы мұғалім делік, ол таңертең жұмысқа кеткеннен үйге түс ауа бірақ келеді, кейде кешке дейін жұмыста жүретін кездері де болады. Отбасының ас-ауқаты, кір-қоңы бар сонымен айналысады,оны бітіре салады да дәптер тексеруге кіріседі немесе ертеңгі сабақтарының жоспарын жазады. Одан тыс мектепте өтетін іс-шаралар бар оған қатысу керек, немесе сынбын сол іс-шараға дайындауы керек, мұнан тыс тексерулер болады, оған да дайындық жасау керек. Енді бұған қоғамдық жұмыстарды қосыңыз. Сол үйдің үлкен ұлы банкте істейді делік. Банк қызметкері жұмыс режиміне сай күнделікті жұмысына барып келеді. Ол кеңсенің жұмысын үйіне тасымайды. Жұмыс уақытынан тыс уақыттарының бәрі өз еншісінде. Сөйте тұра, алатын жалақысы анасыныңкіне қарағанда айтарлықтай жоғары. Осыдан кейін ойлап көріңіз оқушы кім болғысы келеді?

Әрине, мұғалім мәртебесін көтеру үшін жасалынып жатқан жұмыстар да баршылық. Бірақ бұл әлі де аздық етеді. Менің ойымша ең бірінші кезекте мұғалімге өзіне міндеттелген жұмысты атқаруға жағдай жасауымыз керек. Біздің мұғалімдеріміздің қоғамдық жүктемесі өте көп.

       Қоғамдық жүктеме деп отырғаныңыз халық санағы, сайлауалды науқандар ғой. Бала өсіріп отырмыз мектеппен байланысымыз бар, қазіргі мұғалімді қағазбасты десе де болады. Ата-ана мен мектеп қол хат алмасып, қол қоюмен де біраз уақытын кетіреді. Оның тиімділігін зерттеп жатқан біреу жоқ. Не үшін керек сол хаттар дегенге келсек, қауіптің алдын алу шаралары болып шығады. Меніңше сол қағаздың не үшін керек екенін ата-ана да мұғалім де түсіне қоймайды. Бұл да ақысы төленбейтін жұмыстың бірі. Осындай жағдайда мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

Айтып отырғаныңызға алып-қосарым біз жоғарыдан келген бұйрық пен талапты орындаймыз. Мұғалімнің мәрбесін көтеру туралы баспасөз беттерінен оқып қалсақ, бізді де ойлайтындар бар екен-ау деп қуанып қаламыз.Әзірге қоғамдық пікір бар. Ашық хаттар жазылып жатыр.

Осы орайда айтайын дегенім биылғы дәстүрлі тамыз конференциясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов: «Менің де анам Сіздер сияқты ұстаз болған. Мен Сіздердің жұмыстарыңызды жақсы түсінемін» — деді. Осы сөздің өзінен үміттеніп қалдық. Алдағы уақытта  аймақта мұғалім мәртебесін көтеру жолында тың бастамалар болар деп күтіп жүрміз.  

tories/20141210_134639.jpg» width=»448″ height=»336″ alt=»20141210_134639″ />

       Тамыз конференциясы демекші, биылғы оқу жылының басында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мектептерде “Қазақ әдебиетi” мен “Қазақстан тарихы” пәндерiн қазақ тiлiнде оқыту керектiгiн айтқан болатын. Осы тапсырмаларға  Сіз басқарып отырған мектеп ұжымының ұстаздары қаншалықты дайын?

       Дайындық жүріп жатыр. Ұлы даламыздың тарихын орыс сыныптарына қазақ тілінде өтетін білікті тарихшы ұстаздарымыз бар. Олардың біліктілігі мен біліміне сенімдімін. Ал, жоғары сыныптарда информатика, физика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқытатын мамандар жоқтың қасы екенін айтпасқа амал жоқ. Бұл да алдағы уақытты үлкен мәселе болғалы тұр. Қазіргі ұстаздарға ағылшын, орыс немесе қазақ тілін осы бір-екі жыл да үйреніп ал деп талап қою қисынсыз. Тіл үйрену үшін де адамға уақыт, қабілет керек. Сондықтан да мектептерде үш тілде оқыту моделі енгізілу үшін көп тілді меңгерген жас мамандарға иек артуға тура келеді. Ондай мамандар мектепке жұмысқа келе қоя ма екен…Айлық аз, жұмыс көп. Осы жерде тағы да ұстаз мәртебесін көтеру мәселесі шығады.

       Қазір ата-аналарда баласы үшін мектеп таңдау құқы бар. Сіз басқарып отырған мектеп ата-аналарды қандай ерекшелігімен қызықтырады? 

       Біздің мектеп қаладағы аралас мектептердің бірі. Балаларға орыс және қазақ тілінде білім беріп келеміз.Аралас мектептердің де өзіндік артықшылықтары бар. Бүгінгі таңда мектепте жиырмадан астам ұлт өкілдерінің балалары оқиды. Сондықтанда оқушылар тұғырлы үш тілді ғана емес, әзербайжан, өзбек, тәжік ұлтарының да біршама күнделікті тұрмыстағы сөздерін біліп шығады.

       Аралас мектептің тағы бір қырынан келейік, кейде  төрт адам тұрып арамызда біріміз орысша сөйлесек бәріміз соның ырқында кетіп жатамыз. Ұжымдағы мемлекеттік тілдің өрісі, оқушылардың қазақ тілін меңгеруінің дәрежесі қандай?

       Өзім орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беремін. Түркі тілдес халықтардың балаларына ауызекі қазақ тілін меңгеру қиынға соқпайтыны белгілі, алайда ауызша сөйлеу бір бөлек те грамматикалық қатесіз жазу басқа мәселе. Балалардың анық сөйлеп, қатесіз жазуына күш саламыз. Бүгінде славян ұлты өкілдерінің  балалары қазақшаны жап -жақсы меңгеріп алды. Сөзімнің дәлелі ретінде ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысын мысалға келтіре кетейін. Алдыңғы оқу жылында түлектеріміздің қазақ тілі бойынша көрсеткіші 100% пайыз болды. Қазақ тілі пәні мұғаліміміз қазақ тілін жеделтетіп оқыту курсының әдістемелік құралын шығару үшін ізденістер жүргізуде.

       Бұрындары қалада оқыған балалардың барлығы орыс тілді болады дегенге әбден етіміз үйреніп кеткен болатын. Бүгінде қалада білім алған оқушылардың кейбірі орыс тіліне шорқақ. Ұстаз ретінде мұның себебі неде деп ойлайсыз?

       Бірінші себебі деп мемлекеттік тіл елімізде үстемдік құрғанын қуанышпен айтамын. Екінші бір себебі, кеңес үкіметі тұсында қаладан үй алу өте қиын болатын. Өзіміздің қазақтардың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрды. Тәуелсіздігімізді алған жылдардан бері еліміз тың серпінмен даму үстінде. Қалаға жақын ауылдар қала аумағына қосылып, ұлғайып жатыр. Ауылдан қалаға көшіп келіп жатқан тұрғындардың да үлес салмағы басым. Бүгінгі қала баласының орыс тіліне жетік болмауының тағы бір себебі осы болып тұр.

Мұны айтып отырған себебім көп тіл білу ешқашан артықтық етпейді. Бүгінде мектеп бағдарламасында қазақ сыныптарына аптасына екі рет орыс тілі, бір рет орыс әдебиеті өтіледі. Бұл оқушының тілді меңгеруіне аз деп айтар едім. Яғни пәннің сағат санын арттыру қажет. Өйткені, армиямыз толық қазақ тіліне көшті деп айта алмаймыз. Аударма жасау үшін де орыс тілін жетік білу керек емес пе?  

tories/20141018_170642.jpg» width=»448″ height=»336″ alt=»20141018_170642″ />

       Сұхбат барысында мұғалімдерге қажетті біршама ұсыныс-тілектеріңізді айтып отырсыз. Бәріміз білеміз бүгінде кез-келген мекемеде ұсыныстар мен шағымдар, сенім жәшігі жұмыс істейді. Оқушылар тарапынан Сізге қандай ұсыныстар түсіп жатады?

       Ұсыныстар мен шағым жәшігін әдейі бейнебақылауға түспейтін жерге орналастырғанбыз. Оқушылардан қызықты өтініштер түсіп жатады. Олар өтінішін ресми түрде Гүлнар Сембайқызы деп бастайды. Мысалыға айтайын бір оқушым «Бізді мына мұғалім қатты ұрысады, ол мұғалімге айтыңызшы бізді қатты ұрыспасын» деп жазыпты. Оқып алып күлкім келді, бала қайда жүрсе де бала.Оның әрекеті шынайы және бәрінің жақсы болатынына сенеді.

 Би кеші қашан болады, деген сауалдар көп түседі. Бізде оқушылардың өтінішін ескеріп, мерекелік іс-шаралардың соңында 1-2 сағаттық би кештерін өткізуге тырысамыз.

       — Оқушылармен психологтың жұмыс істеуіне қаншалықты мән бересіз?

       Мен жұмыс барысында психологпен әрі ата-анамен жұмыс жасағанды жақсы көремін. Сабақ өту барасында бір оқушының көңілсіз отырғанын немесе жабық оқушыларды байқасам психологтан «мына сыныпқа барып психологиялық тест алшы» деп өтінемін. Бүгінгі қоғам да, ата-аналар да білім беруді де, тәрбиені де мұғалімдерге артып қойған. Ол дұрыс емес.  Бір бала бұзықтық жасап қойса  кімнің баласы деп сұрамайды, сабақ уақытынан тыс болса да қайсы мектептің баласы деп сұрайтын болдық. Бала алты сағат мектепте болса, қалған он сегіз сағатта ата-анасының жанында болады.

Ата-аналарға балаңыздың неше досы бар деген сауал қойғанымда кәдімгідей ойланып қалатындары да болады. Баладан бірден бүгін неше алдың деп емес, бүгінгі күн қалай өтті деп сұрау қажет. Сонда ол өзінің қызықты оқиғалары мен мәселелерін айтады. Балаға бәрінен де ата-ананың мейірімі керек. Балаңызды бір сәт қана еркелетіп бауырыңызға басыңызшы оның ішкі мейірімі оянып, ата-анасының өмірінде маңызды жан екенін түсінеді.

       Балалардың жағымсыз қылықтары туралы ақпараттар тез таралып жатады, осыған не дейсіз?

       Мен әсіресе, оқушылар арасында болып жатқан аутодеструктивті жағдайларды  үстемелеп жариялай берумен келіспеймін. Ондай ақпараттар мен хабарларды балаларда көреді. Кейбір балалар да ата-анамды осылай қорқытсам да болады екен ғой түсінік пайда болуы мүмкін. Сондықтан да жақсы жағымызды көп көрсетуге тырысуымыз қажет. Біздің талантты, жігерлі балаларымыз өте көп.

       Алда төл мерекелеріңіз келе жатыр. Құтты болсын дейміз, болашақты тәрбиелеудегі жауапты жұмысыңызға тек қана сәттіліктер тілейміз?

       Мен де күрделі әрі қызықты мамандықтың иесі атанған ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ұстаз деген ұлы есімнің қадір-қасиеті артып, шәкірттеріміз тек қана биіктерден көріне берсін.

 

Сұхбаттасқан,

Әлия Ахметова

Яндекс.Метрика